О предупреждении и ликвидации чрезвычайных ситуаций в период паводка 2004 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстың халқы мен аумақтарын қорғау, тасқын суды апатсыз өткізу, көлтабандарды сумен толтыру және негізгі су қоймаларына су қорын жинау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылдың су тасқынынан Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі ұсынып отырған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Су тасқынына қарсы облыстық комиссияның құрамы бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына, Орал қаласының және аудандардың әкімдеріне:
Тармақша 1
1) су тасқыны кезеңінде олардың қарауындағы нысандардың, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) су тасқынына қарсы шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын сақтасын. Алынған шаралардың барысы туралы облыс әкімдігіне оқтын-оқтын хабарланып отырсын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тағы басқа көзделмеген шығындарға және 3 қосымшаға сәйкес су тасқынынан халықты және аумақты қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға байланысты шығындарды қаржыландыруға жергілікті атқарушы органдар резервінен 84 239 (сексен төрт миллион екі жүз отыз тоғыз) мың теңге қаржы бөлсін.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының 4 қосымшаға сәйкес күштері жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.
Басқа 9. 2004 жылдың су тасқынынан Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 46 қаулысына бекітілген 2004 жылдың су тасқынынан Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар ЖОСПАРЫ Р/с № Шаралар Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі 1 2 3 4 1 Ведомствоға қарасты аумақтарда су тасқынын апатсыз өткізу жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету, қысылтаяң жағдайларда тұрғындарды көшіру бағытын анықтау. Қорғаныс ғимараттарын, бөгеттер мен бөгетшілерді бекітуге қажетті материалдық-техникалық және басқа да қажетті қорларды құру. Жиналған тасқын суларды ауыл шаруашылығы мақсаттарына қолдануды қамтамасыз ететін, жергілікті маңызы бар бөгеттерді дер кезінде қалпына келтіру. Су тасқынына қарсы комиссиялардың дербес құрамын бекіту. Су тасқыны кезеңінде тәулік бойы кезекшілік белгілеу. Қала және елді мекен аумағын қардан тазарту, еріген суларды ағызу бригадаларын ұйымдастыру. ғимараттар мен құрылыстардан суды ағызу жөнінде жұмыстар үшін инженерлік техникалар кезекшілігін қамтамасыз ету. Орал қаласының және аудан әкімдері 10.03.2004 ж. 2. Шағылтас, құм, құрал жабдықтарды уақытында дайындап, инженерлік техникаларды дайындық қалпына келтіріп және оларды бағыттар бойынша бекіту. Су басуы мүмкін автокөлік жолдарында қозғалысты шектеуді және техникалық жабуды ұйымдастыру. Су тасқыны салдарынан бұзылған өткелдерді дереу қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Облыстық автокөлік жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы. Облыстық көлік және коммуникация басқармасы. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы 10.03.2004 ж. 3. Темір жолдағы жасанды құрылыстар, кәріздеу қондырғылар және деформацияға қарсы құрылыстар дайындау. Станция аумағын қар мен мұздан шағын көпірлер мен құбырлардың, кюветтердің тесіктерін, өткел астындағы су өтетін құрылыстарды тазарту. Су тасқыны кезеңінде қауіпті участкелерде қосымша жол шолушы және кезекшілік тағайындау. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Орал тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша) 1.03.2004 ж. 4. Шаған су қоймасының толқын соғатын бөлігінде кезек күттірмейтін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Апатты жерлерге шақпақ тасты жеткізуге шаралар қолдану. Суды өткізу мәселесінде Орал өзені бойынша Орынбор облысының үкіметімен, Үлкен және Кіші өзендер бойынша Саратов облысының үкіметімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Орал-көшім жүйесінің барлық су торабында мамандар мен техниканың кезекшілігін ұйымдастыру. "Батыссу" шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) жұмыс кестесіне сәйкес 5. Су тасқыны кезінде электр желілерінің, байланыстық, су құбырларының және газ құбырларының қалыпты жұмыс істеуін, сақталуын, қорғалуын қамтамасыз етудің нақты шараларын әзірлеу және іске асыру "Оралэнерго" ААҚ, "Оралоблгаз" ААҚ, "Орал" магистралды газ құбырлары басқармасы, облыстық телекоммуникациялар дирекциясы, "Облыстық су құбыры және канализация"басқармасы МҚК (келісім бойынша) 1.03.2004 ж. 6. Өзендегі су деңгейін бақылайтын барлық гидрологиялық бақылау постыларын іске қосу. Су тасқынына қарсы комиссияға қар жиналу, өзендердегі және басқа су нысандарындағы судың деңгейін күн сайын хабарлап отыру. Батыс Қазақстан облыстық гидрометеорология орталығы (келісім бойынша) 10.03.2004 ж. 7. Құтқару, апаттық және басқада болжанбаған жұмыстарды жүргізу үшін жану-жағар май қорын жасау және оны жағдайға байланысты шұғыл пайдалану. Қажет болған жағдайда тасқын суға қарсы кезек күттірмейтін шаралар үшін селолық аудандарға жану-жағар май материалдарын бөлу. Су тасқынына қарсы шараларды жүргізу үшін авиатехника тартуға қамтамасыз ету. Зардап шеккендерді уақытша орналастыратын және тамақтандыратын шұғыл бағдарлау пункттерін жабдықпен, техникамен, мүлікпен қосымша жабдықтау. "Оралсужобалау" ЖСШ-мен бірлесіп (келісім бойынша) Владимировка ауылындағы ағынды бағыттағыш бөгет құрылысы ауданында тасқын су мониторингін өткізу. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы 10.03.2004 ж. 8. Су басу қаупі бар елді мекендердегі емханаларды дәрі-дәрмек, медициналық мүліктер және азық-түлік қорымен қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың шығуының және таралуының алдын-алу мақсатында санитарлық-гигиеналық жағдайға бақылауды күшейту. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1.03.2004 ж. 9. Су тасқыны кезеңінде ведомствоға қарасты оқу мекемелерін, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын бөлінуден қорғау жөнінде қажетті жұмыстар жүргізу. Облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет басқармалары 1.03.2004 ж.
Басқа 10. Су тасқынына қарсы облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 46 қаулысына бекітілген Су тасқынына қарсы облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Басқа 11. 2004 жылдық су тасқынына қарсы шараларды қамтамасыз етуге қаржы бөлу ЕСЕБІ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 46 қаулысына 3 қосымша 2004 жылдық су тасқынына қарсы шараларды қамтамасыз етуге қаржы бөлу ЕСЕБІ 1. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына, соның ішінде: 63 434 мың теңге 1) өзен арналарын барлау және қажет болған жағдайда тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмек, материалдарды, мұз жаратындарды, сондай-ақ су басқан аймақтардан адамдарды жедел көшіру үшін авиатехниканы тарту; 10 000 мың теңге 2) шағын өзендердегі, Жайық өзеніндегі су тасуын болжау, өзендердегі су деңгейінің көтерілу жөнінде күнделікті деректер алып тұру үшін облыстық гидрометеорологиялық орталықпен шарт жасасуға; 800 мың теңге 3) төтенше жағдайлар аймақтарына күш пен құралдар апару, техника тарту, шұғыл бағдарлау бөлімшелерін қосымша жабдықтауға, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының аудан әкімдерінің және "Батыссушаруашылығы" РМК-ның есептеріне сәйкес материалдар, жабдықтар, арнаулы киімдер, жану-жағар май, басқа құралдарды сатып алуға; 10 000 мың теңге 4) жарғыштар бригадасының кезекшілігін және сең жинақталуын жою жөніндегі жару жұмыстарын ұйымдастыруға; 2 000 мың теңге 5) Владимировка ауылының өзен жағасын бекіту жұмыстарын жүргізу ауданында Жайық өзенінің арнасын және жағаларын өзгертуде тәуліктік мониторингін "Оралсужобалау" ЖШС жобалау институтының күштерімен ұйымдастыруға; 922 мың теңге 6) "Евразия" кешеніне автокөлік жолының өзенге жанасатын орнында Деркөл өзеннің жағалауын бекіту жұмыстарына; 12 000 мың теңге 7) Шаған су қоймасының толқын соғатын бөлігінде апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстарына; 5 500 мың теңге 8) Киров, Дөңгелек, Шаған, Рыбный Сакрыл су қоймаларының апаттық қауіпі бар объектілеріне, Орал-Көшім жүйесінің басты құрылыстарына шақпақ тастар сатып алуға және апаруға; 2 312 мың теңге 9) Шаған өзенінің жағалауын бекіту, "Самал", "Евразия" кешендерін қорғау мақсатында табиғи емес өзенді кептіру жұмыстарына. 19 900 мың теңге 2. Орал қаласының әкіміне облыс орталығының N 2 ағынды су жинақтаушы бөгетін бекітуге. 7 000 мың теңге 3. Зеленов ауданының әкіміне Зеленое ауылының қорғаныс бөгетін бекітуге. 3 000 мың теңге 4. Теректі ауданының әкіміне Федоровка бөгетін бекітуге. 1 955 мың теңге 5. Тасқала ауданының әкіміне Шежін-1, Атамекен ауылдарының қорғаныс бөгетін бекітуге. 4 680 мың теңге 6. Шыңғырлау ауданының әкіміне Жыланды ауылының бөгетін бекітуге. 4 170 мың теңге ЖИЫНТЫҒЫ: 84 239 мың теңге
Басқа 12. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күштері жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 46 қаулысына 4 қосымша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күштері жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. "2003 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын-алу мен жою туралы" (тіркеу N 2005) 2003 жылғы 27 ақпандағы N 59, облыстық газеттер "Орал өңірінде" 2003 жылғы 15 наурыздағы N 30, "Приуральеде" 2003 жылғы 15 наурыздағы N 30 сандарында жарияланған;
Тармақ 2
2. "Облыс әкімдігінің "2003 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын-алу мен жою туралы" (тіркеу N 2005) 2003 жылғы 27 ақпандағы N 59 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу N 2129) 2003 жылғы 5 мамырдағы N 100, облыстық газеттер "Орал өңірінде" 2003 жылғы 24 мамырдағы N 59, "Приуральеде" 2003 жылғы 24 мамырдағы N 61 сандарында жарияланған;
Тармақ 3
3. "Облыс әкімдігінің "2003 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын-алу мен жою туралы" (тіркеу N 2005) 2003 жылғы 27 ақпандағы N 59 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу N 2182) 2003 жылғы 23 мамырдағы N 110, облыстық газеттер "Орал өңірінде" 2003 жылғы 14 маусымдағы N 68, "Приуральеде" 2003 жылғы 12 маусымдағы N 70 сандарында жарияланған.