О кредитовании сельхозтоваропроизводителей области на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2004 года за счет средств республиканского бюджета Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі – далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен несиелендіру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысына және "2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 4-2 шешіміне (тіркеу N 2406) сәйкес Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы несиелендіру Ережесі (1 қосымша);
Тармақша 2
2) Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен қарыз алушы-оператор арқылы несиелендіру Ережесі (2 қосымша);
Тармақша 3
3) Бюджет қаржысының пайдаланылуын бақылау үшін ведомство аралық комиссияның құрамы (3 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) 10 "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көктемгі егіс және жинау жұмыстарын несиелеу" бағдарламасының әкімшісі болып, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті;
Тармақша 2
2) көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ұсақ тауарлы ауыл шаруашылығы құрылымдарын тауарлы несиемен одан әрі несиелендіру үшін несиелік қаржыны алу жөніндегі операторды ведомствоаралық комиссия анықтайтын болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға және сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру үшін республикалық бюджеттен қарызға алынған 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге сомасындағы қаржы Бағдарлама әкімшісіне бөлінсін.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруді 1, 2 қосымшадағы несиелендіру Ережелеріне сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) егіс алаңының көлеміне және өтемді кепілді мүліктердің болуына қарай несие берілетін шаруашылықтардың тізбесін белгілесін;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алған несиені мақсатты жұмсауына қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаменті республикалық бюджеттен қаржы алуға құжаттарды дер кезінде рәсімдеуді және оның белгіленген мерзімінде қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімдігінің "Облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен несиелендіру туралы" 2003 жылғы 17 ақпандағы N 48 (тіркеу N 1971), "Облыс әкімдігінің "Облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2003 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен несиелендіру туралы" 2003 жылғы 17 ақпандағы N 48  қаулысына (тіркеу N 1971) толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 5 мамырдағы N 103  (тіркеу N 2130) қаулылары күші жойылды деп танылсын ("Приуралье" және "Орал өңірі" газеттерінің 22.02.03 ж. N 22, 24.05.03 ж. N 59, 61 сандарында жарияланды).
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары А. К. Есенғалиевке және М. М. Әбдірахмановқа жүктелсін.
Басқа 16. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы несиелендіру ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 32 қаулысына 1 қосымша Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы несиелендіру ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 505-II Заңында қаралған N 10 "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көктемгі егіс және жинау жұмыстарын несиелеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2004 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысына сәйкес жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және жалдауға несие берудің тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады: несие беруші - жергілікті атқарушы орган; бюджеттік несие - несие берушінің республикалық бюджеттен шұғылдылық, төлемдік және қайтарымдылық шарттарымен берген ақшасы; қарыз алушы - қарыз алушы-банк; қарыз алушы-банк - соңғы қарыз алушыларды одан әрі несиелендіру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік несие алатын банктік операциялардың жекеленген түрлерін жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар; соңғы қарыз алушы - қарыз алушы-банк арқылы бюджеттік несие алушы заңды немесе жеке тұлға; бюджеттік несие жөніндегі берешек - қарыз алушының бюджеттік несиені белгіленген күнге өтемеген және кестеге сәйкес төлемеген төлемдер сомасы; конкурстық комиссия - ашық конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін конкурсты ұйымдастырушымен құрылған комиссия; бағдарлама әкімшісі - Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаменті.
Тарау 2. 2. Несиелендіру тәртібі
2. Несиелендіру тәртібі
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттен түскен 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге сомасындағы несие ресурсын Бағдарлама әкімшісі жану-жағар май материалдарын (80 %-дан кем емес несие ресурстарын), тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алу, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу және жалдау үшін қарыз алушы арқылы соңғы қарыз алушыларды тауарлы несиелендіру үшін қайтарымдылық, шұғылдылық және төлемдік шарттарымен сыйақының нөлдік мөлшерлемесі бойынша бөледі.
Тармақ 2
2. Несие беруші конкурстық комиссиямен анықтаған қарыз алушы-банкпен несиелік  келісім жасасады, онда бюджеттік несиені алудың, берудің және өтеудің барлық шарттары, сондай-ақ қарыз алушыға берілетін сыйақы ставкасын өтеу тәртібі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Бағдарлама әкімшісі: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру жөніндегі қаржы агенті міндетін орындауға банк операцияларының жекелеген түрлерін орындауға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар (бұдан әрі - қатысушы банктер) бойынша олардың арасында конкурс өткізу үшін Ұлттық банкке сұрау салады; Ұлттық банк ұсынған Қатысушы-банктер тізімін комиссияның қарауына енгізеді; мақсатты несие алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізбесін келіседі және оны қарыз алушы-банкке несие беру үшін жібереді; несиелік ресурстарды уақытында қайтармаған Қарыз алушыға қатысты наразылық - талап ету жұмыстарын жүргізеді; алынған несиенің облыстық бюджетке 2004 жылдың 1 қарашасына дейін қайтарылуын қарыз алушы-банк жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге қаржы агентінің функциясын орындайтын және бөлінген несиенің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылайтын қарыз алушы-банкті таңдап алуды банктерді таңдау жөніндегі комиссия қатысушы-банктер арасында конкурс өткізу арқылы төмендегі талаптарға сай жүзеге асырады;
Тармақша а
а) бюджеттік несиелендіруге байланысты шығындар деңгейінің неғұрлым аз болуы;
Тармақша б
б) қамтамасыз ету сапасы (көлемі, түрі, өтімділігі);
Тармақша в
в) банктердің қарыз портфелінің сапасы;
Тармақша г
г) банктердің меншік капиталының көлемі;
Тармақша д
д) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдері дәнді дақылдар егісінің жобаланған алқаптарына, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайына, несиені кепілдік қамтамасыз етудің қолда бар мүліктеріне қарай 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстары үшін жану-жағар май материалдарын (80 %-дан кем емес несие ресурстарын), тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алу үшін мақсатты несие алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізбесін Бағдарлама әкімшісіне береді; несие қаржысының түсуіне, мақсатты пайдаланылуына және уақытында қайтарылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Қарыз алушы: соңғы қарыз алушылармен несиелік шарттар жасасқаннан және оларға байланысты құжаттар рәсімделіп болғаннан кейін, қарыз алушы-банк олардың атына бөлінген бюджеттік несиенің сомасы есептелінетін несие есепшоттарын ашады. Несиені беру көрсетілген есепшоттан соңғы қарыз алушының есеп айырысу шотына ақша аудару немесе төлем құжаттарына төлеу жолымен іске асырылады.
Тармақ 7
7. Соңғы қарыз алушылар: ақшалай несиені мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді; мақсатсыз пайдаланылған жағдайда жасалған шарттарға сәйкес заңнамаларда белгіленген ретте жауап береді.
Тармақ 8
8. Алынған несиелердің мақсатты пайдаланылуына және уақытында қайтарылуына бақылауды қарыз алушы-банк, аудан әкімдері және бағдарлама әкімшісі қамтамасыз етеді.
Басқа 32. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерімен анықталған басқа ұйымдар арқылы несиелендіру ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 32 қаулысына 2 қосымша Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерімен анықталған басқа ұйымдар арқылы несиелендіру ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 505-II Заңында қаралған N 10 "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көктемгі егіс және жинау жұмыстарын несиелеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2004 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысына сәйкес жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және жалдауға несие берудің тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады: несие беруші - жергілікті атқарушы орган; бюджеттік несие - несие берушінің республикалық бюджеттен шұғылдылық, төлемдік және қайтарымдылық шарттарымен берген ақшасы; қарыз алушы (бұдан әрі - Қарыз алушы) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерімен анықталған басқа ұйымдар; соңғы қарыз алушы - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер, тауарлы несиені алушылар; бюджеттік несие жөніндегі берешек - қарыз алушының бюджеттік несиені белгіленген күнге өтемеген және кестеге сәйкес төлемеген төлемдер сомасы; бағдарлама әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті.
Тарау 2. 2. Несиелендіру тәртібі
2. Несиелендіру тәртібі
Тармақша 1
1) Соңғы қарыз алушыны тауарлы несиелендіру үшін бюджеттік несие беру туралы Қарыз алушымен шарт жасасуды Несие беруші атынан Бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) Республикалық бюджеттен түскен 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге сомасындағы несие ресурсын Бағдарлама әкімшісі жану-жағар май материалдарын (80 %-дан кем емес несие ресурстарын), тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алу және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу немесе жалдау үшін Қарыз алушы арқылы соңғы қарыз алушыларды тауарлы несиелендіру үшін қайтарымдылық, шұғылдылық және төлемдік шарттарымен сыйақының нөлдік мөлшерлемесі бойынша бөледі.
Тармақша 3
3) Соңғы қарыз алушыны республикалық бюджеттен қарызға алынған қаржы есебінен несиелендіруге Бағдарлама әкімшісі, аудан әкімдері және Қарыз алушы қатысады.
Тармақша 4
4) Бағдарлама әкімшісі: соңғы қарыз алушыны кейіннен тауарлы несиелендіру үшін несие ресурстарын аударуға Қарыз алушымен шарт жасасады; Қарыз алушының жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектердің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға немесе жалдауға арналған қаржының бөлуіне бақылау жасайды, алынған несиенің облыстық бюджетке қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді; несие ресурстары уақытында қайтарылмаған жағдайда Қарыз алушыға қатысты наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізеді; Қарыз алушыға бөлінген қаржы толық қайтарылғанға дейін Қарыз алушының соңғы қарыз алушыдан жинаған астығын тауарлы несиені өтеу есебіне иеленеді. Қарыз алушыға астықты келісілген баға бойынша сатуға рұқсат береді.
Тармақша 5
5) Аудандардың әкімдері: Бағдарлама әкімшісіне және Қарыз алушыға тауарлық несие бөлуді келісу үшін соңғы қарыз алушының тізбесін береді; жану-жағар май материалдарының, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектердің түсуіне және мақсатты жұмсалуына, соңғы қарыз алушының ауыл шаруашылығы техникасын жалдауына немесе сатып алуына және олардың тауарлы несиені 2004 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде ақшалай немесе астық өнімдерімен (егер бұл келісім-шартта көрсетілген болса) уақытында қайтаруына бақылау жасайды; соңғы қарыз алушының несие ресурстарын қайтаруы туралы Бағдарлама әкімшісіне ақпарат береді.
Тармақша 6
6) Қарыз алушы: өтемді кепілді мүліктерді немесе басқалай қамтамасыз етуді көрсете отырып, соңғы қарыз алушыны тауарлы несиелендіруге арналған несие қаржысын алуға Бағдарлама әкімшісімен, сондай-ақ жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер алуды немесе ауыл шаруашылығы техникасын жалдауды және сатып алуды тауарлы несиелендіру үшін соңғы қарыз алушымен шарттар жасасады; соңғы қарыз алушыны тауарлы несиелендіруге бөлінген несиелік және материалдық ресурстардың мақсатты жұмсалуын және көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауды және сатып алуды қамтамасыз етеді; тауарлар сатып алуға конкурс өткізеді, тендерде ұтып алған әлеуетті жабдықтаушымен шарт жасасады және тауарлы-материалдық ресурстардың түсуін қамтамасыз етеді; аудан әкімдері ұсынған және өтемді кепілді мүліктерді немесе басқалай қамтамасыз етуді көрсеткен соңғы қарыз алушыға жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқымды дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға және сатып алуға нөлдік мөлшерлеме бойынша тауарлы несиелеу есебінен қаржы босатуды қамтамасыз етеді; есеп айырысу сәтіндегі рыноктық баға бойынша тауарлы несиені өтеу есебіне астық қабылдауды жүзеге асырады; бағдарлама әкімшісінен алған несие қаржысын шартта қаралған мерзімде қайтаруды қамтамасыз етеді, жасалған шартқа сәйкес бөлінген қаржыны уақытында қайтармағаны үшін қаржылай жауап береді; тауарлы несиені уақытында қайтармаған соңғы қарыз алушыға қатысты наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізеді; тауарлы несиелендіруге байланысты пайда болған өзінің шығындарын Бағдарлама әкімшісінің рұқсатымен астықты келісілген баға бойынша сату (егер несие астықпен қайтарылатын жағдайда) есебінен жабады; соңғы қарыз алушы несиені уақытында қайтармаған жағдайда Қарыз алушы жергілікті бюджетке қаржыны өз көздері есебінен қайтаруды қамтамасыз етеді. Аталған қаржыны қайтару мерзімі Бағдарлама әкімшісі мен Қарыз алушы арасында жасалған шартта көрсетіледі.
Тармақша 7
7) Соңғы қарыз алушы: тауарлы несие алу үшін Қарыз алушымен шарт жасасады және оны ақшалай немесе астық өнімдерімен (егер бұл шартта қаралған болса) дер кезінде қайтаруды қамтамасыз етеді; тауарлы кредиттің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді; тауарлы несиені мақсатсыз пайдаланған жағдайда жасалған шарт талаптарына сәйкес заңнамаларда белгіленген ретте жауап береді; алынған несие сомасын өтемді кепілдік мүліктермен немесе басқалай жолдармен қамтамасыз етеді. Қарыз алушы заңнамаларға сәйкес өтемді кепілді мүліктің құнын бағалайды және белгілейді.
Басқа 43. Бюджет қаржысының пайдаланылуын бақылау үшін ведомство аралық комиссияның құрамы
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 32 қаулысына 3 қосымша Бюджет қаржысының пайдаланылуын бақылау үшін ведомство аралық комиссияның құрамы Есенғалиев Абат Қадімұлы - облыс әкімінің орынбасары,комиссия төрағасы Жакиев Қайриден Есенғалиұлы - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Молдашев Жаңайдар Талапқалиұлы - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы, комиссия хатшысы Аманғалиев Ақылбек Теміржанұлы - облыстық коммуналдық меншіктер басқармасының бастығы Едгин Қазбек Хайрушұлы - облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Ізбасаров Борис Ізбасарұлы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының директоры (келісім бойынша) Исқақов Әділ Дүйсенұлы - облыстық қазынашылық басқармасының бастығы Құрманова Әсима Ғазизқызы - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары Нұрғуатов Марат Төлегенұлы - облыстық экономика басқармасының бастығы Хамитов Асқар Шәңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы