2004 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» (әрі қарай-Заң) Заңының 13,14 баптарына сәйкес, 2004 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатында әскерге шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мынадай құрамда комиссия бекітілсін:
Виктор Петрович Лавриков – аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы.
Өмірбек Ыбрайұлы Әбілов – аудандық әскери комиссары, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Олег Викторович Кнестиков – полиция полковнигі, аудандық ішкі істер басқармасының өкілі
Сейфітдин Сәкенұлы Қабжанов – ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық персоналдық жұмысын басқарушы дәрігер
Тармақ 3
3. Заңның 35 бабына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің артынан жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Виктор Петрович Лавриков) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің ауруы немесе басқа орынды себептері жағдайында әскерге шақыру комиссиясының қосымша құрамы бекітілсін:
Мұрат Ойдашұлы Исабаев – аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы
Дәулет Қабыкенұлы Мәжитов – аудандық ішкі істер басқармасының өкілі, полиция лейтенанты
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев – медициналық персоналдың жұмысын басқарушы, дәрігер-хирург
Тармақ 6
6. Аудандық әскери комиссары, подполковник (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) кесте бойынша, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін. (№ 1 қосымша).
Тармақ 7
7. Қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Аудандық медициналық бірлестік» кәсіпорынының директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев):
Тармақша 1
1) Заңға сәйкес 2004 жылдың 1 сәуірден бастап, әскерге шақырылушылардың медициналық куәләндірілуін өткізу үшін керекті маман дәрігерлер мен орта медициналық персонал санын бөлсін:
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер-хирург
Сара Сартайқызы Сембаева – дәрігер-офтальмолог
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева – дәрігер дерматолог
Рима Төлеутайқызы Нұрғалиева – дәрігер-терапевт
Зура Қайырбекқызы Жұмақаева – дәрігер-невропатолог
Тиштық Шікенқызы Шікенова – дәрігер-психиатр
Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев – дәрігер-стоматолог
Лев Львович Базелев – дәрігер-отоларинголог
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде келесі медициналық комиссиясының құрамы бекітілсін:
Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер-хирург
Мұрат Әлімұлы Байғожин – дәрігер-терапевт
Гүлжазира Базарбайқызы Бәкішева – дәрігер-стоматолог
Тармақша 3
3) Орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жідеруі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгіленген мерзімінде жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) медициналық комиссияны керекті құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман-дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық сестралардың керекті санын бөлсін;
Тармақша 6
6) әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке жарамды екендігі жөнінде шешім үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюрографияға рентгенопленкалардың резерві болсын;
Тармақша 7
7) аудандық ауруханаларда дәрігер-маман отоларингологтың жоқтығына байланысты, аудандық әскерге шақыру комиссиясында жұмыс істеу үшін Ғ.Мұстафин кентінде тұратын дәрігер-отоларинголог Лев Львович Базелев шақырылсын. Жұмысына байланысты дәрігер Лев Львович Базелевтың заңнамамен белгіленген тәртіпте іс сапарлық шығындары төленсін.
Тармақ 8
8. Азаматтарды нақты әскери қызметке шақыру өткізу және аудандық әскери комиссариатымен тізімдерін ұсыну барысында, емделуді мұқтаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелер артына бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 9
9. Аудандық әскери комиссар әскери шақырудан өту үшін аудандық әскери комиссариатқа шақырылудан және келуден бас тартып жүрген әскерге шақырушыларды іздестіруге және оларды жеткізу үшін бекітілген смета шығындарына сәйкес жанар май бөлсін.
Тармақ 10
10. Аудандық қаржы бөлімі (Надежда Антоновна Есипова) Заңның 35 бабына сәйкес жедел әскери қызметке азаматтарды шақыруға байланысты, 2004 жылдың көктеміне ұйымдастырылып қарастырылған шаралары сметаға сәйкес қаржыландырылуы жасалсын.
Тармақ 11
11. Селолық округтер және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) Заңның 28 бабына сәйкес, аудандық әскери комиссариаттың тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға олармен әскерге шақыру комиссиясын өту күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес (№ 1 қосымша) олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатына әскерге шақыру участкесіне әскерге шақырылушылар жеткізілуін жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудандық әскери комиссариаттың жоспары бойынша өткізсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.
Тармақ 12
12. Жеке меншіктің барлық түрендегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру, стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
Тармақ 13
13. 2004 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымға дейін әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бос мамандары тартылсын.
Тармақ 14
14. Заңның 28 бабына сәйкес аудандық ішкі істер басқармасы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжанов):
Тармақша 1
1) аудандық әскери комиссариатты жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар;
ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталғандар;
екі немесе одан да көп сотталғандар туралы хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеу мен жеткізілуін жүргізсін. Ұсталғандарды іздеу және жеткізу бойынша шығындардың төленуін осы тұлғалар есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру участкесінде қоғамдық тәртіртің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 15
15. Аудандық әскери комиссариат осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2004 жылдың 10 шілдесіне дейін ұсынылсын.
Тармақ 16
16. «2003 жылдың күзде азаматтарды жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» аудан әкімиятының 2003 жылғы 19 тамыздағы № 33/5 қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу нөмірі 1291, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2003 жылдың 11 қазанында жарияланған).
Тармақ 17
17. Берілген қаулыға бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковқа жүктелсін.