Об утверждении правил кредитования сельскохозяйственных товаропроизводителей из областного бюджета для организации проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» № 38 және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзумділік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулыларына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ережесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қарағанды облысының 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға бюджеттік кредит беру туралы келісімінің шарттары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қарағанды облысының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұқйымдастыруға кредит беру мақсатында екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу ережесі бекітілсін (3 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке, С.Б. Өтешовке жүктелсін.
Басқа 1. 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ЕРЕЖЕСІ
1 қосымша Қарағанды облысы әкімиятының «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ережесін бекіту туралы» 2004 жалғы 17 ақпан № 03/13 қаулысымен бекітілген 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қваңтардағы «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелерә туралы» № 38 қаулысымен бекітілген 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит беру ережесіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімділік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына, Қарағанды облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 12 ақпандағы IV сессияның 1419 нөмірімен тіркелген «Қарағанды Облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы ІІІ сессиясының «2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу тізіміне нормативтік құқықтық актілердегі тіркелген көмірі – 1365», № 69 шешіміне сәйкес әзірленген және кредиттер (одан әрі – Кредиттер) беру тәртібі мен шарттарын анықтайды және кредит беру объектілері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысына бөлінген бюджеттік қаржылар ашық конкурспен анықталатын заем беруші-банктер арасында бөлінеді.
Тармақ 3
3. Заем беруші банктерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит бөлгені үшін комиссиялық сыйақы көлемі Қарағанды облысының 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға бюджеттік кредит беру туралы келісімінің шарттарына сәйкес белгіленеді және облыстық бюджет есебінен өтеледі.
Тармақ 4
4. Ауыл шарушылығы тауарөндірушілері кредитті жанармай-жағармай материалдарын (кредиттің жалпы сомасының кемінде 80%), тұқымдар, тыңайтқыштар, гербициттер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға пайдалануға құқылы.
Тармақ 5
5. Бағдарлама әкімдегі егіс алаңының көлеміне байланысты және орталық атқарушы органдар бекіткен кредит беру ережелері негізінде кредит беру объектілері бойынша бөлінетін кредиттік ресурс сомасын бөлуді іске асырады.
Тармақ 6
6. 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беруді қажет етіндер тізімі және егіс алаңының көлеміне және қолда бар тұқым мөлшеріне байланысты наықталатын талап етілетін Кредит мөлшері ведомствоаралық комиссияда қарау үшін аудандар әкімдеріне жіберіледі және бағдарлама әкімгері бекітеді.
Тармақ 7
7. Облыс әкімі, Қазақстан Республикасының Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы кредиттік келісім-шартты бағдарлама әкімгері әзірлейді.
Тармақ 8
8. Заем беруші банктердің облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне берілген Кредиттерді жабуы соңғы заем алушыауылшаруашылығы тауарөндірушелердің Кредитті қайтаруы ахуалына байланыссыз 2004 жылғы 25 қарашаға дейін жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Осы кредиттік келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтмасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне 2004 жыл бойы секвестрленбейтін тиісті бюджеттік бағдарламаларды айқандай отырып, 2004 жылға арналған облыстық бюджеттерге Кредиттер бойынша түсім мен өтеуді көздейтін облыстық Мәслихат шешімі ұсынылады.
Басқа 2. Қарағанды облысының 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға бюджеттік кредит беру туралы келісімінің шарттары
2 қосымша Қарағанды облысы әкімиятының «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ережесін бекіту туралы» 2004 жалғы 17 ақпан № 03/13 қаулысымен бекітілген Қарағанды облысының 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға бюджеттік кредит беру туралы келісімінің шарттары Бап атауы Бюджеттік бағдарлама көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға бюджеттік кредит беру Бағдарлама Қарағанды облысында 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру Бағдарлама мақсаты Жанар-жағай май материалдарын (кредиттің жалпы сомасының кемінде 80%), тұқымдар, тыңайтқыштар, гербициттер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алу Кредит беру көздері Облыстық бюджетке республикалық бюджеттен бөлінген қаржылар Бағдарлама әкімшісі Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті Инвестициялық жобаларды іріктеу және техникалы-экономикалық негіздеме Басымдылығы жағынан облыстық ведомствоаралық комиссия мен бағдарлама әкімшісі анықтайтын жобалар Заем берушімен түпкі заем берушілердің тапсырыстарын қарастыру Техникалы-экономикалық негіздеме негізіндегі қарапайым сызба бойынша Заемшы Бюджеттің орындалуы жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесіне сәйкес кредит берушінің анықтаған банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар Түпкі заемшы Негізгі қызмет түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу болып табылатын заңды және жеке тұлғалар Бюджеттік кредит беру нысаны Заемшы, түпкі заемшы – мерзімді кредит немесе кредиттік жүйе, сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес кредит берудің басқа да нысандары Берілетін кредит валютасы Теңге Бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік кредит мерзімі және сомасы Қысқа мерзімді кезең – 270 млн. теңге Банк-заемшының кредит берушіге бюджеттік кредит беру және қайтару мерзімі Банк-заемшыға кредит беру және банк-заемшының кредитті өтеуі банк-заемшы мен кредит берушінің арасындағы кредиттік келісімге сәйкес жүзеге асырылады Банк-заемшының бюджеттік кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз ету Қолданыстағы заңдарға сәйкес кепілдеме, кепілдік, мүліктік кепілдік және мүліктік емес құқық және қамтамасыз етудің басқа да түрлері Түпкі заемшының банкке бюджеттік кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз ету Ауыл шаруашылығы техникалары, ауыл шаруашылығы жануарлары, жеке меншік құқығындағы және жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, қондырғылар және т.б. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы беру Заемшы-бюджетке-фиксацияланған ставка. Қаржы министрлігінің ұлттық валютада эмитирлеген мемлекеттік орта мерзімдік индекстелмеген құнды қағаздары бойынша құнды қағаздардың ұйымдасқан қайталамалы рыногындағы операциялар нәтижесі бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан кірістің орта өлшенген ставкасына сәйкес келеді. Түпкі заемшы – облыстық бюджеттен өтелетін заемшының бюджетке сыйақысының 1,5 еселік ставкасынан (банктің операциялық шығыстарын қоса алғанда) артық емес. Операциялық шығыстарды қоса алғандағы заемшының табысы Түпкі заемшы сыйақы ставкасы мен заемшының бюджетке сыйақысының ставкасы арасындағы айырмашылық заемшы шығыстарын өтеуді қоса алғанда түпкі заемшының түркі бюджеттік кредитімен байланысты. Бюджеттік кредит алудың, пайдалануды, өтеудің, қызмет көрсетудің басқа жағдайлары Жасалған кредиттік келісімдерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес
Басқа 3. Қарағнды облысының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 2004 Жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру мақсатында екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу ЕРЕЖЕСІ
3 қосымша Қарағанды облысы әкімиятының «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ережесін бекіту туралы» 2004 жалғы 17 ақпан № 03/13 қаулысымен бекітілген Қарағнды облысының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 2004 Жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру мақсатында екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» № 38 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуын жіне есептілік нысандарын жүргізу (мерзімділік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына (әрі қарай Қаржылық процедуралар ережесі) сәйкес әзірленген және банк-заемшы арасында конкурс өткізу, берілген кредиттер бойынша келісім жасау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру, өтеу және қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ережеде мынандай терминдер мен түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Конкурс – жергілікті бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында қаржылық рәсімдер Ережесінің 18 тарауына сәйкес және конкурсқа қатысуға арнайы шақыру алған банкт операцияларының жекелеген түрлерін іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар кредит беруші анықтаған екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар қатысатын екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың бюджеттік кредит алуына және түпку заемшыларға кредит беру үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар арасындағы конкурс;
Тармақша 2
2) Кредит беруші – облыстық әкімият;
Тармақша 3
3) Бағдарлама әкімгері – ауыл шаруашылығы департаменті;
Тармақша 4
4) Бюджеттік кредит – облыстық бюджеттен мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шартында кредит берушілер ұсынатын ақшалар;
Тармақша 5
5) Конкурстық комиссия – конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін әкімгер құрған комиссия;
Тармақша 6
6) Облыстық ведомствоаралық комиссия – түпкі заемшылардың тізімін анықтау үшін облыс әкімияты құрған және облыстық Мәслихат бекіткен комиссия;
Тармақша 7
7) Түпкі заемшы – негізгі қызмет түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу болып табылатын заңды және жеке тұлғалар;
Тармақша 8
8) Қатысушы – заңды тұлға – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіп бойынша тіркелген банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар;
Тармақша 9
9) Конкурс женімпазы – конкурстық комиссия шешімі бойынша конкурсты жеңген болып табылған қатысушы.
Тарау 2. 2. Конкурс өткізуді ұйымдастыру
2. Конкурс өткізуді ұйымдастыру
Тармақ 3
3. конкурс өткізуді ұйымдастырудың жалпы тәртібі Қарағанды облысы әкімиятының 2003 жылғы 19 мамырдағы 1193 нөмірімен тіркелген «Бюджеттік кредиттер беру туралы келісімнің шарттарын және екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» № 07/01 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу, кредит беру, өтеу және қызмет көрсету ережесін сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Республикалық және жергілікті бюджет қаржылары есебінен бұрын алынған кредиті және они өтеу сапасы жөніндегі ақпарат және бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік ресурстарды игеру жөніндегі қатысушының жұмысы туралы пікірі конкурсқа қатысмудың міндетті шарттары болып табылады.
Тармақ 5
5. түпкі заемшыларға және кредит берушіге арналған сыйақы ставкасы (Қарағанды облысының 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға бюджеттік кредит беруге арналған Келісім шартымен белгіленген шекте) конкурс жеңімпазынын анықтаудың критерийлерінің бірі болып табылады;
Тармақ 6
6. конкурс қорытындысы бойынша хаттама негізінде бағдарлама әкімшісі облыс әкімиятының тиісті қаулысының жобасын еңгізеді. Кредит беруші теріс шешім қабылдаған жағдайда бағдарлама әкімшілері конкурстың қайта өткізілуін ұйымдастырады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету тәртібі
3. Бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 7
7. Банктер кредит беруді 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне кредит беру ережесіне сәйкес жүргізеді.
Тармақ 8
8. Кредиттік шарттар тіркелгеннен және кредит беруші мен банк-заемшы арасындағы міндеттемелер тіркелгеннен кейін кредит беруші мен банктердің-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінім және 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және 12-1, 12-2, 12-3 және 12-4 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қабылданған міндеттемелерге арналған тапсырыс негізінде және мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесінің 11 тарауында сипатталған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. тараптардың бюджеттік кредиттеу кезінде туындаған барлық даулары мен пікір қайшылықтары жасасқан кредиттік шарттардың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
Тармақ 10
10. банк-заемшылардың кредит берушінің кредиттік ресурсынан түпкі заемшыларға бюджеттік кредит беруі қолданылып жүрген заңдарға, кредит берушімен жасалған кредиттік келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. банк-заемшы бағдарлама әкімгері бекіткен түпкі заемшылардың тізімі негізінде түпкі заемшыларға кредит беру туралы шешім қабылдайды және олармен кредиттік келісім жасайды.
Тармақ 12
12. кредиттік келісімдер мен оларға байланысты құжаттар жасасқаннан кейін банк-заемшылар түпкі заемшының атына қарыз ақша шотын ашады, оған кредиттік келісімдерге сәйкес бюджеттік кредиттердің сомасы есептеледі. Көрсетілген шоттан түпкі заемшының есеп шотына ақшаны аудару немесе оның төлем құжаттарын төлеу арқылы кредит беру жүргізіледі.
Тармақ 13
13. өтеуді және бюджеттік кредиттің өтелуін қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға және кредиттік келісімге сәйкес реттеледі.