Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-ші қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын және 2001 жылғы 23-ші қаңтардағы N 149-11 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Селолық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары 1-қосымшадағы тізімге сәйкес азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ұсыныс етілсін.
Тармақ 2
2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша Ережесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (Айтмухамбетов) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Беркалиевке жүктелсін.
Басқа 6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі:
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 23 наурыздағы
N 45 қаулысына
N 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі:
N
Нысандардың аттары
Адам саны
1.
Шыңғырлау селолық округі бойынша
150
2.
Ащысай селолық округі бойынша
25
3.
Алмаз селолық округі бойынша
22
4.
Ақбұлақ селолық округі бойынша
20
5.
Белогор селолық округі бойынша
30
6.
Қарағаш селолық округі бойынша
30
7.
Қызылкөл селолық округі бойынша
50
8.
Лубен селолық округі бойынша
35
9.
Полтава селолық округі бойынша
26
10.
Аудан әкімі аппараты
8
11.
Аудандық мәдениет бөлімі
8
12.
Аудандық әскери комиссариаты
6
13.
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
10
14.
Шыңғырлау аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет
4
15.
"Шыңғырлаукомтехсервис" мемлекеттік кәсіпорын
4
16.
Аудандық денсаулық сақтау бөлімі
4
17.
Аудандық білім бөлімі
4
Барлығы
436
Басқа 7. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері:
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 23 наурыздағы
N 45 қаулысының
N 2 қосымшасымен
бекітілді
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері:
Тармақ 1
1. Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу.
Тармақ 3
3. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру.
Тармақ 4
4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу.
Тармақ 5
5. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты аспазшыға қосымша көмекші жіберу.
Тармақ 7
7. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау.
Тармақ 8
8. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау.
Тармақ 9
9. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жойып, залалсыздандыруды ұйымдастыру.
Тармақ 10
10. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуушы, күзет ұйымдастыру.
Басқа 18. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен
және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша
қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша
Ережесі
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 23 наурыздағы
N 45 қаулысының
N 3 қосымшасымен
бекітілді
Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен
және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша
қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша
Ережесі
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келісім шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмысқа қатысқан үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіппен зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.
Тармақ 4
4. Жұмыстардың көлеміне, сапасына байланысты, құрылыс салу, күрделі жөндеу жұмыстарына төменгі жалақыға қосымша 50 пайыз мөлшерінде үстемақы төленеді.
Тармақ 5
5. Атқарылған жұмысқа жұмыс берушінің қабылдау актісі толтырылып ай сайын аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.
Тармақ 6
6. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес екі жақты жеке келісім-шарт жасалады және соның негізінде бұйрық береді немесе әкім шығарып жұмысқа алады.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздыңы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдауынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын селолық округтер әкімдері, мекемелер басшылары әрбір айдын 20-на атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.