Об утверждении Программы молодежной политики Акмолинской области на 2004 год Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылға арналған Ақмола облысы жастар саясатының Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № А-12/318 қаулысы мен облыс әкімдігінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-04-21/1685 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылға арналған Ақмола облысы жастар саясатының Бағдарламасы бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 26.12
№ 3С-3-5 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
2004 жылдарға арналған Ақмола облысы жастар саясатының БАҒДАРЛАМАСЫ
Тармақ 1
1. Бағдарлама төлқұжаты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 4
4. Мәселенің қазіргі жағдайына талдау
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың басты бағыттары мен тетігі
Тармақ 6
6. Қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтиже
Тармақ 8. 2004 жылға арналған Ақмола облысы жастар саясатының бағдарламасы
8. Ақмола облысы жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыруда 2004 жылға арналған іс-шаралар жоспары
2004 жылға арналған Ақмола облысы жастар саясатының бағдарламасы
Тарау 1. 1. Бағдарлама төлқұжаты
1. Бағдарлама төлқұжаты
Бағдарлама атауы
2004 жылға арналған Ақмола облысы жастар саясатының бағдарламасы
Бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі
2004 жыл
Әзірлеу негіздемесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 Қаулысына сәйкес жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған жоспар шараларын жүзеге асырудың 3.1 бабы.
Бағдарламаны
әзірлеуші
Ақмола облысының ішкі саясат департаменті
Бағдарламаның
мақсаты
Бағдарламаның негізгі мақсаты жастардың әлеуметтік даму процесінде ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайын қалыптастыру болып табылады
Бағдарламаның
міндеттері
Жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған шараларды даярлау.
Жастардың экономикалық ойлау қабілетін және кәсіпкерлік ынтасын қолдауды қалыптастыру.
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Облыс бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ұйымдастырушылық және қүкықтық механизмін жүзеге асыру.
Мемлекеттік қүрылымның жастар қауымдастығымен қарым-қатынасын дамыту және жетілдіру.
Жастар саясатын ғылыми қамтамасыз ету және жастардың білім деңгейінің жоғарылауына ықпал ету.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Жастар саясаты бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысына сәйкес жастар саясатының 2003-2005 жылдарға арналған жоспар шараларын жүзеге асырудың 3.1 бабы бойынша жасалды.
Қазіргі мемлекеттік жастар саясаты бұрын қол жеткізген жетістіктерді нығайтып, оны одан әрі дамыту механизмін жетілдіруге бағытталғаны дұрыс. Әсіресе, жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына назар аудару қажет.
Бағдарлама шеңберінде жүзеге асуға тиісті ең негізгі шаралар ішінен бөліп қарауға тиістілері: жас кәсіпкерлерді барынша қолдау механизмін қалыптастыру; жастарды және жас жанұяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; жастардың әлеуметтік қызметін реттеп отыру; ауыл жастарының дамуына жағдай жасау; жастарды еңбекпен қамтуын кадағалау. Сонымен бірге дарынды жастарды қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық пен Отан сүйгіштікті дамыту, аймақтық жастар саясатына және жастар бірлестіктерінің жұмысына жағдай жасау қарастырылады.
Бағдарлама жастарды әлеуметтік осал буын ретінде қарап, мемлекеттік қолдау жасап, олардың әлеуметтік қалыптасуына, өз беттерінше құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негізде дамуына бағытталған.
Бағдарлама Ақмола облысындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жалпы қызметінің бір бөлігі болып саналады.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты жастардыңәлеуметтік даму процесінде ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайын қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына жету үшін төмендегі міндеттер шешу қажет:
Тармақша 1
1) облыста жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған шараларды даярлау;
Тармақша 2
2) жастардың экономикалық ойлау қабілетін және кәсіпкерлік ынтасын қолдауды қалыптастыру;
Тармақша 3
3) жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Тармақша 4
4) облыс бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ұйымдастырушылық және құқықтық механизмін жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік құрылымның жастар қауымдастығымен қарым-қатынасын дамыту және жетілдіру;
Тармақша 6
6) жастар саясатын ғылыми қамтамасыз ету және жастардың білім деңгейінің жоғарылауына ықпал ету.
Тарау 4. 4. Мәселенің қазіргі жағдайына талдау
4. Мәселенің қазіргі жағдайына талдау
Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымында жалпы халық санының едәуір бөлігін құрайды.
Ақмола облысында жастар саны 200 мың шамасында, яғни жалпы халық санының 24 пайызы (1-кесте).
Жастардың
Жалпы
Саны
Оның ішінде жас өзгешелігі бойынша жасы
15-19
20-24
25-29
Облыс бойынша
197897
73578
64024
60295
Көкшетау қаласы
32895
12197
10770
9928
Степногор қаласы
14822
5459
4671
4692
Ақкөл
8296
3243
2660
2393
Аршалы
6958
2600
2213
2145
Астрахан
7472
2810
2341
2321
Атбасар
14207
5347
4519
4341
Бұланды
9563
3450
3164
2949
Егіндікөл
2538
886
842
810
Еңбекшілдер
6046
2183
1984
1879
Ерейментау
10570
3895
3580
3175
Есіл
866
3189
2762
2710
Жаксы
7546
2796
2390
2360
Жарқайың
5841
1991
1869
1981
Зеренді
12106
4372
4146
3588
Қорғалжын
3818
1429
1201
1188
Сандықтау
6349
2431
2075
1843
Целиноград
12670
4727
4056
3887
Шортанды
7976
3064
2510
2402
Щучье
19563
7509
6351
5703
Дерек: Ақмола облысы бойынша 1999 жылғы халық санағының қорытындысы.
Жастар урбанизация үрдісіне қатысатын тұрғындар арасындағы ең белсенді тобы болып есептеледі. Қалаларда 90 мыңға жуық жастар тұрады (23%). Соның өзінде ауыл тұрғындары ішінде жастар жоғары деңгейде қалып отыр. Ауыл жастары 110 мың немесе 24 пайызды кұрайды.
Жұмыс іздеудің салдарынан жастардың ішкі ауыс - түйіс мәселесі қиын жағдайда қалуда, мұның өзі облыстық әлеуметтік және экономикалық дамуына кері әсерін тигізуде.
Жанұя құруда және жас жанұяны әлеуметтік қолдау қажеттігінде неке көрсеткіштері маңызды мәселелердің бірі.
Ақмола облыстық әділет басқармасының деректері бойынша 2003 жылдың 1 қаңтарына демографиялық көрсеткіш төмендегідей:
Жылдар
Облыс
Бойынша
Тіркелген
Неке
Облыс
бойынша
ажырасу
саны
Жастар арасында ажырасудың негізі және жиі кездесетін себептері
2000
4242
618
Тұрғын үй мәселесі, жұмыссыздық, жұбайлардың біреуінің ішімдікке әуес болуы, қаражат мәселесі, тұрмыс жағдайының төмен деңгейі, негізгі жұмыс орнының болмауы, махаббат сезімінің әлсіздігі, жұбайлардың біреуінің тұрғылықты орнын ауыстырғысы келмеуі, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі.
2001
3627
577
Жұбайлардың опасыздығы, балалы болмауы, күш көрсету, мінездерінің келіспеушілігі, жаңа жанұя кұру, бірлесе шаруашылық құруға ынтасыздығы;
2002
3778
615
Жұбайлардың біреуінің бала тәрбиесімен айналыспауы, бірін-бірі түсініспеушілік, сыйластықтың болмауы.
Осыған орай жастар арасындағы ажырасу деңгейінің жоғары көрсеткішін сақтауға әкеп соғатын әлеуметтік-экономикалық сипаттағы 3 негізгі себепті айқындауға болады:
жас отбасыларын мемлекеттік мақсатты қолдаудың жоқтығы;
жанұяның тұрмыстық жағдайынан және еңбекпен қамтудың қиындығы;
тұрғын үйдің жоқтығы.
Осы шешімі күрделі қиындықтар жастар үшін үйішілік кикілжіңнің, тұрақсыздықтың тууына бірден-бір себепкер болып отырғандығы сөзсіз. Сондықтанда бала туу көрсеткішінің төмендеуіне және облыста, республикада демографиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады.
Ақмола облысында бала туудың орташа коэффициенті
Жылдар
Бала туудың пайыздық көрсеткіші
2000
11.8
2001
13.8
2002
13.9
Тұрғындардың санын сақтауға байланысты облыс жастары арасындағы демографиялық талдау жасау барысы мәселенің одан әрі шиеленісе түсетінін байқатады.
Демографиялық қолайсыз жағдай жастар мен жасөспірімдер арасындағы өлімнің өсуімен де байланысты. Денсаулық сактау басқармасының мәлімдемесі бойынша:
Ақмола облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы өлімнің құрылымы:
Жылдар
Өлім
жағдайларының
Саны
СЕБЕПТЕРІ
2001
25
Механикалық асфикция, пышақтан болған жарақат, электр тоғымен зақымдану, бас-сүйектің жарақаттануы, ішімдікпен улану, қатерлі ісік аурулары.
2002
46
Жоғарыда көрсетілген себептерден басқа: этил спиртімен улану, суға бату, үсікке шалдығу, дәрі-дәрмекпен улану, қант диабеті, құрт ауруы (туберкулез), құрт ауруының сақинасы, шұғыл лейкоз, екі жақты тыныс органдарының қабынуы.
Әлеуметтік жағдайға байланысты болған жастар арасындағы өлім көрсеткіші жоғары (кайғылы жағдай, кісі өлтіру, улану, туа біткен аурулар мен түрлі зақымданулар).
Тұрғындар арасында жастар тұрғын үймен ең аз қамтамасыз етілген топ. Бұл ең алдымен, өзіне тұрғын үй алу үшін және үй салу үшін несие алу механизмінің жоқтығымен байланысты.
Ең өзекті мәселелер арасынан жастарды жұмыспен қамту және жастарды жұмыс табуға жәрдемдесу мәселелері тұр. 1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған тұрғындардың 15 пен 29 аралығындағы жастардың үлес салмағы 25,9 пайызды құрайды.
Еңбек нарығында қалыптасқан қатаң бәсекелестік жастардың жұмыс істеу мәселесін алға қояды. Облыстық халықты еңбекпен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының деректері бойынша, 16 жастан 24 жасқа дейінгі жұмыссыздар саны 2002 жылдың аяғына қарай 1402, 2003 жылдың 1- тоқсанында 1467 болды. 2002 жылы ұйымдарға 2826 адам өтініш білдірсе, олардың 1422-сі жұмыспен қамтамасыз етілді.
Жастардың әлеуметтік-экономикалық өзін-өзі қамту, қазіргі нарықтық жағдайға бейімделуі және қолдау жүйесін қалыптастыру, кәсіпқойлық деңгейінің өсуіне жағдай жасау, жұмыспен қамту мемлекеттік қолдаудың ең негізі шаралары болып табылады.
Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының деректері бойынша, 2000-2002 жылдары облыстық бюджеттен несие алған 29 жасқа дейінгі кәсіпкерлердің бар саны - 4 адам, несиеге берген сомасы бар-жоғы 1100,0 мың теңге болды. Кәсіпкерлікті реттеу жүйесінде орын алған заңнамалық кемшіліктерді көптеген билік органдары өз дәрежесінде қалыпқа келтіріп, жастармен толықтыруды тиімді колданды.
Жастардың білім сапасын көтеруі, ғылыми-танымдык үрдістерге белсенді қатысуы жұмыспен қамтамасыз етудегі ең негізгі мәселе. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейінің ең бір объективті себебі отандык оқу мекемелерін бітірушілердің біліктілігінің төмендігі, мұның өзі еңбек нарығында оқу орнын бітірушілерге деген сұраныстың жоқтығына әкеледі. Сұрау жүргізген жастардың 31 пайызы өз кәсіпқойлығын, мансабын көтеруге ұмтылса, 22,4 пайызы сапалы, кәсіпқойлық білім алуды қолдайды.
Қазіргі уақытта көптеген жастар қаражат тапшылыгынан өзі таңдаған мамандық бойынша ақылы топтарда оқып, білім ала алмайды. Енгізілген грант пен несие беру жүйесі барлық жастардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жағдайда кәсіпқойлық білім алуда, ең алдымен, ауыл жастары, әсіресе, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының ұл-қыздары тыс қалады. Жастардың кұндылықты бағыт-бағдарының иерархиялық үшінші сатысы ақшаға тіреледі (19,8 пайыз). Жастардың осынау өмірлік ұмтылысы өмірге деген прагматикалық көзқарасының өсуін көрсетеді, жас ұрпақтың бүгінгімен немесе өткен күнмен емес, ертеңгіге, жарқын болашаққа ұмтылысын аңдатады.
Дарынды жастарды қолдауға, дарындыларды анықтауға бағытталған ақцияларды ұйымдастыру, сол сияқты олардың үздік өсуін қамтамасыз ету үшін қаржыландыру жұмысын жақсарту қажет.
Соңғы уақытта облыста жастар бірлестігінің жұмыстары жанданда түсті. Бірақ жекелеген ұйымдардың қызметінің үйлесімсіздігінен күтілген корытындының тиімділігі төмен болып отыр. Жастар бірлестігінің мақсатын жүзеге асыру үшін қаржылай қолдау және мемлекеттік, мемлекеттік емес кұрылымдармен бірлесе жұмыс істеу керек.
Мәселелердің бірі ауыл жастары саясатын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында атап өтілгеніндей, таяудағы үш жылда мемлекеттік міндеттердің бірі халықтың өмір бейнесі, мәдениет, әдеп-ғұрып ошағы болып саналатын ауылға бетбұрыс жасау керектігі екендігі мәлім. Сондықтанда ауылға аса көңіл бөлу керек екендігі сөзсіз. Елбасының пікірінше, село тұрғындары қандай ұлттың болса да генетикалық кейпі болып саналады.
Қоғамдық өзгерісті село тұрғындары айқын сезінді, село аумақтарынан, әсіресе жастар тарапынан қалаға көшу орын алды.
Жастардың ауылдан кетуіне талдау жасағанда тұрмыс жағдайының төмендігі, жұмыссыздық, кәсіптік өсуіне кедергілер, әлеуметтік және экологиялык жағдайдың нашарлығы алдан шыға береді.
Ауыл жастары жұмыс істеуде қиыншылыққа тап болуда. 2002 жылы 2826 жас жұмыс іздеп, өтініш жасады, бұл өтініштердің 16 пайызы, ал 1422 адам жұмысқа орналасты, оның 384-і ауылға барды. Ауылда жастардың көпшілігі шаруа қожалығы мен өз шаруашылығында еңбек етеді. Онда жастардың кәсіптік-техникалық дайындығы зор маңыз алып отыр.
Ауыл жастары квота мәселесін көтеруде. Талдау көрсеткеніндей, жастарды шаруа қожалығына тарту үлесі төмен (облыс бойынша 25-30 жас аралығындағылар 1646 адам, ал 16-24 жас аралығындағылар небары 629 ғана).
Ауыл жастарының арасындағы шешілмеген бір мәселе - бос уақытын өткізу. Бұл жұмыстың нашарлығынан бұзақылық, қаңғыбастық, нашарқорлық етек алуда. Сондықтан ауыл жастарының жағдайын ескеріп, болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісіне аса мән беру қажет.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың басты бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың басты бағыттары мен тетігі
Төмендегі негізгі бағыттар бойынша бағдарламаны үйлестірілген үлгіде кезең-кезеңмен жүзеге асырудың басты бағыттары:
Тармақша 1
1) Отансүйгіштікке тәрбиелеп, азаматтық ынталылығын дамыту;
Тармақша 2
2) Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуге жағдай жасау;
Тармақша 3
3) Жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге еңбек саласында жағдай жасап, экономикалық дамыту;
Тармақша 4
4) Жастардың дене бітімі жағынан дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау;
Тармақша 5
5) Жас таланттарды қолдап, дамыту;
Тармақша 6
6) Білім алу және ғылым жолында жастардың қызығушылығын арттырып, құқығын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Жастарды ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың бос уақытын дұрыс өткізу мен мәдени аясын дамыту;
Тармақша 8
8) Жастардың қоғамдық бірлестіктері қызметіне жағдай жасау;
Тармақша 9
9) Жастар саясатының Степногорск, Көкшетау қалаларында және облыс аудандарында дамуына ыкпал жасау.
Бағдарлама аймақтық жастар саясатын жүзеге асыруға және қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірге белсене қатысуға талаптануын ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі қалыптастыруға сәйкес жасауға бағытталған.
Жастармен жұмыс істеуге мүдделенген барлық кұрылымдармен бірге бағдарламада қаралған іс-шара кезең-кезеңмен жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бағытталған қызметі - бағдарламаны жүзеге асыру тетігі болып табылады.
Жастардың қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалык мәселелерін шешетін басты тетігі ретінде қолданылатын әлеуметтік қызметтер топтарын калыптастырудың уақыты келді. Әлеуметтік қызметтер жастармен өзара қарым-қатынасты жақсартып, одан әрі дамуына себепкер болады. Әлеуметтік қызмет жұмысының негізгі түрлерін облыстағы жастардың әлеуметтік- экологиялық дамуы, әлеуметтік бейімделуі, осал бөлігінің түзелуі мен тәрбиеленуі қиын жасөспірімдермен жұмыс жобасының негізінде экология саласының бастамасы жастарды қолдау сияқты жұмыс түрлерін атап өту керек.
Аймақтық жастар саясатын еңбекпен және жұмыспен қамту саласында мынадай басты бағыттарда жүзеге асырылады:
жастардың қатысуымен іске асатын кәсіпкерлікті дамыту;
жастар үшін қоғамдық және маусымдық жұмыстарды дамыту;
жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында студенттік топтарды ұйымдастырып, қалыптастыру.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бір жолы - жастарды белгілі бір мамандыққа ие болу мақсатымен кәсіптік дайындық курсында оқытып, білімін көтеріп, қайта дайындау болып табылады. Сондықтан 2002 жылы кәсіптік білімін көтеруге облыс бойынша 266 адам, оның ішінде Көкшетау қаласынан 33, Бұланды ауданынан 22, ал Ерейментау ауданынан 33 адам жіберілді. Сұраққа жауап берген жастардың 70,7 пайызы студенттердің құрылыс отрядтарын қайта жаңғыртуды қолдайды. Бұл күндері облыста Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанында студенттердің 3 еңбек отряды жұмыс істейді, 2002 жылғы еңбек семестрінде бұлардың орындаған жұмыстары 1 миллион теңгеден астам қаржыны кұрайды. Бұл жүйе мәселенің бәрін шешпегенімен, жастардың дем алуын, салауатты өмір салтын және материалдык жағдайын жақсартуға ыкпал етті. Мұның өзі ақша табуға ғана емес Отанын сүюге, өздерін нақты істе сынауға, елімізге көмектесуге, өмірге кажетті бағалы іске, ягни жауапкершілікке, мақсатка ұмтылушылыққа, достаса өмір сүруге үйреткені сөзсіз. Таяуда облыстың басқа да жоғарғы оқу орындарында құрылыс топтарын құру мақсатымен студенттердің еңбек топтары туралы Ережені жасап шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті негізінде студенттердің еңбек тобының штабын құру қажет болады.
Жастар әлі де болса тәжірибесіне, кәсіптік дайындығы жоқ категорияға жатқандықтан жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды, бұлар 16 мен 24 жас аралығындағы жастар. Бұл мәселелерді шешу үшін қалалық жұмыс іздеу клубында студенттер мен жоғарғы оқу орындарының түлектері тәжірибеден өту орнын немесе жұмыс орнын табуға белгілі бір дағды мен білімге үйренуге мүмкіндік береді. Көкшетау қаласының политехникалық колледжінде ашылған жұмыс табуға көмектесу орталығы және Көкшетау экономика және менеджмент институтында ашылған мансап орталығы жұмыс іздеушілерге ақыл-кеңес беріп, оқытып, басқа да көмектер көрсетеді.
Жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты мәселені шешу үшін мемлекеттік құрылымдар тарапынан қолдаудың әртүрлі және нақты шаралар қарастырылуда: жастардың кәсіптік дамуына жағдай жасау; жұмысқа орналастыру мақсатымен жоғары және орта оқу орындарының студенттерінің ішінен кадрларды белгілі бір мақсатпен дайындау үшін ірі кәсіпорындар мен ұйымдарды тарту жолға қойылуда; кәсіпқойларға қызмет ету, сондай-ақ ауылда еңбекпен қамтуды жолға қою үшін жастар қызметін құру қажет.
Жастардың толыққанды дамуының негізгі аспектісі облыста спорттың қөлемді түрде дамуы мен салауатты өмір салтының қалыптасуы болып қала береді. Берілген бағытты жүзеге асыру үшін нашақұмарлыққа, ішімдік ішуге, темекі шегуге қарсы профилактикалық семинарлар мен акциялар өткізуді іске асырып, жастар арасындағы спортты, сонымен бірге балалар мен жастар ұйымдарының ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдіктер мен темекіні сатуға тиым салу туралы құқықтық актының орындалуын жүзеге асыру керек. Ақмола облысы жастар бірлестігін қолдау ассоциациясы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды кең көлемді түрде жүргізетін әлеуметтік кызметтерді ұйымдастыру үшін грант ұтып алды.
Бұл орайда облыста жас таланттарды қолдау және дамыту іс- шараларын жетілдірілген жолмен жүзеге асуда. Жыл сайын дарынды және талантты жастар арасында байқау өткізіп, оларды марапаттап, ақшалай сыйлықпен атап өту қарастырылған.
Білім және ғылым саласында жастардың қызығушылығы мен кұқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ауыл жастары үшін оқу курстарын, жаңашылдық, ғылыми-зерттеу жобаларын жасауда жас ғалымдарды қолдау, білімін көтеруде ғылыми іс-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды ұйымдастырып, өткізу қажет болады.
Жастар саясатын және жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сұраныс шеңберінде бұқаралық ақпарат кұралдарында жастар тақырыбына байланысты үнемі жаңа айдарлар ашуды ұйымдастыру. Жастар өздерінің көзқарастарын білдіріп отыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің баспа орындары болуы қажет. Облыстық теледидарда жастар бағдарламаларының сапасын көтеру және санын көбейту қажет.
Жастардың қоғамдық бірлестіктерін және олардың жаңашылдық мүмкіндіктерін жүзеге асуын қолдап, мемлекеттік сұраныс негізінде әлеуметтік бағдарлама байқауларын ұйымдастыру керек.
Тарау 6. 6. Қаржыландыру көздері
6. Қаржыландыру көздері
Бағдарлама бойынша негізгі қаржыландыру көзі облыстық бюджеттің белгілеген шегінде, әр бағдарлама әкімшілігінің көздеген қаржысы болып табылады және заңға қайшылықсыз жасалған қаржы көздері.
Жобаны жүзеге асыру мынадай қаржы шығыны қарастырады:
2004 жылы – 5 069 000 теңге.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтиже
Бағдарлама жастардың мынадай өзекті мэселелерін шешуді қарастырған: білім және ғылым, еңбек және еңбекпен қамту, демалу және мәдениет, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету және тағы басқалары. Бағдарлама жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік құқықты шараларын қорғауды жүзеге асырады. Бағдарламаның жүзеге асуынан күтетін оң нәтиже, облыста жастарды әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау, бұл жастардың қазіргі мәселелерін шешуге және қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық қатынастар жүйесінде жас азаматтардың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Бағдарлама шараларының жоспары шеңберінде жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген ғылыми-практикалық конференция, «дөңгелек үстел», семинарлар өткізу қарастырылуда.
Тарау 8. 8. 2004 жылға арналған Ақмола облысы жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары ЖОСПАРЫ
8. 2004 жылға арналған Ақмола облысы жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары ЖОСПАРЫ
№
Іс-шаралар
Аяқталу қалпы
Орындалуына
Жауаптылар
Орындалу
мерзімі
Жобалы
шығын,
мың теңге 2004 жыл
Қаржыландыру
көздері
1) Жастардың әлеуметтік дамуы
1
Әлеуметтік қиын жағдайдағы жастардың әлеуметтік қалыптасу қызметін
қолдау және дамыту
Ақпарат
Қала, аудан әкімдері, қалалық және аудандық еңбекпен қамту, халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
үнемі
2
Тұрғылықты жерлердегі балалар мен жастар клубтарын құрып, жұмысын жандандыру
Ақпарат
Қала, аудан әкімдері, қалалық және аудандық оқу бөлімдері, әкім жанындағы жастар ісі жоніндегі кеңесі, Ақмола облысы жастар бірлестігін қолдау Ассосациясы (келісім бойынша)
үнемі
3
Жастарды әлеуметтік қамтамасыз етуде мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-өндірістік ұйымдарды қатыстыра отырып конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, қалалық, аудандық, ішкі саясат бөлімдері
жыл бойы
Облыстық бюджет
4
Тәрбиеленуі қиын жастармен жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызметті барынша қолдау
Ақпарат
Қала, аудан әкімдері, аудандық оқу бөлімі, қалалық, аудандық еңбекпен қамту, еңбек және уәлеуметтік қорғау басқармалары, кәмелетке толмаған балалар ісі жөніндегі
инспекция (келісім бойынша)
үнемі
5
Жастар үшін әлеуметтік қызмет кеңесін құру
әкімдіктің қаулысы
Ішкі саясат
департаменті,
облыстық
бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері
2004 жылғы 3-4 тоқсан
2) Жастарға экономикалық даму және еңбекпен қамту жүйесінде жағдай жасау
1
Жастар үшін кәсіпкерлік қызмет жөніндегі оқу жоспарын жасап, өткізу
Ақпарат
Қалалық, аудандық әкімдер, облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, қалалық, аудандық еңбекпен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы (келісім бойынша)
2004
жылғы
2-тоқсан
2
Студенттік отрядтарының еңбек жобасын даярлау
Ақпарат
Ішкі саясат
департаменті,
облыстық
бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ақмола облыстық жастар бірлестігін қолдау Ассосациясы
2004
жылғы
3-тоқсан
3
Жазғы еңбек уақытында студенттердің құрылыс
отрядтарының жұмысын ұйымдастыру
Ақпарат
Ішкі саясат
департаменті,
облыстық сәулег,
құрылыс, тұрғын үй
және жол
шаруашылығы
басқармасы, Шоқан
Уәлиханов
атындағы Көкшетау
мемлекеттік
университеті, тағы
басқалары
2004 жылғы 3- тоқсан
4
Әлеуметтік-маңызды байқау негізінде жас ғалымдар мен студенттерді қатыстыра отырып, шағын бизнесті құру
әкімнің шешімі
Қалалық, аудандық әкімдер, облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2004 жылғы 3- тоқсан
3) Аймақтарда жастар саясатын жүзеге асыру
1
Жастар саясаты бойынша облыстық индикативтік жоспарына енгізе отырып, аудандық, қалалық жоспар дайындау
Сессияның
шешімі
Қала, аудан әкімдері, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облыстық жастарды қолдау ассосациясы, әкім жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес
2004 жылғы 3- тоқсан
2
Қалалар мен аудандарда аймақтық жастар саясатын жүзеге асыруда мониторинг өткізу: жұмыс іссапары және топтармен мақсатты кездесу
Ақпарат
ішкі саясат
департаменті облыстық бұқаралық ақпарат басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы (келісім бойынша)
тоқсан сайын
3
Облыстық жастар жұмысына мониторинг жүргізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы (келісім бойынша)
тоқсан сайын
4
Ауыл жылының үздік тақырыбына арналған тілшілер байқауына ауыл жастарының қатысуы
Ақпарат
Ішкі саясат
департаменті,
облыстық
бұқаралық ақпарат
құралдары
басқармасы, Ақмола
облысының
жастарды қолдау
бірлестігінің
ассосациясы
2004 жылғы 4-тоқсан
5
«Ауылдағы жаңа өзгерістер» атты республикалық ғылыми- практикалық конференцияға қатысу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің
ассосациясы
2004 жылғы 3-тоқсан
6
«Ауыл жастары: мәселелері және келешегі» ғылыми-практикалық конференция
Есеп
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің
ассосациясы.
2004
жылғы
3-тоқсан
400 000
Облыстық бюджет
4) Білім және ғылым саласында жастардың құқығы мен қызығушылығын арттыру
1
Жастар мәселесі бойынша ғалыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары -басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы (келісім бойынша)
2004
жылғы
3-тоқсан
409500
Облыстық
бюджет
2
Жастардың әлеуметтік- экономикалық дамыту бағдарламасы мен жас ғалымдар ұсынған ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық білім басқармасы, тағы басқалары
үнемі
3
Студенттер мен оқушыларды мыналарға қатыстыру:
-«Қазақстан-2030» стратегиясы артықшылығы негізінде жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы республикалық ғылыми конкурс жұмысына;
-«Қазақстан-2030» стратегиялық артықшылығы неғізінде саяси-әлеуметтік мәселелер бойынша аймақаралық сгуденттік айтысқа қатысу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, жоғары оқу орындарының, орта арнайы оқу орындарының ректорлары
2004 жыл бойы
250 000
Облыстық бюджет
4
Әлеуметтік маңызы бар жобалардың конкурсы негізінде облыстағы экологиялық жағдайды жақсартуда жастар жобасын қолдау
Ақпарат
Қала, аудан әкімдері, қала мен аудандардың ішкі саясат бөлімдері, облыстық табиғатты қорғау басқармасы, жоғары оқу орындарының экология және табиғатты пайдалану кафедралары (келісім бойынша)
2004
жылғы
2-тоқсан
250000
Облыстық
бюджет
5) Жастарды және жастар саясатын ақпаратпен қамтамасыз ету
1
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аймақтық жастар саясатына ақпараттық қолдау жасау
Ақпарат
Облыс, аудан әкімдері, облыстық, аудандық электронды және баспалық бұқаралық ақпарат құралдары
үнемі
2
Ақмола облыстық телерадио компаниясында сан және сапа жағынан жастар бағдарламасын ұлғайту
Есеп
Ақмола облыстық
телерадио
компаниясы
үнемі
3
Жастардың «Шұғыла» бағдарламасында «26-маусым - нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні»
атты «тікелей эфир» ұйымдастыру
Ақпарат
Ішкі саясат департамейті, Ақмола облыстық тшіерадиокомпани ясы, облыстық кеден басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ішкі істер басқармасы (келісім бойынша)
2004 жылғы 2-тоқсан
6) Дарынды жастарды қолдау және дамыту
1
Облыстағы дарынды жастардың республикалық және халықаралық конкурсқа қатысуын қамтамасыз ету
Есеп
Ішкі саясат департаменті, облыстық бүқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы (келісім бойынша)
2004 жыл бойы
500 000
Облыстық
бюджет
7) Салауатты өмір салтын қалыптастыру жәнс жастар арасында бүқаралық спортты дамыту
1
Кәмелетке толмағандарға ішімдік және темекі түрлерін сатпау жөніндегі заң актілерінің орындалуын тексеру мақсатында жүргізілген
рейдтердің шеңберінде сөрелік және мәрелік «дөңгелек үстелдер» өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, салауатты өмір салты орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ішкі істер басқармасы, тағы басқалары (келісім бойынша)
2004 жылғы 2-тоқсан
232000
Облыстық
бюджет
2
Мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының қатысумен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау үшін конференция өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Ақмола облысыныц жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, салауатты өмір салты орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, туризм және спорт жөніндегі облыстық басқармасы, денсаулық басқармасы (келісім бойынша)
2004 жылғы 3-тоқсан
279000
Облыстық
бюджет
3
Кәмелетке толмаған жастарға ішімдік және темекіні сатпау туралы заң актілерінің орындалуын тексеру мақсатында рейдтер өткізу
Нормативтік қажеттілікті орындау
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс инспекциясы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, және басқа да жастар мен балалар ұйымдары
2004 жылғы 2-3 тоқсан
4
Темекі шегуге қарсы халықаралық күніне арналған «Шылымсыз күн» акциясын өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Ақмола облысыныц жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, ішкі істер басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы (келісім бойынша)
2004 жылғы 4-тоқсан
8) Жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне жағдай жасау
1
Облыс аудандары мен қалаларының жастар бірлестіктерінің қатысуымен жастардың облыстық II Форумын откізу
Есеп
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің
ассосациясы
2004 жылғы 1 -тоқсан
1548 000
Облыстық бюджет
2
Жастар саясатын жүзегс асыру бойынша жастар бірлестіктері мен мемлекеттік құрылым өкілдері үшін аймақтық семинар өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары -басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, әкім жанындағы жастар жұмысының кеңесі (келісім бойынша)
2004 жылғы 2-тоқсан
3
Ақмола облысы жастардың қоғамдық бірлестіктерінің слеті
Есеп
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, әкім жанындағы жастар жүмысының кеңесі (келісім бойынша)
2004 жылғы 2-тоқсан
300 000
Облыстық бюджет
4
Қазақстан жастары Конгресі шеңберінде акция өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, Облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы
2004 жылғы 2-тоқсан
9) Жастардың республикалық жәнс халықаралык ынтымақтастығын дамыту
1
Жастардың республикалық және халықаралық ынтымақтастығын қалыптастыру және кеңейту мақсатында семинарлар, конференциялар және дөнгелек «үстелдер»
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, Облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы
2004 жылғы 4-тоқсан
500000
Облысытқ бюджет
2
«Таныс және бейтаныс Қазақстан» ұранымен Көкшетау және Омбы қалаларындағы жоғары оқу орындары арасында тапқырлар мен көңілділер клубы жарысын өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, Облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы
2004 жылғы 2-тоқсан
331 500
Облыстық бюджет
3
Облыстық, аудандық және қалалық жастар ұйымдарын Республикалық және халықаралық байланыстар жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, Облыстық бұқаралық
ақпарат құралдары басқармасы, қалалық,
аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола
облысының жастарды қолдау бірлестігінің
ассосациясы
үнемі
4
Облыстық, аудандық және қалалық жастар ұйымдарын Қазақстан жастары Конгресімен тығыз байланыс жасауын қамтамасыз ету
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, Облыстық бұқаралық
ақпарат құралдары басқармасы, қалалық,
аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола
облысының жастарды қолдау бірлестігінің
ассосациясы
үнемі
5
Жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде Қазақстан және Ресей жастар қозғалысы өкілдерінің жетекшілерімен кездесу өткізу
Есеп
Ішкі саясат департаменті, Облыстық бұқаралық
ақпарат құралдары басқармасы, қалалық,
аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола
облысының жастарды қолдау бірлестігінің
ассосациясы
2004 жылғы 4-тоқсан
69000
10) Облыс жастары арасында азаматтықты және отансүйгіштікті дамыту
1
Облыс жастарының «Отансүйгіш» акциясын өткізу
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, ішкі істер басқармасы, облыстық әскери коммисарияат, мектеп пен орта арнайы оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері (келісім бойынша)
2004 жылғы 2-тоқсан
2
Қазақстан жастары Конгресінің азаматтық-отансүйгіштік акцияларына облыстық жастар ұйымдарының қатысуын қамтамасыз ету
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы, ішкі істер басқармасы, облыстық әскери коммисариат
3
Аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттарға жастар арасынан үміткерлерді қолдау үшін үгіт жорықтарын ұйымдастыру
Ақпарат
Ішкі саясат департаменті, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері, Ақмола облысының жастарды қолдау бірлестігінің ассосациясы (келісім бойынша)
2004 жылғы 4-тоқсан
Қысқартылған сөздер:
Тармақша 1
1) ҮЕБ - үкіметтік емес бірлестіктер
Тармақша 2
2) ІСД - ішкі саясат департаменті
Тармақша 3
3) ОАБ - облыстық ақпарат басқармасы
Тармақша 4
4) ЖОО - жоғары оқу орны
Тармақша 5
5) КМУ - Көкшетау мемлекеттік университеті
Тармақша 6
6) ОАОО - орта арнайы оқу орны
Тармақша 7
7) СӨС - салауатты өмір салты
Тармақша 8
8) ІІБ - ішкі істер басқармасы
Тармақша 9
9) ҚІІБ - қалалық ішкі істер басқармасы
Тармақша 10
10) ІІБ КЖТЖИ - ішкі істер басқармасыиың кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс инспекциясы
Тармақша 11
11) ТКК - тапқырлар мен көңілділер клубы.