Об установлении ставок платы за загрязнение окружающей среды на 2004 год по Южно-Казахстанской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2004 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 462 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2004 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастайды.
Басқа 3. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемнің 2004 жылға арналған ставкалары
Облыстық мәслихаттың № 3/14-III 2003 жылғы 26 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемнің 2004 жылға арналған ставкаларын белгілеу туралы шешіміне қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемнің 2004 жылға арналған ставкалары Ластағыш заттарды шығарып /тігіп/, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырып, қоршаған ортаны белгіленген лимиттер шегінде ластағаны үшін төлемнің 2004 жылға ставкалары келесі мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) Тұрақты көздерден бір шартты тонна ластайтын заттарды ауаға шығарғаны үшін 365 теңге.
Тармақша 2
2) Жылжымалы көздерден бір шартты тонна ластайтын заттарды ауаға шығарғаны үшін 310 теңге.
Тармақша 3
3) Табиғи объектілерге бір шартты тонна ластайтын заттарды ағынды сумен төккені үшін 7160 теңге.
Тармақша 4
4) Арнайы бөлінген аумақтарда, полигондарда, жинағыштарда және рұқсат етілген қоқыс тастайтын жерлерде қалдықтарды улылық класына қарай орналастырғаны үшін / бір тоннасына/;
Тармақша 5
5) таукен өңдеу өнеркәсібіндегі ірітонналық молайған қалдықтардың 1 тоннасы үшін - 5,95 теңге: Қалдықтардың улылық класы төлем ставкасы тонна/теңге I 3840 II 1920 III 480 IV 240 V 120