Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу весной и осенью 2004 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес облыстық мәслихаты мен облыс әкімдiгi шешім етті:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айрылған жоғары жастағы ер азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің кезектi шақыру туралы Жарлығына сәйкес 2004 жылдың сәуiр-маусымы мен қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын және оларды белгiленген мерзiмде әскерге жөнелтсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясы бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкімдерiне:
Тармақша 1
1) мынандай құрамында шақыру комиссияларын құрсын: комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар, комиссия мүшелерi - қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлімінің өкiлi, дәрігер қызметкерлерге басшылық жасайтын дәрігер және комиссия хатшысы;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезеңiнде әскери комиссариаттарға дәрігерлiк тексеру жүргiзу үшін жабдықталған ғимараттар, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi қызметшiлердi, сондай-ақ шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктiне тасымалдайтын автокөліктер бөлсiн;
Тармақша 3
3) азаматтардың әскери комиссариаттарға шақыру комиссиясынан дәрігерлiк тексеруден өтуiне тіркелуінің және оларды одан әрi әскери бөлімдерге жiберу үшін облыстық жинақтау пунктiне жөнелтудің барлық шаралары алынсын;
Тармақша 4
4) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде шақыру (жинақтау) пункттерiндегi жұмыстарға бөлiнген шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсететiн қызметшiлердің негiзгi жұмыс орындарындағы орташа еңбек ақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Атқарушы органдарға, меншiк түрі мен мекемелік құзырына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшыларына азаматтардың шақыру пункттерiне дер кезiнде жеткізілуiн қамтамасыз ету, мерзiмдi әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық әскери комиссариат жанындағы тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссия туралы Ереже (2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) шақыру кезеңiне арнап қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрігер-мамандар, медбикелер бөлсiн және облыстық әскери комиссариаттарының шақыру пункттерiн медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсiн.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін бекіту туралы" қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелерiне жiберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткiзсiн. Осы мақсатқа арнап аудандардың және облыстық емдеу мекемелерiнде төсек орындары бөлінсiн.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасына:
Тармақша 1
1) шақыру кезiнде облыстық жинақтау пунктiнде, қалалық және аудандық шақыру пункттерiнде, шақырылушылар жөнелтiлетiн темiржол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Орал қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға жетi күн мерзiмде қылмыстық iс қозғалған шақырушылар туралы хабарласын;
Тармақша 3
3) шақырудан жалтаратын адамдарды iздестiру және тұратын орнын анықтау жөнiнде шұғыл топтар құрсын.
Тармақ 8
8. Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру, дәрігерлiк тексеруден өткiзу және оларды әскери бөлімшелерге жөнелту жөнiндегi шараларды орындауға байланысты шығындарға облыстық бюджетте қаралған ақша қаражатын бөлсiн.
Тармақ 9
9. Облыстық әскери комиссар шақырудың барысы туралы облыстық мәслихатқа мен әкімiне дер кезiнде мәлiмдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2004 жылдың 15 шiлдесiнде және 2005 жылдың 15 қаңтарында тапсырсын.
Басқа 19. Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
№ 1 қосымша облыстық мәслихатының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-12 мен облыс әкімдiгінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 38 бірлескен шешімімен бекітілген Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Иманғалиев Абай Сәтиұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мұқатаев Геннадий Қадырұлы облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары Әжiғұлова Қашура Мұхтарқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Байдиев Батырбек Идиатұлы - облыстық әскери комиссариат жанындағы дәрігерлік комиссия төрағасы, дәрігер-терапевт Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Қаракушиев Валентин Мизапович - облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Құлшар Мәлік Иманқұлұлы - облыстық бiлiм басқармасы бастығының орынбасары Туқпаев Марат Бақытжанұлы - Облыстық әскери комиссариаттың 2-бөлім бастығының орынбасары Мерғалиева Маржан Балжұманқызы - комиссия хатшысы Комиссия төрағасы - облыс әкімінің орынбасары Төрағаның орынбасары облыстық әскери комиссардың орынбасары Биссалиев Орынғали Мүбәрәкұлы - қалалық iшкi iстер бөлімінің бастығы Жұмабаева Қалима Қарпанқызы - дәрігерлiк комиссия төрағасының орынбасары, дәрігер-терапевт Хохлачева Любовь Павловна - комиссия хатшысы
Басқа 20. Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
2 қосымша облыстық мәслихатының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-12 мен облыс әкімдiгінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 38 бірлескен шешімімен бекітілген Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге шақыру жасына дейінгілерді даярлау кезінде емдеу-сауықтыру жұмыстарын жетілдіру, мемлекеттік бағдарлама шараларын практика жүзіне асыру, жасөспірімдер мен шақырылатын жастардың денсаулығын қорғау, шақырылатын жастардың міндетті әскери қызметке дәрігерлік тексеруден өткізу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына кандидаттар іріктеу мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының іс-жүзіндегі заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына міндетті әскери қызметке шақырылатын азаматтарды, сондай-ақ әскери оқу орындарына кандидаттарды дәрігерлік тексеруден өткізу;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіпте денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізу;
Тармақша 3
3) қалалық және аудандық әскери комиссариаттардың дәрігерлік комиссияларына шақыру жасына дейінгі және шақырылатын жастарды емдеу-сауықтыру, сондай-ақ оларды шақырған кезде дәрігерлік тексеруден өткізу жұмыстарына тәжірибелік көмек көрсету;
Тармақша 4
4) шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды облыстық емдеу мекемелерінде дәрігерлік бақылаудан өткізу;
Тармақша 5
5) жас жауынгерлердің денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарынан оралу жағдайларын зерттеу, себептеріне талдау жасау, соларды кетіру шараларын анықтау;
Тармақша 6
6) ынталы мекемелермен бірлесіп шақырылатындардың денсаулығын қорғау, олардың еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу.
Тармақ 4
4. Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссияның құрамына келесі мамандар кіреді:
Тармақша 1
1) Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссияның жасөспірімдерді емдейтін дәрігер-терапевт есебінен тағайындалатын меңгерушісі (аға дәрігер). Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық әскери комиссариаттың дәрігерлік комиссиясының келісімі бойынша тағайындалады және жұмыстан босатылады. Тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлік комиссияның меңгерушісінің (аға дәрігерді?) кемінде 10 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы керек, кәсіби бағдар мен әскери дәрігерлік сараптау мәселелерін білуі қажет.
Тармақша 2
2) маман-дәрігерлер: хирург; терапевт; невропатолог; психиатр; окулист; отоларинголог; дерматовенеролог; стоматолог; рентгенолог; фтизиатр.
Тармақша 3
3) орта буын дәрігерлік қызметкерлер 11 адам, соның ішінде рентген-лаборант, клиникалық лабораторияның лаборанты.
Тармақ 5
5. Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссия қосымша құрылымдық бөлім ретінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының келісімімен облыстық әскери комиссариат жанындағы дәрігерлік комиссия бекіткен жоспарға сәйкес құрылады және жұмыс жасайды. Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру кезінде комиссия толық құрамында облыстық әскери комиссариаттың облыстық жинақтау пунктінде дәрігерлік тексеруден өткізіледі. Шақырулар аралығы кезеңінде:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға баруын ұйымдастырады, маман-дәрігерлерге емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге көмектеседі;
Тармақша 2
2) облыстық денсаулық сақтау мекемелері базасында шақыру жасына дейінгілер мен шақырылатындарды қабылдап, қалалық және аудандық әскери комиссариаттардың жолдамасы бойынша кеңес береді және олардың облыстық емдеу мекемелерінде тексерілуін және емделуін ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) өздерінің негізгі міндеттерінен бос уақыттарында облыс орталығында емдеу базаларында мамандықтары бойынша азаматтарды қабылдайды және емдейді;
Тармақша 4
4) шақыру комиссиясының әр шақыру кезеңі үшін жасалған жұмыстарына талдау жасайды, қорытындыларын, ұсыныстарын түсіреді.
Тармақ 6
6. Тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлік комиссияның маман дәрігерлері шақыру кезеңінде аға әскери маман - облыстық әскери комиссариат жанындағы дәрігерлік комиссия төрағасына бағынады. Қалған уақытында Тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлік комиссияның аға дәрігері - дәрігерлік комиссия төрағасының орынбасарының қарауында болады.
Тармақ 7
7. Тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлік комиссияның құрамындағы маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлердің жұмысы олардың негізгі жұмыс орны болып табылады. Жалпы және кәсіби өтілі облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімі бойынша есептеледі. Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы заңында айқындалған кепілдіктер мен құқықтардың бәрін де пайдаланады. Маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлер өздерінің тәжірибелік қызметін облыстық әскери комиссариат жанындағы дәрігерлік комиссия мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бекіткен міндеттемелер мен толтырылған еңбек қатынастары бойынша жүзеге асырады, ал туындаған даулы мәселелерді заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді.
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау органдары басшыларының шақырылушыларды дәрігерлік тексеруден өткізуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарын, бұйрық жобаларын, өкімдерін әзірлейді.
Тармақ 9
9. Шақыру жасындағы азаматтарға облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерінде көрсетілген дәрігерлік көмек жағдайын зерттейді, талдайды, бақылайды.
Тармақ 10
10. Облыстық әскери комиссариат жанындағы Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссия қалалық және аудандық әскери комиссариаттар жанындағы дәрігерлік комиссиялардың шешімін қайта қарауға құқылы.
Тармақ 11
11. Денсаулық сақтау органдары мен облыстық әскери комиссариатқа қалалық және аудандық әскери комиссариаттардың дәрігерлік қызметкерлерін шақырушыларға үлгілі дәрігерлік көмек көрсеткені үшін ынталандыру жөнінде және осымен қатар, сондай-ақ олардың кәсіби міндеттері мен еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар түсіреді.
Тармақ 12
12. Шақыру жасындағы жастарды облыс орталығындағы емдеу-сауықтыру мекемелеріне жолдау және емдеу, олардың мекемелік құзырына қарамастан, орындауға міндетті парызы болып табылады.
Тармақ 13
13. Тұрақты жұмыс істейтін облыстық дәрігерлік комиссияны қаржыландыру, маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлерге еңбек ақысын төлеу Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның 35-бабына сәйкес және облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімиятының бірлескен шешімі негізінде толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін облыстық әскери комиссариатқа көзделген қаржы бөлу арқылы жүзеге асырылады.