Об утверждении Положения "О порядке назначения и осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан на 2004 год" Күшін жойған
Басқа 0
"2004 жылға азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу туралы" Ережені бекіту
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының беретін өкілеттілігі шегінде, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуіріндегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 12 бабы, Қазақ ССР-ның 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 35 бабы, үшінші шақырылымдағы Риддер қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтарындағы "2004 жылғы қала бюджеті туралы" шешімі негізінде және 2003-2005 жылдарда Риддер қаласында кедейшілікті төмендету облыстық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын орындау мақсатында Риддер қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "2004 жылға азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу туралы" Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).
Басқа 2. "2004 жылға азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу туралы"
ЕРЕЖЕ
Риддер қалалық мәслихатының
IV-сессиясының
2004 жылғы 23 қаңтардағы
N 4/8-III шешіміне
N 1 қосымша
"2004 жылға азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу туралы"
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы "2004 жылға азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу туралы" (осыдан ары Ереже) Ереже бойынша "Кейбір азаматтарға жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер"»258-15-000 бюджеттік бағдарлама бойынша төлем ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдаудың құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы (6 бап), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуіріндегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңы, Қазақ ССР-ның 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңы (35 бап), Риддер қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтарындағы "2004 жылғы қала бюджеті туралы" шешімі табылады.
Тармақ 3
3. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы" Заңы реттейтін жағдайға қатысты емес.
Тарау 2. 2. Төлемдерді алу құқығы
2. Төлемдерді алу құқығы
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлем алуға тұрмыс жағдайы төмен азаматтар (отбасылар), күнкөріс деңгейі төмен, немесе белгілі себептермен жедел әлеуметтік жәрдем қажет азаматтар, сондай-ақ кейбір азаматтар мейрам шараларына, құқылы.
Тармақ 5
5. Ай сайынғы әлеуметтік төлем алушылар:
Тармақша 1
1) көзі көрмейтін, МӘСК (мемлекеттік әлеуметтік сараптау комиссиясы) қорытындысы бар, қала ішіндегі көліктермен тегін жүретін, ал оларды ертіп жүретін азаматтар қала көлігімен жүруге 1,4 ЕАК мөлшерінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын азаматтар;
Тармақша 2
2) басқа негізбен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын Риддер қаласының құрметті азаматтары.
Тармақ 6
6. Бір реттік әлеуметтік төлем жалғыз тұратын, тұрмыс жағдайы төмен, өте мұқтаж зейнеткерлерге, қолында кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына, мүгедектерге, Қазақстан Республикасының жұмыссыздарына, оралмандарға, Риддер қаласында тіркеліп тұрақты тұратын босқындарға төленеді.
Тарау 3. 3. Ай сайынғы және бір реттік әлеуметтік төлемдерді
төлеу тәртібі мен шарты
3. Ай сайынғы және бір реттік әлеуметтік төлемдерді
төлеу тәртібі мен шарты
Тармақ 7
7. Ай сайынғы әлеуметтік төлем жеке өтініш және әлеуметтік төлем алу құқығын растайтын құжаттар негізінде төленеді.
Тармақ 8
8. Бір реттік әлеуметтік төлем қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, жергілікті басқару комитеттерінің ұсыныстары, азаматтардың жеке өтініші бойынша төленеді. Бір реттік әлеуметтік төлем алуға үміткер қалалық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш береді. өтінішке қоса мынандай құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке басының куәлігі немесе паспорт;
Тармақша 2
2) РНН анықтамасы;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің жәрдемақы алуға мұқтаждығын растайтын құжаттар (отбасы мүшелері туралы анықтама, емделу туралы, операция, дәрігерлік тексерілу, тіс салғызу және олардың бағасы туралы, кіріс мөлшері туралы анықтамалар т.б.).
Тармақ 9
9. Әр өтінішті, өтініш берушінің нақты тұрмыс жағдайын, 2003 жылдың 28 қарашасында қала әкімі бекіткен N 869 бұйрығымен, 2003 жылғы 24 желтоқсанда қалалық мәслихаттың №N 3/18-III шешімімен бекітілген қалалық комиссия тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша отбасының әлеуметтік картасы жасалып комиссияға ұсынылады.
Тармақ 10
10. Комиссия әлеуметтік көмек беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 11
11. Ай сайынғы, немесе бір реттік әлеуметтік төлем жүргізуді мемлекеттік мекеме "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі" жергілікті бюджет қорынан ақшалай "Казпочта"»ААҚ бөлімшелері арқылы агенттік келісім бойынша іске асырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлем мөлшері
4. Әлеуметтік төлем мөлшері
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлем келесі мөлшерде тағайындалады:
Тармақша 1
1) көзі көрмейтін мүгедектерге - айына 300 теңге;
Тармақша 2
2) Риддер қаласының құрметті азаматтарына - айына 1,0 ЕАК;
Тармақша 3
3) бір реттік әлеуметтік төлем 1000 теңгеден 5000 теңгеге дейін, жылына бір рет.
Тарау 5. 5. 1989 2004 жж. совет әскерлерін
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының
15-жылдық мерейтойы қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
5. 1989 2004 жж. совет әскерлерін
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының
15-жылдық мерейтойы қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
Тармақ 13
13. Риддер қаласында тұратын, 1979 1989 жылдар аралығында АДР соғыс әрекетіне қатысқан интернационалист - жауынгерлер, әрқайсысына 1000 теңге (ір мың теңге) ақшалай әлеуметтік төлеммен марапатталсын.
Тарау 6. 6. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы
Жеңісті тойлау қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
6. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы
Жеңісті тойлау қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
Тармақ 14
14. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 59-жылдығын тойлау қарсаңында марапатталсын:
Тармақша 1
1) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері. Әлеуметтік төлем мөлшері - 1500 теңге (бір мың бес жүз теңге) әрқайсысына;
Тармақша 2
2) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында кем дегенде 6 ай еңбек еткен, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына 500 теңге (бес жүз теңге);
Тармақша 3
3) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің, осы негізде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын отбасылар. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына 500 теңге (бес жүз теңге);
Тармақша 4
4) қоршауда болған Ленинград тұрғындары, кәмелетке толмай фашистердің концлагерінде қамауда болғандар. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына 500 теңге (бес жүз теңге).
Тармақ 15
15. Материалдық марапаттауды төлеу, төлем уақытына зейнетақы алу негізінде қалалық зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізімдеу негізінде жүргізілсін.
Тарау 7. 7. Қарттар мен мүгедектер Күні қарсаңында
материалдық көмек көрсету туралы
7. Қарттар мен мүгедектер Күні қарсаңында
материалдық көмек көрсету туралы
Тармақ 16
16. 1 қарашада қарттар күнін, 10 қарашада мүгедектер Күнін атап өту қарсаңында әлеуметтік төлем ретінде материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) 2004 жылы 80 толып, одан асқан қарттарға. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына 500 теңге (бес жүз теңге);
Тармақша 2
2) ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1-2 топтағы мүгедектер. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына 500 теңге (бес жүз теңге);
Тармақша 3
3) мүгедек балалар (16 жасқа толмаған). Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына 1,0 ЕАК.
Тарау 8. 8. Төлем жүргізуді бақылау
8. Төлем жүргізуді бақылау
Тармақ 17
17. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем төлеуге бөлінген жергілікті бюджет қаржысының мақсатына жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.