Об утверждении номенклатуры товаров, работ и услуг и их объемов (в процентном выражении), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства, на 2004 год Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы 8-бабының 2-2-тармағына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алуды заңнамада белгіленген тәртiппен осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң кемiнде 20 пайызы көлемiнде жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Шағын кәсіпкерлік субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2004 жылғы 5 наурыздағы
№ 284 қаулысымен
бекiтілген
Шағын кәсіпкерлік субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлiк тауарлары:
Тармақша 1
1) ұн;
Тармақша 2
2) нан, нан-тоқаш өнiмдерi;
Тармақша 3
3) макарон өнiмдерi;
Тармақша 4
4) жармалар;
Тармақша 5
5) сүт, кілегей;
Тармақша 6
6) сары майлар және өсiмдiк майлары;
Тармақша 7
7) ашыған сүт өнiмдерi;
Тармақша 8
8) ет (жас, консервіленген), ет өнiмдерi;
Тармақша 9
9) шұжық өнiмдерi;
Тармақша 10
10) балықтан жасалған өнiмдер (жас, жас мұздатылған, қақталған);
Тармақша 11
11) алкогольсiз сусындар, шырындар;
Тармақша 12
12) кондитерлiк бұйымдар;
Тармақша 13
13) жұмыртқа;
Тармақша 14
14) табиғи бал;
Тармақша 15
15) балалар тағамы;
Тармақша 16
16) көкөнiстер, жемiстер (консервіленген), картоп;
Тармақша 17
17) қант (құмшекер, шақпақ қант, кесек қант);
Тармақша 18
18) тұз;
Тармақша 19
19) тауықтар (тауықтың саны);
Тармақша 20
20) кептiрiлген жемiстер;
Тармақша 21
21) ашытқылар;
Тармақша 22
22) томат пастасы;
Тармақша 23
23) тұздықтар;
Тармақша 24
24) ауыл шаруашылығы шикiзаты;
Тармақша 25
25) теңiз өнiмдерi, балықтан және теңiз өнiмдерiнен жасалған консервiлер;
Тармақша 26
26) iрiмшiк (қатты, жұмсақ тұздалған);
Тармақша 27
27) татымды заттар және дәмдеуiштер;
Тармақша 28
28) сорпа концентраттары;
Тармақша 29
29) саңырауқұлақтар;
Тармақша 30
30) бақша жемiстерi мен жабайы жемiстер.
Тармақ 2
2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
Тармақша 1
1) теріден (табиғи, жасанды) тiгiлген киiмдер және оның керек-жарақтары терiден тiгiлген бас киiмдер;
Тармақша 2
2) әскерилендiрiлген құрамалар үшiн арнайы киiм-кешектi қоспағанда тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
Тармақша 3
3) әскерилендiрiлген құрамалар үшiн арнайы киiм-кешектi қоспағанда, тiгiн бұйымдары;
Тармақша 4
4) аяқ киiм;
Тармақша 5
5) аяқ киiм майы;
Тармақша 6
6) тұрмыстық, мектептiк және офистiк жиһаз;
Тармақша 7
7) құрылыс материалдары:
түсқағаз қағазы (түсқағаздар) және басқа да қабырғалық жабындылар;
едендерге төселетін, пештердi қаптайтын тақталар;
кiрпiш;
цемент;
құм;
кесілген ағаш материалдары;
ағаш бұйымдары;
шыны пакеттер;
санфаянс;
пенопластикалық тақталар;
пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есiктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдар, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсеу материалдары (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
полиэтилен құбырлары;
жылу сақтайтын материалдар;
лак бояу бұйымдары;
еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
шегелер;
Тармақша 8
8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар;
Тармақша 9
9) кабель өнiмдерi;
Тармақша 10
10) жууға арналған заттар;
Тармақша 11
11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
Тармақша 12
12) музыкалық аспаптар;
Тармақша 13
13) дәрілiк заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы заттар;
Тармақша 14
14) жабдықтар:
стандартқа сай емес жабдықтар;
тұшыту жабдықтары;
Тармақша 15
15) кеңсе тауарлары;
Тармақша 16
16) дәрілiк препараттар өндiруге арналған минералдық шикiзат;
Тармақша 17
17) тоқыма шикiзаты;
Тармақша 18
18) отын (көмiр, мазут, ағаш);
Тармақша 19
19) жер бетiндегi органикалық заттар;
Тармақша 20
20) көшiру-көбейту және ұйымдастыру техникасы, жинақтауыштар;
Тармақша 21
21) ұйымдастыру техникасына қосалқы бөлшектер (бағдарламалық қамтамасыз ету);
Тармақша 22
22) қой терiсiнен жасалған бұйымдар;
Тармақша 23
23) қаракөл, қаракөл терiсiнен жасалған бұйымдар;
Тармақша 24
24) киiзден жасалған бұйымдар;
Тармақша 25
25) әйнектен жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 26
26) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 27
27) қолөнершілер бұйымдары;
Тармақша 28
28) машина жасау және басқа да өнеркәсiп кәсiпорындарына арналған жинақтауыш бұйымдар мен материалдар;
Тармақша 29
29) бау-бақша, бақша аспаптары;
Тармақша 30
30) былғарыдан жасалған бұйымдар.
Тармақ 3
3. Жұмыстар мен қызметтер көрсету:
Тармақша 1
1) жөндеу-құрылыс жұмыстары;
Тармақша 2
2) автомобиль техникасын жөндеу;
Тармақша 3
3) полиграфиялық;
Тармақша 4
4) көлiктiк-экспедициялық;
Тармақша 5
5) күрделi тұрмыстық техниканы жөндеу;
Тармақша 6
6) ғұрыптық;
Тармақша 7
7) заңды және нотариалдық;
Тармақша 8
8) қоғамдық тамақтандыру қызметi;
Тармақша 9
9) делдалдық, оның iшiнде жанар-жағармай материалдарын сақтау мен сату жөнiндегi;
Тармақша 10
10) тұрғын үй-коммуналдық;
Тармақша 11
11) тұрмыстық (монша-кiр жуу химиялық тазалау);
Тармақша 12
12) ұйымдастыру техникасын, бақылау-касса машиналарын, дыбыс және бейне техникаларды жеткiзiп беру және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;
Тармақша 13
13) интернет-провайдер қызметi;
Тармақша 14
14) көшiру-көбейту және ұйымдастыру техникаларына қызмет көрсету;
Тармақша 15
15) шаштараз;
Тармақша 16
16) киiмдер, арнаулы киiмдер тiгу және жөндеу;
Тармақша 17
17) суретке түсiру қызметтерi;
Тармақша 18
18) белгi, медаль, марапаттау кубоктары, вымпелдер, ту дайындау;
Тармақша 19
19) туризм;
Тармақша 20
20) жалға беру қызметтерi;
Тармақша 21
21) аяқ киiм жөндеу;
Тармақша 22
22) былғары, пластмасса және металл галантереяларын жөндеу;
Тармақша 23
23) балалар мен мектеп мекемелерiне тамақ өнiмдерiн жеткiзiп беру;
Тармақша 24
24) жарнамалық-ақпараттық, баспалық қызметтер көрсету;
Тармақша 25
25) аударма iсi қызметін көрсету;
Тармақша 26
26) мөртабан-мөр және жiбек жазба;
Тармақша 27
27) эстетикалық қызметтер көрсету (визаж, косметологтардың қызметтер көрсетуi мен консультациялар).