Об организации переселения и обустройства семей оралманов в 2004 году Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылы оралмандар
отбасыларының қоныс аударуы
мен жайластырылуын
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" , "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығын басшылыққа ала отырып және тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуы мен жайластырылуын ұйымдастыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Орал қаласы бойынша оралмандар отбасыларын орналастыру сызбасы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Оралмандардың отбасыларын қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi Батыс Қазақстан облыстық көшi-қон және демография басқармасымен бiрлесiп, өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдануынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдастырған түрде қоныстандыруды оралмандардың 2004 жылға көшiп келу квотасы және осы мақсатқа республикалық бюджетте қаралған қаржы шегiнде қабылдауды, сондай-ақ олардың есебiн алуды, орналастырылған жерлерде жайғастыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық көшi-қон және демография басқармасы облыстық кеден басқармасымен бiрлесе отырып, оралмандардың көшiп шығуы мен транзиттiк өтуi және мемлекет шекарасынан өту кезiнде оларға көмектер көрсету мәселелерiн Ресей Федерациясының көршiлес облыстарының тиiстi органдарымен бiрлесiп әзiрлесiн.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы оралмандардың облыс аумағымен өту кезiнде және орналасқан орындарында жеке және мүлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау, бiлiм, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары оралмандардың отбасы мүшелерiн дәрiгерлiк тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсін, оларды еңбекке орналастыруға, оқытуға және кәсіптік қайта даярлауға көмектер көрсетсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.
Басқа 8. Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу
квотасы бойынша оралмандар отбасыларын орналастыру
СЫЗБАСЫ
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 8 желтоқсандағы
N 257 қаулысына N 1 қосымша
Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу
квотасы бойынша оралмандар отбасыларын орналастыру
СЫЗБАСЫ
Аудандардың және Орал қаласының атауы
Отбасылар саны
Ақжайық
50
Бөрлі
100
Жаңақала
10
Жәнібек
10
Зеленов
170
Казталовка
10
Тасқала
100
Теректі
150
Орал қаласы
100
Облыс бойынша
700
Басқа 9. Оралмандарды қабылдауды және орналастыруды
ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 8 желтоқсандағы
N 257 қаулысына N 2 қосымша
Оралмандарды қабылдауды және орналастыруды
ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Есенғалиев Абат Қадимұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Қарменов Ғабрашит - Батыс Қазақстан облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Бисембаева Светлана Ерғалиқызы - облыстық білім басқармасының бастығы
Жәкиев Қайреден Есенғалиұлы - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
Есқалиев Ғали Нажімденұлы - кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасының бастығы
Мырзахметов Бекет Тельманұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Мордасов Николай Павлович - Батыс Қазақстан облысы бойынша жер қорларын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы (келісім бойынша)
Сандыбаев Құсайын Асқарбайұлы - Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-нің көші-қон полициясы басқармасының бастығы
Сәтмағанбет Бақыт Сегізбайұлы - Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден бақылау департаментінің бастығы
Сүлеймен Серік Кенжебекұлы - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Хамитов Асқар Шәңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы