О квоте иммиграции оралманов на 2004 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығының 2 тармағын және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1207 қаулысының 2 тармағын іске асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабының 1-тармағының 8), 14), 15), 17)-тармақшаларына және 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылдың көшіп келу квотасына енгізілген 470 оралмандар отбасы облыс аумағына қабылдансын.
Тармақ 2
2. Көші-қон және демография басқармасына:
Тармақша 1
1) көшіп келген оралмандарды облыс үшін белгіленген көшіп келу квотасы шеңберінде қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) оралмандарды облыстық қалалары мен аудандары бойынша орналастыру;
Тармақша 3
3) оралмандарға біржолғы жәрдемақы төлеуге, көлік шығыстарын өтеуге және тұрғын үйлер алуға республикалық бюджеттен бөлінген қаржыларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) осы қаулының орындалу қорытындылары және облыстағы көші-қон үрдістерін реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар туралы облыс әкімінің аппаратына 2005 жылғы 15 қаңтарға дейін ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген оралмандарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін, оның ішінде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешсін;
Тармақша 2
2) оралмандар отбасыларының еңбекке қабілетті мүшелерін олардың біліктілігі мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) облысқа келген оралмандарды ақысыз дәрігерлік тексеруден өткізуді;
Тармақша 2
2) оралмандарға дәрігерлік қызмет көрсетудің кепілді көлемін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Білім департаменті: Мектеп жасындағы оралман балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ішкі істер бас басқармасына:
Тармақша 1
1) келген оралмандарды уақтылы тіркеуді және Республиканың аумағы бойынша тұруы мен жүріп-тұруына арналған құжаттарды уақытында ресімдеу;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының  азаматтығын қабылдауға тілек білдірген оралмандардың қажетті құжаттарын ресімдеуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қала мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тұрғын үйлер құрылысын және шаруашылық жүргізу үшін белгіленген тәртіппен оларға жер учаскелерін бөлсін;
Тармақша 3
3) Білім департаментімен бірлесіп қазіргі кездегі қазақ әліпбиін және орыс тілін оқып-үйренуге тілек білдірген оралмандар үшін жалпы білім беретін мектептердің базасында ақысыз курстар ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандарға өз кәсібін ұйымдастыруға, ұлттық кәсіптерді жаңғыртуға, шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін шағын кредиттер бөлуге жәрдемдессін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.