О распределении целевых трансфертов из республиканского бюджета на 2004 год на развитие малых городов, в том числе с депрессивной экономикой Қолданыста
Басқа 0
2004 жылға арналған республикалық бюджеттен шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалаларды дамытуға мақсатты трансферттерді бөлу туралы
2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабын, 2004 жылғы 28 қаңтардағы № 96 "Шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалаларды дамытуға облыстық бюджеттерге мақсатты трансферттерді бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында, 2004 жылғы 11 ақпандағы "2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 "Қостанай облысының 2004 жылға арналған облыстық бюджеті туралы" Қостанай облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облыстық мәслихаты (үшінші шақырылуының үшінші сессиясы) шешімінің 9-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалаларды дамытуға Жітіқара ауданының және Арқалық қаласының бюджеттеріне бөлінген мақсатты трансферттер сомасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Жітіқара ауданының және Арқалық қаласының әқімдеріне:
Тармақша 1
1) бөлінген қаражаттың мақсатына қарай жүмсалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) есептік келесі айдың 5 күніне дейін 2004 жылғы бірінші жарты жылдықта және жалпы 2004 жылы бөлінген қаражаттың пайдаланылғаны туралы Қостанай облысының қаржы департаментіне есеп беріліп отырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраган қалаларды дамытуға аудан (қалалардың) бюджеттеріне бөлінген мақсатты трансферттер сомасы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2004 жылғы 16 ақпандағы
№ 34 қаулысына
қосымша
2004 жылға арналған республикалық бюджеттен шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраган қалаларды дамытуға аудан (қалалардың) бюджеттеріне бөлінген мақсатты трансферттер сомасы
№
Бюджеттің атауы
Қаражатты пайдалану бағыты
Сома, мың теңге
1
2
3
4
1.
Арқалық қаласы
Арқалық қаласының айыру-су құбырының қайта жаңғыртылуының басталуы
15 000
2.
Жітіқара ауданы
Жітіқара қаласының жылу желісінің қайта жаңғыртылуының басталуы
15 000
БАРЛЫҒЫ
30 000