Об утверждении внутренних Правил кредитования сельхозтоваропроизводителей Южно-Казахстанской области для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін кредит берудің ішкі ережесін бекіту туралы
”2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің мөселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанармай-жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға кредит берудің ішкі ережесі бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Әбішевке жүктелсін.
Басқа 3
“Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілеріне
2004 жылғы көктемгі егіс және егін
жинау жұмыстарын жүргізу үшін кредит
берудің ішкі ережесін бекіту туралы”
облыс әкімінің
2004 жылғы 4 ақпандағы
№ 3 шешіміне
№ 1- косымша
Оңтүстік Қазакстан облысынын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне
2004 жылгы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін
жанармай-жағармай материалдарын, тұкымдар, тыңайткыштар, гербицидтер,
тұкымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалкы
бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және
сатып алуға кредит берудің ішкі
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже ”2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті аткарушы органдарга кредит берудің кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 каңтардагы № 38 қаулысы негізінде әзірленді және 2004 жылға арналған Республикалык бюджетте “Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерге кредит беру” бюджеттік бағдарламасында қарастырылган кредиттік ресурстар есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін уақытша қаржылай қолдаудың тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
кредит беруші - облыс қалалары мен аудандарының әкімдері;
бағдарлама әкімшісі— облыстық ауыл және су шаруашылығы департаменті;
қаржы органы - облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті;
бюджеттік кредит - аудандық және қалалық әкімдердің облыстық бюджеттен мерзімділік, қайтармалы және қамтамасыз ету шарттарымен беретін ақшасы;
заемшы - түпкі заемшы, бюджеттік кредитті алушы заңды немесе жеке тұлға;
бюджеттік кредит бойынша берешек - заемшының бюджеттік кредитті өтеу мен қызмет көрсету кестесіне сәйкес белгілі мерзімде төлемеген қаржы мөлшері.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кредит беру қаржы және коммуналдық меншік департаментінің кредиттік қаржыны облыстық ауыл және су шаруашылығы департаментіне беруі арқылы жүзеге асады, өз кезегінде департамент кредиттік қаржыны аудан мен қала әкімдеріне аударады.
Тармақ 3
3. Бюджеттік кредиттерді беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредит беруші мен түпкі заемшылар арасындағы кредиттік шарттармен ресімделеді. Бюджеттік кредитті беру туралы шартты жасауды әкімнің атынан немесе оның орнын ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. 0блыстық ауыл және су шаруашылығы департаменті облыс әкімімен, облыс аудандары мен қалаларының әкімдерімен кредиттік қаржыны аудару және оның белгіленген мерзімде қайтарылатындығын қамтамасыз ету туралы келісім жасайды.
Тармақ 5
5. Түпкі заемшыларға кредит сыйақының нолдік ставкасымен беріледі.
Тармақ 6
6. Бюджеттік кредит берудің міндетті шарты кредит берушінің мүддесін қорғау, кепілдік мүлікпен қамтамасыз ету жолымен несие тәуекелінің туындауын төменгі деңгейге жеткізу болып табылады.
Тарау 2. 2. Бюджеттік кредит берудін бағыттары
2. Бюджеттік кредит берудін бағыттары
Тармақ 7
7. Бюджеттік кредиттер ағымдағы жылға арналған тиісті
бағдарламада қарастырылған қаржы мөлшерінің шегінде беріледі. Осы Ережеде қарастырылған бюджеттік кредит берудің бағыты Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты тәжірибе кәсіпорындарына
(тәжірибе шаруашылығы, тәжірибе станциялары), су шаруашылығы мен тік дренаждарды Халыкаралык Қайта Жаңарту Банкі мен Азия Даму Банкінің заемдары арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан шаруашылығтарға, басқа да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (бүдан әрі - ауылшартауарөндірушілер) 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанармай-жағармай материалдарын (кредит ресурстарының кемінде 80% ), тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға кейіннен кредит беру болып табылады.
Тармақ 8
8. 0блыстық ауыл және су шаруашылығы департаменті жанармай - жағармайды алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылатын ведомоствоаралық комиссиямен келіседі.
Тарау 3. 3. Бюджеттік кредиттердің түрлері мен нысандары
3. Бюджеттік кредиттердің түрлері мен нысандары
Тармақ 9
9. Бюджеттік кредиттер беру нысаны бойынша бюджет қаржысының шығыстар нұсқасына сәйкес тиісті аудандар мен қалалардың бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік кредитті бір жолға аудару жолымен берілетін мерзімді кредит болып табылады.
Тармақ 10
10. 270000000 (Екі жүз жетпіс миллион) теңге сомасындағы несие аудан және қала өкімдеріне қайтару, мерзімділік және камтамасыз ету шарттарымен 2004 жылдың 15 қарашасына дейін өтеу мерзімімен бөлінеді.
Тармақ 11
11. Бюджеттік кредиттер ұлттық валюта түрінде беріледі.
Тармақ 12
12. Ауылшартауарондірушілеріне бюджеттік кредит берудің шарттары мыналар болып табылады:
бюджет есебінен кредит берілетін жобалардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін жанармай-жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуына, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауына жоне сатып алуына бағытталуы;
түпкі заемшылардың банк мекемелерінде кредиттер, қолданыстағы заңнамада қарастырылған салық және басқа да төлемдерді төлеу бойынша қарыздарының болмауы;
түпкі заемшының құжаттар пакетін бағдарлама әкімшісі мен қала және аудан әкімдері белгілеген төмендегі тізбе бойынша ұсыну:
құрылтай құжаттары (жарғы, куәлік, статистикалық карта, патент, құқық белгілейтін құжаттар), кепілдік шарты;
бөлінетін кредит сомасының лимиті аудан және қала әкімдері белгілеген жұмыс көлеміне сәйкес анықталады.
Тармақ 13
13. Аудандар мен қалалардың әкімдері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің барлық нысандары үшін бюджеттік кредит беруге байланысты бөлетін, қол жетімділікті, тепе-тендікті және басқа да мәселелерді бақылау үшін ведомствоаралық комиссия құрсын.
Бюджеттік кредиттер түпкі заемшыларға мына принциптермен бөлінеді:
шарттарды жергілікті жердегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария ету;
түпкі заемшыларды іріктеу;
кредиттік шарттарды жасасу (соның ішінде кепілдемелік шарттар). Конкурстық комиссия түпкі заемшыларды іріктегенде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
кредитті алатындар Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты тәжірибе кәсіпорындары (тәжірибе шаруашылығы, тәжірибе станциялары), су шаруашылығы мен тік дренаждарды Халықаралық Қайта Жаңарту Банкі мен Азия Даму Банкінің заемдары арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан шаруашылықтар, басқа да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері болуы тиіс;
түпкі заемшылардың бюджеттік кредитті жанармай-жағармай материалдарын (кредит ресурсттарының кемінде 80 %), тұқымдар,
тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалга алуға және сатып алуға пайдалануы;
банктер мен бюджет алдында қарызының болмауы;
салық төлемдері бойынша бюджетке қарызының болмауы;
кепілдемемен қамтамасыз етілу және кепілдеме мүлкінің өтімділігі;
Тарау 4. 4. Бюджеттік кредиттерді беруді ұйымдастыру
4. Бюджеттік кредиттерді беруді ұйымдастыру
Тармақ 14
14. Аудан мен қала әкімдері:
ведомствоаралық комиссия ұсынған заемшылардың тізімін бекітеді;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері-заемшыларды, жанармай- жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алуға және сатып алу үшін қаржымен қамтамасыз етуге қажет бюджеттік кредиттің сомасын анықтайды;
заемшылардың бюджеттік кредитті мақсатты пайдалануын бақылайды;
бюджеттік кредиттің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Кредит берушілер мен тиісті бағдарламалардың әкімшілері түпкі заемшылармен кредиттік шарт жасасады, оған қоса тіркелген қүжаттарды (кепіл туралы шартты, кепілдіктерді, бюджеттік несиені өтеу кестесін)
қабылдайды және олардың қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін тексереді.
Тармақ 16
16. Түзілген кредиттік шарттар сол күннен бастап үш күн мерзімде қаржы органдарында тіркелуі тиіс.
Тармақ 17
17. Кредиттік шартта міндетті түрде кредит берудің және оны өтеудің нысаны, мөлшері, мерзімі мен басқа да шарттары, міндеттемелері, несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдері, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарт талаптары орындалмаған жағдайдағы санкциялар, дауларды шешу тәртібі, шарттың әрекет ету мерзімі қарастырылуы керек.
Тармақ 18
18. Тараптардың бюджеттік кредит беру барысында туындаған барлық даулары мен келіспеушіліктері түзілген кредиттік шартта белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес шешіледі.
Тарау 5. 5. Бюджеттік кредитті өтеудің және оған қызмет көрсетудің тәртібі
5. Бюджеттік кредитті өтеудің және оған қызмет көрсетудің тәртібі
Тармақ 19
19. Негізгі қарызды өтеуді жасалынған кредиттік шартқа сәйкес заемшылар жүзеге асырады.
Бұл орайда мынадай төлемдер реті белгіленеді: есептеп шығарылған айыппұлдар мен өсімдер; негізгі қарыздарды өтеу.
Тармақ 20
20. Кредиттік шарттарда тараптардың қалауы бойынша қарызды мерзімінен бұрын өтеу құқығы қарастырылуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Кредит беруші бюджеттік кредиттің мақсатсыз жұмсалу фактісі анықталған жағдайда заемшыдан дұрыс пайдаланылмаған кредит мөлшерін шартта көрсетілгендей мөлшерде айыппүл салу арқылы өндіріп алуға құқылы.
Тармақ 22
22. Заемшыларда бюджеттік кредит бойынша қарыз пайда болған жағдайда және оның кредиттік шартта белгіленген мерзімде өтей алмаса, аудандар мен қалалардың әкімдері қарызды қайтаруды қамтамасыз ететін мынадай тиісті шараларды қолданады:
кепілгерге (тапсырушыға) заемшының қарыздарын заңнамада белгіленген тәртіпте өтеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындау жөніндегі құжаттарды жіберу;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес кепіл жөніндегі шарт негізінде заемшының кепілге қойған мүлкін сату;
заемшының төлем талабын заемшы кредит берушінің пайдасына шешу үшін жолын берген өзге тұлгаға ұсыну;
қарызды өндіріп алуды сот тәртібімен жүзеге асыру.
Тармақ 23
23. Бюджет есебінен берілген кредит аудандар мен қалалардың әкімдері облыс бюджетіне бюджеттік кредит сомасын толық қайтарғаннан кейін өтелді деп саналады.
Тарау 6. 6. Бюджеттік кредиттерді есепке алу және бакылау
6. Бюджеттік кредиттерді есепке алу және бакылау
Тармақ 24
24. Барлық бюджеттік кредиттер аудан және қала әкімдерінің жасасқан кредиттік шарттар туралы жүйелі түрде берген есептерінің негізінде облыстық ауыл және су шаруашылығы департаментінің орталықтандырылган есепке алуына жатады.
Тармақ 25
25. Бюджеттік кредиттердің игерілуіне, мақсатты пайдаланылуына, уақтылы және толық қайтарылуына бақылау жасауды, сондай-ақ
бюджеттік кредиттердің тиімді пайдаланылуына баға беруді облыстық ауыл және су шаруашылығы департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. 0блыстық ауыл және су шаруашылығы департаменті бақылау мақсатында аудан және қала әкімдерінен бюджеттік кредитке байланысты қажетті ақпараттарды сұратып алуға құқылы.
Тармақ 27
27. Кредиттерді қайтару тәртібі қаржыны аудару арқылы “Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілген кредитті қайтару” 501603 коды бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. 3аемшы таратылған немесе қайта үйымдастырылған жағдайларда оның шарт бойынша барлық құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық мирасқорға өтеді. Бұл орайда келісім қайта ресімделеді және ол берілген кредиттің тізілімінде көрсетіледі.