Об утверждении Правил выплаты средств на сохранение и восстановление генофонда малочисленных и исчезающих пород, типов и линий сельскохозяйственных животных на 2004 год Қолданыста
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге 2004 жылға арналған қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiру және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi сапалы асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге 2004 жылға арналған қаражат төлеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 3. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге 2004 жылға арналған қаражат төлеу Ережесі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 312 қаулысымен бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге 2004 жылға арналған қаражат төлеу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 108 "Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiру" кiшi бағдарламасы бойынша 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге арналған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрамына кiретiн селекциялық-генетикалық орталықтарды субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Субсидия мынадай мақсаттарға арналған:
Тармақша 1
1) коллекциялық табындар құру үшiн сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының құнын толық өтеу;
Тармақша 2
2) сатып алынатын арнайы технологиялық жабдықтардың (бұдан әрi - арнайы жабдық) құнын толық өтеу;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын ұстау жөнiндегi шығындарды өтеу.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Ауылшарминi) коллекциялық табындарды қалыптастыру үшiн ауыл шаруашылығы жануарларының саны aз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының сатып алынатын арнайы жабдықтарының тiзбесi мен санын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын ұстаудың нормативтерiн бекiтедi.
Тарау 2. 2. Қаражат төлеу тәртiбi
2. Қаражат төлеу тәртiбi
Тармақ 4
4. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мақсаттарға арналған субсидияларды алу үшiн:
Тармақша 1
1) Кәсiпорындар ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының арнайы жабдықтарының тiзбесi мен санына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алу рәсімін жүзеге асырады және ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тиiстi арнайы жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарын жасасады;
Тармақша 2
2) Кәсiпорындар шарттар жасасқаннан кейiн 10 күн iшiнде, бiрақ 2004 жылғы 1 қыркүйектен кешiктiрмей, шарт түпнұсқасының бiр данасын Ауылшарминiне бередi.
Тармақ 5
5. Осы Ереженiң 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген мақсаттарға арналған субсидияларды алу үшін:
Тармақша 1
1) Кәсiпорындар заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алу рәсiмiн жүзеге асырады және мал азығын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады;
Тармақша 2
2) Кәсiпорындар Ауылшарминiне:
шарттар жасасқаннан кейiн 10 күн iшiнде, бiрақ 2004 жылғы 1 қыркүйектен кешiктiрмей, шарт түпнұсқасының бір данасын;
ай сайын 25-i күнiнен кешiктiрмей, ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын ұстау жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
Тармақ 6
6. Ауылшарминi ұсынылған құжаттардың заңнамада белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес Кәсiпорындардың есеп айырысу шоттарына есептелген соманы аударады.
Тармақ 7
7. Кәсiпорындар жануарлар мен арнайы жабдықтарды сатып алғаннан кейiн субсидиялардың мақсатты пайдаланылғанын растауға 30 күннің iшiнде барлық төлем құжаттары мен кiрiс тауарлары актiлерiнiң көшiрмелерiн Ауылшарминiне бередi.
Тармақ 8
8. Ауылшарминi осы Ереженің 4 және 5-тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына төлеуге шотты береді.