Об организации социальных рабочих мест на 2004 год Қолданыста
Басқа 0
2004 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 "Халықты еңбекпен қамту туралы" Заңына 7 бабының 6 тармағын, 5 бабының 2 тармағын жүзеге асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың Қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздардың iшiнен әлеуметтiк қорғауды мұқтаж етушi мақсатты топтары бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Еңбекпен қамту бөлiмi әлеуметтiк жұмыстарды орындау үшiн кәсiпорындармен және ұйымдармен бiрге келiсiм шарт бекiтсiн.
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын 010 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламаға қосымша 103149 "Еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралары" бойынша аудандық бюджет қаржысы және өтiнiш бойынша жұмыс берушiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.С. Темiржановаға жүктелсiн.
Басқа 6. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнiндегi қағида
Шарбақты аудан әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 04 ақпан
"2004 жылы әлеуметтiк жұмыс
орындарын ұйымдастыру туралы"
№ 23/1 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнiндегi қағида
Тармақ 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Осы Қағида халықтың мақсатты тобының iшiне жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, (меншiк құрылымына қарамастан) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдармен есеп айырысу жүйесiн және негiзгi шарттарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада қолданылатын негiзгi ұғымдар:
Әлеуметтiк жұмыс орны - жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен қабылданған жұмыскерлердiң еңбекақысын төлеу үшiн еңбекпен қамту бөлiмiнде тiркеуге алынған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлермен ұйымдастырылған жұмыс орны.
Мақсатты топтар - Қазақстан Республикасының "Халықты еңбекпен қамту туралы" Заңында белгiленген жұмысқа орналасу үшiн қиындық көрген және әлеуметтiк қорғауды талап ететiн топтар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру жөнiндегi заң актiлерi таратылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жолдама берудi еңбекпен қамту бөлiмi жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртiбi және оған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртiбi және оған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн берiледi немесе кәсiпорындар мен ұйымдар қабылдаған жұмыскерлердiң еңбекақысын толық немесе бөлшектеп төлеу жағдайында ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Еңбекпен қамту бөлiмi әлеуметтiк жұмыстарды орындау үшiн кәсiпорындар және ұйымдармен әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырудың мерзiмi және шарты жөнiнде келiсiм-шарт бекiтедi.
Тармақ 7
7. Келiсiм-шарт бекiткен кезде алдағы уақытта әлеуметтiк жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа қабылдауға сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға кепiлдiк беретiн кәсiпорындар мен ұйымдарға жеңiлдiк берiледi.
Тармақ 8
8. Еңбекпен қамту бөлiмi жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмысқа жөнелтудi олардың келiсiмi бойынша ғана iске асырады.
Тармақ 9
9. Кәсiпорындар ие ұйымдарға әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар еңбекпен қамту бөлiмiнен есептен шығарылады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердiң еңбек ақысы жұмыс берушiнiң белгiлеуiмен жұмыстың жағдайына байланысты және Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген ең кем еңбек ақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көзi
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көзi
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көзi: жергiлiктi бюджет және жұмыс берушiлердiң қаржы есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру "Еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралары" 103149 бағдарламасы бойынша жергiлiктi бюджет қаржысы есебiне iске асырылады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушiнiң жұмыссыздардың әлеуметтiк жұмысқа орналастырылғандардың еңбек ақысына төленетiн қаржы шығыны жергiлiктi бюджеттен 50 пайызына дейiн толықтырылады, Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген ең кем еңбек ақысынан көп болмауы тиiс.
Мақсатты топтағы жұмыссыздардың жеке топтары үшiн ұйымдарда әлеуметтiк жұмыс орындарын құрған кезде қабылданған жұмыскерлердiң еңбекақысына толық өтемақы төлеу жүргiзiледi.
Тармақ 14
14. Мақсатты топтағы жұмыссыздардың жеке топтары үшiн ұйымдарда әлеуметтiк жұмыс орындарын құрған кезде қабылданған жұмыскерлердiң еңбекақысына толық өтемақы төлеу жүргiзiледi.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастырудың тәртiбiн бақылау
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастырудың тәртiбiн бақылау
Тармақ 15
15. Мемлекеттiк органдар белгiленген заң тәртiбiнде әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың қағидаларын сақтауға бақылау жасауды iске асырады.
Басқа 26. Шарбақты ауданы бойынша халықтың мақсатты топтарының
Тiзбесi
Шарбақты аудан әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 04 ақпан
"2004 жылы қоғамдық әлеуметтiк
жұмыс орындарын ұйымдастыру
туралы" № 23/1 қаулысымен
бекiтiлген
Шарбақты ауданы бойынша халықтың мақсатты топтарының
Тiзбесi
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етiлген отбасылары.
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейiнгi жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және 23 жасқа дейiнгi ата-анасының қамқорынсыз қалғандар.
Тармақ 4
4. Жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар, кәмелет жасына дейiнгi балаларды тәрбиелеу.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының белгiленген заң тәртiбiнде ұдайы күтiмдi, қадағалап отыруды немесе көмектi талап ететiн тұлғалары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлiк жасына (дейiн 2 жыл қалған) тұлғалар.
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiнiң қатарынан шыққан тұлғалар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айырылған жерден босап шыққан немесе емдеуге мәжбүр болған азаматтар.
Тармақ 10
10. Репатрианттар (оралмандар)
Тармақ 11
11. 50 жастан үлкен жастағы жұмыссыз азаматтар.