О направлении безработных на общественные работы в 2004 году Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылға ұйымдардың тізімдері, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (Нұрланов А.Ж.): қала бюджетінің 2004 жылдағы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды жіберуді жүзеге асырсын; қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екінші дәрежелі банктердегі жеке есеп шотына аудару арқылы жүргізсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айлық ең аз 1,5 жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қалалық қаржы басқармасы (Тәжібаев Қ.Қ.) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге уақытында қаражат бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А. Қ. Бижановқа жүктелсін.
Басқа 6
"2004 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы "9" қаңтардағы N 1/17 қаулысына 1 қосымша Алматы қаласының 2004 жылдағы ұйымдардың тізімдері, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері № Жұмыс түрлері Істейтін адам саны Жұмыс берушілер 1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына аумақты тазартуға көмек беру 3800 Тұрғын-жай иелерінің кооперативтері, тұрғын-жай иелерінің ассоциациясы, аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімдері және басқалары 2. Жол салу және оны жөндеу жұмыстары 156 Жол пайдалану учаскелері 3. Экологиялық сауықтыру және көгалдандыру мен көркейту 632 "Көркейту" (Благоустройство) Акционерлік қоғамы, "Көгалдандыру" (Зеленстрой) акционерлік қоғамы, "Тәртіп" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, "Әдет-гұрыптық қызметтер" комбинаты, комитет аумақтық өзін-өзі басқару комитеті, Табиғатты қорғау бағдарламасының мекемесі және басқалары 4. Қоғамдық науқандарын ұйымдастыруға көмек көрсету 912 Ерікті халық жасақшылары және басқалары 5. Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтім жасау, балалармен жұмыс жүргізу және басқа да әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргізу 600 "Мемлекеттік мекеме "СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы", Аулалық клубтар, Балалар шығармашылық үйлері, "Мөлдір" Әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі, мүгедектер қоғамы, "Кәусар" медициналық қоры" қоғамдық бірлестігі және тағы басқалары БАРЛЫҒЫ 6100 *Сұраныс пен ұсынысқа байланысты жұмыс түрлеріне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы және ұйымдар тізімі қоғамдық жұмыстарды өткізуге 2004 жылы қала бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту Заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлігінде өзгерістер болған жағдайда еңбекақының мөлшері өзгеруі мүмкін.