Об охране и защите лесов Костанайской области в пожароопасный период 2004 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылы өрт қаупі бар кезеңдерде Қостанай облысының ормандарын күзету және қорғау туралы Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 15-бабына және Казақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысы аумағында өртті сөндіруге қатынасушы жедел қызмет және әр түрлі нысандағы меншік субъектілері арасында адамдар мен техниканы уақтылы іске жұмылдырудың өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы ормандарында өрт пен химиялық күюдің алдын алу есебінде, орман мен жануарлар дүниесін күзету мен қорғауға, өрт саны мен одан келетін зияндар мөлшерін түрақты түрде азайтуға бағытталған шаралар жоспары бекітілсін (қосымша бойынша).
Тармақ 2
2. Калалар мен аудандардың әкімияттарына, Қостанай облысы орман және аңшылық шаруашылығы басқармасына, Қостанай облысы ішкі істер бас басқармасына, Қостанай облысы мемлекеттік өртке қарсы сызметінің бас басқармасына, Қостанай облысы төтенше жағдайлар жәніндегі басқармасына:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде өрт сөндіру және орман мен дала өрттерін сөндіруге, ауыл шаруашылық және орман кәсіпорындарының көлік техникаларын тарту тетіктерінің жоспарлары жасалсын және бекітілсін;
Тармақша 2
2) өрт қаупі бар кезеңде инженерлік техника, жанар - жағар май материалдарының резервін құру қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) орман иелерінің, орман ішінде барлық ережелерді сақтай отырып өрт қаупін азайту мақсатында әдейі жасаған орт шараларынан басқа орман аймақтарында және оған жақын, жалғасып жатқан барлық жерлерде есімдік қалдықтарын жағуға және қандайда болмасын от қоюына тыйым салынсын;
Тармақша 4
4) аса жоғары өрт қаупі бар кезеңде орманға баруды шектеу туралы шешім қабылдансын және оның орындалуы қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) орман және дала өрттерінен сақтану, олардың қауіптілігімен ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бүзғандығы үшін жауапкершілік шараларын түсіндіру жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы уйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 9. Қостанай облысының ормандарында өртті болдырмау жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 65 қаулысына қосымша Қостанай облысының ормандарында өртті болдырмау жөніндегі іс-шаралардың жоспары Шаралардың атаулары Орындалу мерзімі Орындаушылар 1. Мемлекеттік орман қоры орналасқан демалыс үйлерінің, балаларды емдеу лагерьлерінің, орман және жануарлар дүниесінің күзетін қамтамсыз ететін мемлекеттік мекемелердің өртпен күреске дайындықтарын тексеру сынағын өткізу. Қаңтар- мамыр МӨҚББ, ОжАШБ 2. Орманда жұмыс істеуші кәсіпорындардың, демалыс үйлерінің, балаларды емдеу лагерьлерінің және түрғындардың өрт қауыпсіздігі талаптарын орындауларына түрақты тексеру өткізу Тұрақты ОжАШБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 3. Норматив бойынша орманда өртке қарсы қүрылымдарды және ерікті өрт жасақшыларын үйымдастыру, оларды оқыту және бақылаудан өткізу Наурыз- сәуір Қала, аудан, ауыл округтері мен село, кент әкімдері, МӨҚББ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 4. Өртке қарсы қолданылатын техникалар мен жабдыктарды жөндеуден өткізу. Норматив бойынша өртке қарсы химиялық станцияларды техникамен, қүрал - жабдықтармен қамтамасыз ету. Қаңтар- сәуір Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жоніндегі мемлекеттік мекемелері 5. Орманда орналасқан түрғын үй және өндірістік объектілердің, бағалы орман алқаптарының, орман дақылдарының айналасында темір, автомобиль жолдары бойындағы минералды қорғаныс алқаптарын өрт қауіпсіздігі тәртібінің ережелеріне сәйкес үйымдастыру. Тұрақты ОжАШБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері, Қостанай облысының автомобиль жолдары және инфрақүрылымдық кешен қүрылысы басқармасы (келісім бойынша), Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлік жөніндегі департамент Теміржолдың күрелік жүйесінің Қостанай бөлімшесі (келісім бойынша) 6. Көпшілік жүріп түратын жолдар бойына демалу және шылым шегу орындарын жасау Тұрақты Ормандар және жануарлар дүниесін корғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 7. Өрт қаупі бар мезгілде орман шаруашылыктарының кеңселері жанынан мереке және демалыс күндері жауапты қызметкерлерден кезекшілік үйымдастыру. Техникалардың және адамдардың мемлекеттік орман қоры аумағына рүқсатсыз және нүсқаусыз өтулеріне тыйым салу және орман алқаптарына жақын жердегі кордондарды, елді мекендерді үздіксіз телефон байланысымен қамтамасыз ету Өрт қаупі бар кезеңде ОжАШБ, ормандар және жануарлар дүниесін корғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 8. Өрт қауыпсіздігі талаптарын сақтауды тексеру мақсатында, халық көп келетін жерлерде, біріккен түрақты сақшылык топтар үйымдастыру Өрт каупі бар кезеңде ОжАШБ, ІІББ, АІІБ, МӨҚББ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 9. Жер үсті сақшыларының маршрут схемаларын (онда постылардың қайда орналасқаны көрсетіледі) ауа райы жағдайына сай өрт қауштіліпшң класына байланысты адамдармен көліктердің орналасу орындарының схемаларын жасау және бекіту. мамырға дейін Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері 10. Орман шаруашылығы кәсіпорындары мен орманда жүмыс істейтін бригадалардың жеке және заңды түлғалардың өртке қарсы үйымдастырушылық жағдайларын тексеруді уақытында үйымдастыру Түрақты МӨКББ, ОжАШАБ (келісім бойынша), ОжАШБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 11. Жазғы науқан басталар алдында балалар лагері мен демалыс базаларын тексеру, оларды пайдалану үшін қабылдауға қатынасу және өрт - техникалык байқауын өткізу Мамыр- маусым МӨҚББ, кала және аудан әкімдері 12. Орман өрттері туралы хабарларды қабылдау үшін орман шаруашылықтарында арнайы пунттер жабдықтау, жолдарда олардың кайда орналасканы туралы және хабарлаудың мүмкін тәсілдері туралы ескерту, белгі көрсеткіштер қоюды үйымдастыру. Өрт қаупі бар кезеңде Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері 13. Мемлекеттік орман корғау, өрт химиялық станциялар қызметкерлерінің және ерікті өрт жасақшылары мүшелеріне өртке карсы ережелерді, орман өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдерін оқытуды үйымдастыру мамырға дейін МӨКББ, ҚОжАШБ,Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемлері. 14. Орман өртін сөндіруге қатыстырылатын күштер мен қүрал жабдықтардың практикада қолданылуын аудандық жоспарлармен сәйкестеп реттеу майға дейін, өрт қаупі бар кезеңде МӨКББ, ОжАШБ, ТЖБ, 15. Өрт сөндіруге қатынасушы басқару буынының штабтық жаттығуын өткізу. Тұрақты МӨҚББ, ОжАШБ, ТЖБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме 16. Ауыл шаруашылық дақылдарын егу жерді өңдеу және басқа ауыл шаруашылық жүмыстарын жүргізген кезде орманда химиялық күюден сақтау ережелері мен нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ету. Өрт қаупі бар кезеңде Қала және аудан әкімдері, АШД, ОжАШБ, ОжАШАБ (келісім бойынша), МСЭҚД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жоніндегі мемлекеттік мекемелері. 17. Өрт сөндіруді үйымдастыру кезінде өрт сөндіруге тікелей қатынасушы көлік қызметін және қамтамасыз ету кызметін қалалар мен аудандардың төтенше оқиғалар жоспарының талаптарына сай алдын-ала төлемсіз жанар жағар маймен қамтамасыз ету. Өрт болып жатқан мезгілде Қала және аудан әкімдері 18. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түрғындардың, мектеп оқушыларының, орман жүмыскерлерінің арасында, балалар лагерлерінде, демалыс үйлерінде түсінік жүмыстарын жүйелі жүргізу. Орманды және жануарларды өрттен корғау туралы, телеарналар және газет, журнал редакцияларымен бірлесе отырып, мамандардың түсініктемелерін үйымдастырып және әрқашанда бүқаралық ақпарат беттерінде жариялап отыруын қамтамасыз ету. Тұрақты ОжАШБ, МӨҚББ, БД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері, 19. Тұрғындар көп келетін ормандарда, орман арқылы өтетін автомобиль жолдарында, санаториялар мен мектеп оқушыларының демалыс лагерьлерінде өртке қарсы тақырыпта плакаттар мен хабарландырулар шығарып және оларды мезгіл-мезгіл жаңалап отыруын қамтамасыз ету. Сәуір- мамыр Ормандар және жануарлар дүниесін корғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. Орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы - ОжАШБ Қостанай облысы орман және аңшылық шаруашылығы аймақтық басқармасы - ОжАШАБ Қостанай облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бас басқармасы - МӨҚББ Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы - ТЖжБ Қостанай облысының ішкі істер бас басқармасы - ІІББ Аудандық ішкі істер бөлімі - АІІБ Өрт-химиялық станциясы - ӨХС Қостанай облысының білім департаменті - БД Аыл шаруашылық департаменті -АШД Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті - МСЭҚД