Об утверждении Правил оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан, на 2004 год Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жол ақысын төлеу Ережелерін бекіту туралы
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшіне ие «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерді және оларға теңестірілген азаматтарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер беру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі «Республикалық клиникаларда көрсетілетін жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмек тізбесін бекіту туралы» № 633 бұйрығын орындау мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың жол ақысын төлеу Ережелері (бұдан былай -Ережелер) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Ережелерге сәйкес «Жергілікті өкіл органдарының шешімі бойынша кейбір азаматтарға әлеуметтік төлеу жүргізу» 258 015 000 бағдарламасын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі «Республикалық клиникаларда көрсетілетін жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмек тізбесін бекіту туралы» № 633 буйрығына сәйкес ауруларға медициналық көрсетулері бойынша емделу үшін жолдама беруді жургізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржының шегінде бағдарламаны қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбековқа жүктелсін.
Басқа 6
БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылдың З0 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жолақысын төлеу Ережелерін бекіту туралы № А-1/371 қаулысымен
Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жол ақысын төлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшіне ие «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерді және оларға теңестірілген азаматтарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер беру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі «Республикалық клиникаларда көрсетілетін жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмек тізбесін бекіту туралы» №633 бұйрығын орындау үшін әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Медициналық көрсетулеріне байланысты Қазақстан Республикасы аумағында емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жол ақысын (барып қайтуын) төлеу, олардың қолында облыстық денсаулық сақтау басқармасының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі «Республикалық клиникаларда көрсетілетін жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмек тізбесін бекіту туралы» №633 бұйрығына сәйкес бекітілген үлгідегі жолдамасы болған уақытта жүргізіледі.
Тармақ 2
2. «Жергілікті өкіл органдарының шешімі бойынша кейбір азаматтарға әлеуметтік төлеуді жүргізу» 258 015 000 бағдарламасының әкімшісі - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Медициналық көрсетулеріне байланысты Қазақстан Республикасы Аумағында емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жол ақысын (барып қайтуын) төлеу жылына бір рет жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Медициналық көрсетулеріне байланысты Қазақстан Республикасы аумағында емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жол ақысын (барып қайтуын) төлеуді қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Емделуге жіберілген ауруларға және олардың жолсеріктеріне жол ақысын төлеу тәртібі
2. Емделуге жіберілген ауруларға және олардың жолсеріктеріне жол ақысын төлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы медициналық көрсетулеріне байланысты Қазақстан Республикасы аумағында емделуге жіберілген аурулардың жол ақысын төлеуді мына құжаттардың негізінде жүргізеді:
өтініш, СТН, ӘЖК көшірмелері және Ақмола облысының аудандары мен қалаларының банк бөлімшелеріндегі жеке есеп шоты көрсетілуі тиіс;
жеке куәлігінің көшірмесі;
облыстық денсаулық сақтау басқармасымен берілген жолдаманың көшірмесі;
жол жүргенін растайтын билеттері.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қорытындысына сәйкес емдеуге баратын 18 жасқа дейінгі балалар, бірінші және екінші топтағы зағип мүгедектер жолсеріктермен жүруге қүқығы бар.
Тармақ 7
7. Барлық құжаттар жергілікті жерлердегі уәкілденген органдар - аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне тапсырылады. Тапсырылған құжаттардың негізінде уәкілденген органдар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жол ақысын төлеуге тапсырыс жасайды.
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайларда уәкілденген органдардың өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген қүжаттардың негізінде жол ақысы алдын-ала төленуі мүмкін. Емделуі аяқталған соң емделуге жіберілген азаматтың жол жүргенін растау үшін уәкілденген орган (аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері) барып қайтқан жолдың билеттерін тапсырады. Құжаттардың уақытында тапсырылуы үшін жауапкершілік уәкілденген органға жүктеледі.
Тармақ 9
9. Медициналық көрсетулеріне байланысты Қазақстан Республикасы аумағында емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жол ақысын төлеу әуе, темір жол және қалааралық авто көлікпен жүрілген жол үшін (барып қайту) төленеді, бірақ темір жол көлігі жедел пойызының купе вагонының билеті үшін төленетін бағадан артық емес.
Тармақ 10
10. Аурудың және оның жолсерігінің емделуге барғанын растайтын құжаттар емделу орнынан келген күннен бастап екі ай өткенге дейін тапсырылуы тиіс.
Тармақ 11
11. Аурудың және оның жолсерігінің жол жүргенін растайтын билеттер жоғалған жағдайда емделетін жерге жету және қайтып оралу жолының құнын растайтын анықтама тапсырылуы тиіс.
Тармақ 12
12. Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аурулардың және олардың жолсеріктерінің жол ақысының құнын төлеуді олардың Ақмола облысының қалалық және аудандық банк бөлімшелеріндегі жеке есеп шоттарына ақшалай қаржы аудару арқылы жүзеге асырады.