О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2004 год по Мангистауской области Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластағаны үшін 2004 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы /Салық Кодексі/"
Кодексінің
462-бабына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
29-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2004 жылы төленетін төлемнің көлемі облыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті орган - Маңғыстау облыстық қоршаған ортан қорғау басқармасы жасаған есептеулердің негізінде бекітілсін /қоса беріліп отыр/.
Тармақ 2
2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 2/26
"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған
ортаның ластанғаны үшін 2003
жылы төленетін төлемнің мөлшері
туралы" шешіміне қосымша
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны 2004 жылы үшін төленетін төлемнің мөлшері туралы
№
Көрсеткіштер
Өлшем бірліктері
Нормативтік төлемдер
1.
Тұрақты орны бар көздерден атмосфераға ластағыш заттардың шығарылуы
шартты т.
1231,0
2.
Зиянды қалдықтардың су объектілеріне тасталуы
шартты т.
18164,0
3.
Тазартылмаған лас қалдықтардың далада булануы
шартты т.
7792,54
4.
Этил қосылмаған бензин
Физ.т.
423,0
5.
Этилді бензин
Физ.т.
508,0
6.
Дизель отыны
Физ.т.
340,0
7.
Сығымдалған газ
Физ.т.
284,0
8.
1 класты аса қауіпті өндіріс қалдықтары
Физ.т.
10112,0
9.
2 класты жоғары қауіпті өндіріс қалдықтары
Физ.т.
5056,0
10.
3 класс қаупі бар өндіріс қалдықтары
Физ.т.
1264,0
11.
4 класты қаупі аз өндіріс қалдықтары
Физ.т.
632,0
12.
Улы емес өндіріс қалдықтары
Физ.т.
316,0
Ескерту: 1. "Қошқар - Ата" қалдықтар қоймасы су айдынының деңгейін тұрақтандыру үшін пайдаланылатын сарқынды судың көлемі үшін - нөлдік төлем мөлшері қолданылады.