Об установлении ставок платы за загрязнение окружающей среды на 2004 год по Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2004 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 462 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2004 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастайды.
Басқа 3. Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін
төленетін төлемнің 2004 жылға арналған ставкалары
Облыстық мәслихаттың № 3/14-III
2003 жылғы 26 желтоқсандағы Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша қоршаған
ортаны ластағаны үшін төленетін
төлемнің 2004 жылға арналған
ставкаларын белгілеу туралы
шешіміне қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін
төленетін төлемнің 2004 жылға арналған ставкалары
Ластағыш заттарды шығарып /тігіп/, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырып, қоршаған ортаны белгіленген лимиттер шегінде ластағаны үшін төлемнің 2004 жылға ставкалары келесі мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) Тұрақты көздерден бір шартты тонна ластайтын заттарды ауаға шығарғаны үшін 365 теңге.
Тармақша 2
2) Жылжымалы көздерден бір шартты тонна ластайтын заттарды ауаға шығарғаны үшін 310 теңге.
Тармақша 3
3) Табиғи объектілерге бір шартты тонна ластайтын заттарды ағынды сумен төккені үшін 7160 теңге.
Тармақша 4
4) Арнайы бөлінген аумақтарда, полигондарда, жинағыштарда және рұқсат етілген қоқыс тастайтын жерлерде қалдықтарды улылық класына қарай орналастырғаны үшін / бір тоннасына/;
Тармақша 5
5) таукен өңдеу өнеркәсібіндегі ірітонналық молайған қалдықтардың 1 тоннасы үшін - 5,95 теңге:
Қалдықтардың улылық класы
төлем ставкасы
тонна/теңге
I
3840
II
1920
III
480
IV
240
V
120