Об организации социальных рабочих мест в 2004 году Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шараларды белгілеу мақсатында және Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 26 наурыздағы N№296 "2003-2005 жылдарда Қазақстан Республикасында кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру үшін, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін құрылған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржылау Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (А.Ж. Нұрланов) 2004 жылы қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге алынған халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жолдасын және оларға еңбекақы төлемдерін жүргізсін.
Тармақ 3
3. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ. Тәжібаев) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылауға ақшалай қаражаттың уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін.
Басқа 5
Алматы қаласы әкімшілігінің
2004 жылы "17" желтоқсандағы
N 2/132 қаулысына қосымша
2004 жылы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін құрылған әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржылау
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржылау тәртібін белгілейді, жұмыс берушінің жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылын реттейді.
Тармақ 2
2. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орыны жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге алынған халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің еңбек ақысын жергілікті бюджет қаражатынан ең төменгі бір жалақы мөлшерінде, үстем ақы мөлшерін өз қаражатынан төлеп жұмыс берушімен құрылатын немесе ұсынылатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топ жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін және әлеуметтік қорғауға мұқтаж, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-ші бабындағы 2-ші тармағымен белгіленген тұлғалар тобы;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жергілікті бюджеттен қаржыланатын, Алматы қаласында халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем көрсетуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін (әрі қарай - уәкілетті орган) атқарушы орган.
Тармақ 3
3. әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, салық салу, зейнетақылық қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңдары таралады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және онда жұмыссыздарды жұмысқа
орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және онда жұмыссыздарды жұмысқа
орналастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражаттарымен белгіленеді немесе құрылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды және олардың еңбекақыларына арналған бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, уәкілетті орган жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын құруға немесе ұсынуға дайын, өз жазбаша сұрауы бойынша барлық меншік нысанындағы ұйымдардың тізбесін белгілейді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісім-шартқа отырады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган жұмыссыздардың келісімімен оларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуы үшін жолдама береді.
Тармақ 8
8. Жұмыс беруші жолдамамен жіберілген жұмыссыз азаматтармен жеке еңбек келісім-шартына отырады және үш күндік мерзімде белгіленген жалақысы мен өз қаражатынан төлейтін үстем ақы мөлшері көрсетілген жұмыссызды жұмысқа қабылдау туралы уәкілетті органға бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
Тармақ 9
9. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жұмысшымен отырған жеке еңбек келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, үш күннің ішінде жұмысшыны жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынып уәкілетті органға хабар береді.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орнында істеуге жасалған жеке еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші жұмысшының еңбек ақысын өз қаражатынан төлеп белгісіз мерзімге келісім-шарт күшін ұзартады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын
қаржылау көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын
қаржылау көздері мен шарттары
Тармақ 11
11. Жергілікті бюджет қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаттары әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылау көздері болып табылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың жалақы мөлшері атқарылатын жұмыстың саны, сапасы және күрделілігіне қарай жұмыс берушінің өзімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген ең төменгі жалақыдан аз болмауы тиіс. Әлеуметтік жұмыс орнында істейтін жұмыскердің, жергілікті бюджеттен қаржыланатын, жалақысы ең төменгі бір жалақы мөлшерінен асқан жағдайда, жұмыс беруші үстемақыны өз қаражатынан жүргізеді.
Тармақ 13
13. Аталған санат азаматтарының еңбекақы төлемі ең төменгі бір жалақы мөлшерінде уәкілетті органмен және үстемақы белгілеген жағдайда жұмыс берушімен жұмыскерлердің екінші деңгейлі банктердегі есеп-шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
Жұмыскер банк мекемесінде ашылған өзінің есеп-шотының мәліметтерін уәкілетті органға береді. Қаражат жұмыс беруші ұсынған жұмысшыны жұмысқа алған бұйрықтың көшірмесі, жұмыс уақыты тізімдігінің негізінде аударылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржылау тәртібіне бақылау жасау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржылау тәртібіне бақылау жасау
Тармақ 14
14. Осы Ережеге бақылауды уәкілетті орган және басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген тәртіп пен құзырлық шегінде жүргізеді.