О формировании и использовании государственных ресурсов зерна на 2004 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2004 жылға арналған көлемдері: мемлекеттік азық-түліктік астық резерві: 2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге - 600000 (алты жүз мың) тонна мөлшерінде; 2004 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсан кезеңіне - 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерінде; мемлекеттік жемдік астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік тұқым ресурстары 85000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік сатылатын астық ресурстары 100000 (бір жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2004 жылы пайдалану көлемі: мемлекеттік жемдік астық ресурстары 1 000 (бір мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 85 000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.