2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген кредитті таратуды ұйымдастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген кредитті таратуды ұйымдастыру туралы Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы № 24 Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2004 жылдың 12 ақпанында № 1199 мемлекеттік тіркеуден өткен "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың үшінші шақырылған ІV-сессиясының 2004 жылғы 17 ақпанындағы № 4/4 Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 2 наурызында № 1226 мемлекеттік тіркеуден өткен "2004 жылғы арналған аудандық бюджет туралы және 2002 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы" шешіміне сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін аудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит берудің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің барлық нысандары үшін бюджеттік кредит беруге байланысты қол жетімділікті, тепе-теңдікті, ауданға бөлінген кредит ресурстарын таратуды және оның қайтарымын ұйымдастыру үшін төмендегі құрамда комиссия құрылсын: Сейітов Райымбек Сияқұлұлы - Жамбыл ауданы Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Қасымбеков Мәлік Жарқынбайұлы - Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Құрбанов Аманалы Омарұлы - Жамбыл ауданы Әкімінің ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Үкібаев Нұрқасым Көбейұлы - Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты (келісімімен) Таңатов Орынбасар Шалабайұлы - Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы (келісімімен) Әуелбаева Зағипа Шаңбайқызы - Жамбыл ауданы Әкімінің экономика басқармасының бастығы Шагирова Бағила Оразайқызы - Жамбыл ауданы Әкімінің ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы 3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру және кредиттік қорлардың мақсатты жұмсалуына және қайтарылуына жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып аудан әкімінің ауыл шаруашылық басқармасы бекітілсін. 4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан Әкімінің орынбасары Р. Сейтовке жүктелсін.
Басқа 1. 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит берудің ережесі
2004 жылғы 2 наурыздағы Жамбыл аудандық әкімиятының "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген кредитті таратуды ұйымдастыру туралы" № 53 қаулысымен бекітілген 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит берудің ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ішкі ережесі 2004 жылға көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға, облыстық бюджеттен бөлінетін кредиттік ресурстарды беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Сыйақы (мүдде) нөлдік ставка бойынша кредиттік ресурстар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алуға немесе сатып алуға беріледі. Облыстық әділет департаментінде 2004 жылдың 12 ақпанда № 1199 мемлекеттік тіркеуден өткен Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" № 24 қаулысына және 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру Ережесінің 3 тармағына сәйкес минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға тапсырыс берген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жобалары басыңқы болып есептелсін. Аудандық қаржы бөлімі бюджеттік бағдарлама әкімгерінің өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге кредит беру бойынша кредит ресурстарын аудан бюджетінен қаржыландыруды үш жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы және кредит алушылар (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер) кредиттік келісім жасап, соған сәйкес аудандық бюджетінен алынған қаржысының уақтылы және толық қайтарылуына кредит алушылар кепілдік береді.
Тармақ 4
4. Кредит ресурстарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы басқармасы және кредит алушылар мүліктік кепілдік және кепілдікке белгіленген мүлікті сақтау келісімін жасайды.
Тармақ 5
5. Бюджеттік кредит 2004 жылдың 25 қарашасына дейін қайтарылмаған жағдайда, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімгері ретінде кредит алушының кепілге салынған мүлкі немесе қолданысты заңнамаларға сәйкес басқа қаржылары немесе мүлкі есебінен бюджеттік қаржының қайтарылуы үшін сотқа талап береді.
Тарау 2. 2. Кепіл мәні және кепілге салынған мүлікті сақтау реті
2. Кепіл мәні және кепілге салынған мүлікті сақтау реті
Тармақ 6
6. Кредит алушылардың (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер) кредиттік келісімі бойынша кредит ресурстарын қайтаруға кепілге салынатын заттар: 2004 жылғы бидай өнімі (ІІІ класты, азық-түліктік); 2004 жылғы дәндік жүгері өнімі; кепіл берушінің басқа құрал-жабдықтары мүлкі және ауыл шаруашылығы техникасы.
Тармақ 7
7. Кепілге салынған мүлікті сақтау бойынша келісімінде кепіл берушімен кепілдік мүліктің кредит белгіленген мерзімінде толық қайтарылғанға дейін, ал кепіл ұстаушы сотқа берген жағдайда соттың ақырғы шешімі қабылданғанша кепілге салынған мүліктің толық сақталуы қарастырылады.
Тарау 3. 3. Құжаттарды ұсыну реті
3. Құжаттарды ұсыну реті
Тармақ 8
8. Кредит алушылар (ауыл шаруашылық өнім өндірушілер) аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына кредит ресурстарын алу үшін төмендегі құжаттарды тапсырады: техникалық-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар; мемлекеттік тіркеу куәлігімен бірге меншікті иелену құқығы туралы заңды құжаттардың көшірмелері; жер беру актісі; жарғының және құрылтай құжатының көшірмесі; соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін); кепілге салынатын мүлік тізбесі; салық комитетінен бюджет алдында қарыздарының жоқтығы туралы анықтама; қаржы органнан бұрын берілген бюджеттік кредит бойынша қарыздарының жоқтығы туралы анықтама; қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен ссудалық қарызы жоқтығы туралы анықтама.
Тарау 4. 4. Бюджеттік кредиттерді өтеудің және қызмет көрсетудің реті
4. Бюджеттік кредиттерді өтеудің және қызмет көрсетудің реті
Тармақ 9
9. Бюджеттік кредиттерді өтеудің және қызмет көрсетудің тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесінің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады, бұл жағдайда:
Тармақша 1
1) кредит алушы кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін заңсыз пайдаланған кредит сомасын өндіре отырып, кредит шартында айтылған мөлшерде, көлемі қаржы министрлігі анықтайтын тәртіппен айыппұл өндіріледі;
Тармақша 2
2) кредиттік шартында белгіленген мерзімде борышты өтемеген жағдайда, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жинақтаған берешектерге айыппұл проценттері есептеледі.
Тарау 5. 5. Бюджеттік кредиттерді есепке алу және бақылау
5. Бюджеттік кредиттерді есепке алу және бақылау
Тармақ 10
10. Бюджеттік кредиттерді есепке алу және бақылау 2002 жылғы 25 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 832 қаулысымен бекітілген ережесінің 31 тарауына сай жүргізіледі.