О нормативах платы за выбросы (сбросы) загрязняющих веществ, размещение (хранение, захоронение) отходов производства и потребления в окружающую среду на 2004 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2004 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-І (10, 29 баптары) Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-11 (462 бап) Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2004 жылға арналған төлемдер мөлшері белгіленсін (жалғанады).
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 20-4 «Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін 2002 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы» шешімінің (тіркеу N 1517 2002 ж. 20 мамыр) күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 3. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2004 жылға арналған төлемдер мөлшері.
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 4-5 шешіміне қосымша Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2004 жылға арналған төлемдер мөлшері. Төлемдер түрлері Төлемдер мөлшері (теңгемен) Стационарлық көздерден ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны) үшін төлем (1 шартты тонна үшін): а) атмосфераға ластағыш заттарды шығару б) ластағыш заттарды тастау: - су объектілеріне - жинағыштарға - сүзу жолдарына - жер рельефтеріне 350 5000 2500 3500 4500 Жылжымалы көздерден атмосфераға ластағыш заттарды тастағаны үшін төлем (жағылған отынның 1 тоннасы үшін): а) этилденбеген бензин үшін б) этилденген бензин үшін в) дизелді отын үшін г) сұйық газ үшін д) сығысталған табиғи газ үшін 300 350 390 230 150 Өндіріс пен тұтыныс қалдықтарын олардың улағыштық дәрежесіне қарай қоршаған ортаға орналастырғаны үшін төлем (1 тонна үшін): 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып 5 сынып 3200 1600 400 200 100