О кредитовании сельхозтоваропроизводителей на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ в 2004 году Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн кредиттеу туралы 2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзу және "2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарды кредиттеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 қаулысын орындау yшiн облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттен өзгерiстер қосымшаға сәйкес облыс мәслихат сессиясына бекiтiлуге енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. 10.1.257.010.000 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi кредиттеу»бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi болып Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi тағайындалсын.
Тармақ 3
3. 16.1.260.006 Жергiлiктi атқарушы органының қарыздарын өтеу»бюджеттiк бағдарлама 2004 қаржылық жыл iшiнде секвестрленуге жатпайды деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi кредиттеудi кредиттеу жөнiндегi операцияларын қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзсiн.
Тармақ 5
5. Қоса берiлгендер бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылық машиналары yшiн қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылық техникасын жалға алу немесе сатып алу yшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi кредиттеу Ережесi;
Тармақша 2
2) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге берiлген бюджеттiк кредиттiк ресурстарға қол жеткiзiмділiгiн және мақсатты пайдаланылуын бақылау мәселелерi жөнiнде облыстық ведомствоаралық комиссия құрамы.
Тармақ 6
6. Қаржы департаментiне кредиттердi мақсатты пайдаланылуына бақылау жасасын,ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi кредиттi толық және белгiленген мерзiмде қайтаруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.И.Сүлейменовке жүктелсiн.
Басқа 10
Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысымен бекiтiлген 2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн кредиттеу туралы 2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым дәрiлеуiш, ауыл шаруашылығы машиналары yшiн қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылығы техникасын жалға алу немесе сатып алу yшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi кредиттеу Ережелерi
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Осы кредиттеу Ережесi«2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарды кредиттеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысына сәйкес жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым дәрiлеуiштер, ауыл шаруашылық машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алу және ауыл шаруашылық техникасын жалға алу немесе сатып алуға бюджеттiк қаржыдан жеңiлдетiлген кредиттеудiң шарттарын, мерзiмдерiн және механизмiн айқындайды.
Тарау 2. 2. НЕГIЗГI ҰҒЫМДАР
2. НЕГIЗГI ҰҒЫМДАР Бағдарлама әкiмшiсi - ауыл шаруашылығы тауарлар өндiрушiлердi кредиттеу жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны негiздеу және жүзеге асыру үшiн жауапты және жергiлiктi бюджет қаржысынан қаржыландырылатын мемлекеттiк орган. Заем берушi банк - екiншi деңгейдегi банк немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң соңғы қарыз алушыларды одан әрi кредиттеу үшiн облыстық бюджеттен бюджеттiк кредит алатын банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым. Соңғы қарыз алушы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен айналысатын заңды тұлға немесе жеке тұлға.
Тарау 3. 3. КРЕДИТТЕУ ТӘРТIБI
3. КРЕДИТТЕУ ТӘРТIБI
Тармақ 3.1
3.1. Облыс әкiмдiгi республикалық бюджеттен алынған кредиттi - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментi - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi арқылы Заем берушi банкке,одан әрi ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылық машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылық техникасын жалға алуға немесе сатып алуға қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және қамтамасыздығы шарттарында нөлдiк сыйақысы ставкасы бойынша кредиттеу үшiн бөледi.
Тармақ 3.2
3.2. Облыстық бюджеттi нақтылауда кiрiс бөлiгiнде 601601 "Республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер", 501603 Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге берiлген кредиттердi қайтару» кодтар бойынша түсiмдер қарастырылады. Шығыстар бөлiгiнде - 10.1. 257. 010. 000 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi кредиттеу", коды 161260006 "Жергiлiктi атқарушы органның қарызын өтеу»бағдарламалары бойынша шығыстар қарастырылады.
Тармақ 3.3
3.3. Бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес заем берушi Банктердi айқындайды, олармен жанар-жағар май материалдарын (кредиттiк ресурсының 80% кем емес), тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылық машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылық техникасын жалға алуға немесе сатып алуға кредиттiк жүйеге қызмет көрсетуге және кредиттiк ресурстарды облыстық бюджетке 2004 жылғы 15 қарашадан кешiктiрмей қайтаруға кредиттеу келiсiм-шартын жасайды. Кредиттеу келiсiм-шартында заем берушi Банктер берiлген кредиттер үшiн оператормен және соңғы заем алушылармен есеп айырысу жағдайларына тәуелсiз алынған қаражаттарды облыстық бюджетке қайтару мiндетi айтылады.
Тармақ 3.4
3.4. Бағдарлама әкiмшiсi мен заем берушi Банктер арасындағы кредиттiк келiсiм-шарт жергiлiктi атқарушы органда тiркеледi.
Тармақ 3.5
3.5. Заем берушi Банк сәйкес келiсiм-шарт негiзiнде ауыл шаруашылығы тауарлар өндiрушiлерге,Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тәжiрибелiк кәсiпорындарына (станцияларына)мақсатты кредиттер бередi.
Тармақ 3.6
3.6. Ведомствоаралық комиссия кредиттiк ресурстарын ауылшаруашылық тауар өндiрушiлер арасында бөлiнуiн бақылайды.
Тармақ 3.7
3.7. Қарызға алған қаражатты республикалық бюджетке қайтару ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн жасалады.
Тармақ 3.8
3.8. Кредиттiк ресурстарды дер уақытында қайтарылмаған немесе мақсатты пайдаланылмаған жағдайда облыс әкiмдiгi жасалған кредиттiк келiсiм-шартқа сәйкес заем берушi Банкке санкция ұсынады.
Басқа 22
Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысымен бекiтiлген 2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн кредиттеу туралы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге берiлген бюджеттiк кредиттiк ресурстарға қол жеткiзімдiлігiн және мақсатты пайдаланылуын бақылау мәселелерi жөнiнде облыстық ведомствоаралық комиссия құрамы Сүлейменов Серiк Iрмашұлы Комиссия төрағасы, облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Сюникаев Рашид Абдулович Комиссия төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментiнiң бастығы Комиссия мүшелерi: Айнабеков Ержан Тоқтасынұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан аумақтық басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Лаптев Владимир Борисович Жер ресурстарын басқару жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облыстық комитетi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Молдашев Амандық Тұрсынұлы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң бақылау комитетiнiң басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Пономарев Олег Евгеньевич Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасының агенттiгi департаментiнiң директоры (келiсу бойынша) Оразалинов Қаршыға Амантайұлы Қаржы департаментi бастығының орынбасары, бақылау- тексерушiлiк басқармасының бастығы Кунгурцева Людмила Николаевна Комиссия хатшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаментiнiң есеп жүргiзу және қаржыландыру -бөлiмiнiң бастығы
Басқа 23
Облыстық әкiмдiктiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысына қосымша 2004 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерiстер енгiзу туралы
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет кiрiстерi 2000000 мың теңгеге көбейтiлсiн, соның iшiнде: Санат Сынып Кiшi сынып Ерекшелiгi Атауы Сомасы мың теңге 1 2 3 4 А В 6 01 6 01 Республикалық бюджеттен түсетiн кредиттер 1000000 6 01 6 03 Ауыл шаруашылық өндiрушiлерiне берiлген кредиттердi өтеу 1000000 БАРЛЫҒЫ 2000000
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет кiрiстерi 2000000 мың теңгеге көбейтiлсiн, соның iшiнде: Функционалдық топ Функция Мекеме Бағдарлама Атауы Сомасы мың теңге 1 2 3 4 А В 10 1 257 010 Ауыл шаруашылығы тауарөндiрушiлерiнiң көктемгi егiс және жинау жұмыстарын кредиттеу 1000000 16 1 260 006 Жергілікті атқарушы органның борышын өтеу 1000000 БАРЛЫҒЫ 2000000