О некоторых вопросах кредитования сельхозтоваропроизводителей области на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года Қолданыста
Басқа 0
2004 жылғы көктемгі егіс және егіп жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит берудің кейбір мәселелері туралы
«2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 қаулысын, «2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық маслихаттың 2003 жылғы 22 желтоқсандағы төртінші сессиясының № 27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық маслихаттының 2004 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс сессияның № 43 шешімін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру ережесі;
Тармақша 2
2) ауылшартауарөндірушілердің барлық нысандары үшін бюджеттік кредит беруге байланысты қол жетімділікті, тепе-теңдікті және басқа да мәселелерді бақылау жөніндегі облыстық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы» ММ 2004 жылғы көктемгі егіс жинау жұмыстарын ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру үшін «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» мемлекеттік мекемесіне 300000,0 мың теңге бөлінсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә. Қартовка жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 2 наурыздағы № 43
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру
ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Осы Ережелер "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерге кредит берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 қаулысына және «2004 жылға арналған облыстық бюджет
туралы» облыстық маслихаттың 2003 жылғы 22 желтоқсандағы төртінші сессияның шешіміне сәйкес "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығына кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 300,0 (үш жүз) миллион теңге сомасында бөлінген кредитті пайдалануға беру және қайтарудың тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. 300,0 (үш жүз) миллион теңге сомасындағы кредиттер қайтарымдылық және мерзімділік шарттарымен сыйақының нөлдік ставкасы бойынша 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар мен тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып
алуға, ауыл шаруашьшығы техникасын жалдау және сатып алу үшін негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне бөлінеді.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алған кредиттерін 2004 жылғы 1 қарашаға дейін қайтаруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» ММ бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
Тармақ 5
5. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ жоғарыдағы көрсетілген қаржыны бағдарлама әкімшісінің есеп-шотына аударады.
Тармақ 6
6. Облыстық комиссия кредиттердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің барлық нысандары үшін қол жетімділігін, тепе-теңдігін, бөлінген кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және уақытылы қайтарылуын бақылау үшін құрылады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру жөніндегі қаржы агентінің (әрмен қарай-банк-агент) функцияларын орындау үшін Банкті іріктеуді жүзеге асырады.
Бағдарламаның әкімшісі 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру жөніндегі қаржы агентінің функцияларын орындауға екінші денгейдегі банктер арасында конкурс өткізу үшін ҚР Ұлттық Банкіне сұраным жасайды, ҚР Ұлттық Банк ұсынған қатысушы банктердің тізімін комиссияның талқысына ұсынады. Комиссия қатысушы-банктер арасында конкурс жүргізеді және:
Тармақша 1
1) бюджеттік несиелендіруге байланысты шығындардың неғүрлым аз денгейі;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру тәжірибиесіне қарай олардың өтінімдері негізінде осы талаптарға сай банк-агенттерді таңдайды.
Тармақ 7
7. Бағдарлама әкімшісі комиссиямен анықталған екінші деңгейдегі Банкпен агенттік (әрмен қарай-Банк-агент) келісім жасайды, бүдан кейін бағдарламаның әкімшісі Банк-агентті іріктеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес қаржы агентінің фукцияларын орындағаны үшін Банк-агентке несиелік қаржыны
және сыйақы сомасын аударады.
Тармақ 8
8. Бағдарламаның әкімшісі аудандар мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің, астық дақылдары егілетін болжамды алқаптарды ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржы жағдайын, кредитті кепілдікпен қамтамасыз етудің бар-жоғын ескере отырып, 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жанар-жағар май материалдарын (кредиттік ресурстардың көлемінде 80%) тұқымдар мен тыңайтқыштар, гербицидтер мен тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдау және сатып алу үшін ауыл
шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізімін жасайды.
Тармақ 9
9. Кредит алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тізімін облыстық комиссия беісітеді. Бекітілгеннен кейін басқарма әкімшісі тізімді кредит беру үшін Банк агентке тапсырады.
Тармақ 10
10. Бағдарламаның әкімшісі бюджеттік кредитті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кепіл шартын жасайды.
Бағдарламаның әкімшісі бюджеттік кредиттің уақытында және толық қайтарылуына толық жауап береді.
Тармақ 11
11. Кредит шарты жасалғаннан кейін, Банк-агент кредит сомасын жеткізіп беруші кәсіпорындардан жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар мен тыңайтқыштар, гербицидтер мен тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға арналған ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілердің несие шоттарына аударады.
Тармақ 12
12. Бөлінген кредиттің мақсатты пайдаланылуын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің органдары бақылайды, ал алынған кредиттің уақытында қайттарылуын бақылауды қаржы және ауыл шарушылығы органдары жүзеге асырады.
Басқа 21
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 2 наурыздағы № 43
қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің барлық нысандары үшін бюджеттік кредит беруге байланысты қол жетімділікті, тепе-теңдікті және баска да мәселелерді бақылау жөніндегі облыстық комиссия құрамы
Қартов Әлібек Намимұлы
облыс Әкімінің орынбасары, комиссияның төрагасы
Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы
департаментінің директоры, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Баубекова Алтынай Абылхайырқызы
облыстық қазынашылық басқармасының бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Биахметов Асқар Сақтағанұлы
облыстық қаржы басқармасы бастығының
орынбасары
Бекентаев Ұран Мұңайдарұлы
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» ММ директорының орынбасары