О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2004 год Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2004 жылға арналған ставкалары туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12-маусымдағы N 209-ІІ Кодексінің 462-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2004 жылға арналған төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетіне (Н.Ш. Искакбаев) заңды тұлғалардан және белгіленген тәртіпте салық салудың қарапайымдалған тәртібі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің дұрыс есептелуіне және дер кезінде аударылуына бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына (Қ.Тұрлыханов):
Тармақша 1
1) табиғатты қорғау заңдарының талаптары және қоршаған ортаны ластау бойынша рұқсат етілген лимиттердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кәсіпорындарға арналған іс жүзінде нормативтік-әдістемелік құжаттарға негізделген ШРШ, ШРТ нормативтері заңнама тәртібі мен келісіліп жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4."Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2004 жылға арналған ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 3/35-ІІІ мемлекеттік тіркеуден өтпей қалған шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап заңды күшіне енеді және 2004 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске асырылады.
Басқа 8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшін төлемдердің 2004 жылға
арналған ставкалары
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2004 жылғы
30 наурыздағы N 4/43-III шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшін төлемдердің 2004 жылға
арналған ставкалары
N
Төлем ставкаларының көрсеткіштері
Төлем ставкалары
1.
а) Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттарды шығарғаны үшін
б) Тұрғындарға қызмет көрсететін жылу көздерінен (жылу электр стансалары, қазандықтар) атмосфераға ластаушы заттарды шығарғаны үшін
185 теңге/шартты тонна
150 теңге/шартты тонна
2.
а) Су қоймаларына сарқынды суларды ағызғаны және жер асты суларын ластағаны үшін
б) Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары үшін су қоймаларына сарқынды суларды ағызғаны үшін
7300 теңге/шартты тонна
6000 теңге/шартты тонна
3.
Рельефке, сүзу алаңдарына, су жинағыштарға, жайылма суландыру алаңдарына сарқынды суларды ағызғаны үшін
12 теңге/м3
4.
а) Өнеркәсіп кәсіпорындарынан өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін
5 класс
4 класс
3 класс
2 класс
1 класс
105 теңге/тонна
210 теңге/тонна
420 теңге/тонна
1680 теңге/тонна
3360 теңге/тонна
б) Тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырғаны үшін
в) Ірі тонналық қалдықтарды орналастырғаны үшін:
байыту қалдықтарын
аршу кендерін
г) Ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтарын (көң) су қорғау аумақтарына орналастырғандығы үшін:
жабдықталмаған алаңдарға жабдықталған алаңдарға
д) Арнайы пункттерде қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін
32 теңге/тонна
5 теңге/тонна
10 теңге/тонна
10 теңге/тонна
5 теңге/тонна
3360 теңге/тонна
5.
Арнайы пункттерде иондалған сәулеленудің жабық көздерін орналастырғаны үшін
Көму жөніндегі орындалған жұмыс құнының 20 пайызы
6.
Қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды нормативтен тыс мерзімге уақытша сақтау үшін
Көму жөніндегі орындалған жұмыс құнының 10 пайызы
7.
Мыналарды пайдалану кезінде жылжымалы көздердің барлық түрлерінен зиянды заттарды атмосфераға шығарғаны үшін:
1 тонна бензинді
1 тонна дизотынды
1 тонна қысымды және
сұйылтылған газды
1 тонна керосинді
320 теңге
260 теңге
210 теңге
210 теңге