О направлении безработных на общественные работы в 2004 году Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын Оңтүстік Қазақстан облысында кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. 2004 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық халықты жұмыспен қамту басқармасына (Ж.М. Мәуленқұлов) бекітілген тізбеге сәйкес 2004 жылға арналған облыс бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек- ақысы айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қаржы және коммуналдық меншік департаменті (М. Қ. Сағындықов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Н. Бурлаченкоға жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының 09.01.2004 ж. № 10 "2004 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" қаулысымен бекітілген 2004 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі № р/с Ұйымдардың тізбесі Жұмыстардың түрлері Жұмыспен қамтылған-дарың саны. Адам 1 4 2 3 1 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу 420 2 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік жол жөндеу кәсіпорындары Жолдар құрылысы және оларды жөндеу 424 3 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік орман шаруашылықтары Көгалдандыру, ағаштар отырғызу 1470 4 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, ішкі істер бөлімдері. қалалық, аудандық әскери комиссариаттар Берілген өтінімдеріне сәйкес әскери комиссариаттарға, ішкі істер бөлімдерінің жұмысына қатысу 386 5 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мектептер мәдениет бөлімдер, "Әзірет Сұлтан" МТМҚМ, Түркістан қ. Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу 768 6 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету 814 7 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету бөлімдері Аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру 2584 8 Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу 1135 9 қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, ауруханалар, облыстық СПИД-ті алдын алу және онымен күресу орталығы Денсаулық сақтау саласында жұмыстарды ұйымдастыру 119 10 Оңтүстік Қазақстан облысы "Қазақстан жастарының конгресі". "Бизнес-инкубатор "Содби" Қоғамдық ұйымдар мен қорларға қолдау көрсету 80 Барлығы 8200 Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1,6 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2004 жылға арналған облыстық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін. Жұмыссыздардың еңбекақысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.