О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2004 года Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы № 1326 Жарлығына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандардың Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңның 14 - бабына сәйкес шақыру комиссияларын қурсын, олардың қызметін қамтамасыз етсін және жоғарыда аталған Заңның 35 - бабына сәйкесу медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық шақыру комиссиясының жұмысына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы және оның резервтік құрамы бірінші қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әскери қызметке шақыру басталғанға дейін қалалық, облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін. Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35-бабына сәйкес дәрігер мамандардың, орташа медициналық, техникалық қызметкерлердің шақыру комиссиясында жұмыс істеген кездегі жалақысы жұмыс орны бойынша сақталатынын ескерсін.
Тармақ 4
4. Облыстық медициналық комиссияның жұмысын тиісті ұйымдастыру мақсатында олардың аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарына тікелей шығуын жоспарласын: -Атбасар қалаласына (Атбасар ауданы) 2004 жылдың 10-13 сәуір аралығында. -Көктал кентіне (Целиноград ауданы) 2004 жылдың 15-18 сәуір аралығында.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кесіпорны Ақмола темір жолмен тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер бас басқармасы келісім бойынша әскери комиссариаттармен бірлесе отырып облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру бойынша іс қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы Ақмола облысының әділет басқармасымен 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 2185 тіркелген «2004 жылғы облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихаттының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3 с - 3 - 2 шешімімен қарастырылған мөлшерде облыстық әскери комиссардың мәлімдемесі бойынша белгіленген уақытта шақыруды қаржылай қамтмасыз етсін.
Тармақ 8
8. Ақмола облысының әскери комиссары облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушыларды жинау, бөлімшелер құру және жөнелту жұмыстарына бақылау ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Ақмола облысының әскери комиссары 2004 жылдың 15 шілде мен 30 желтосанға дейін сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары облыстық шақыру комиссиясының төрағасы А. Сейітжановқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ 1. Ақмола облыстық әскери комиссары Б.Н.Қынышбаев 2. Ішкі істер бас барқармасының бастығы Д.Т.Түсіпбеков
Басқа 11. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ақмола облысы әкімінің 05.04.2004 ж. № 20 «2004 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» шешіміне 1 қосымша. ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - облыс әкімінің орыбасары, шақыру комиссиясының төрағасы. Қынышбаев Бақыт Нұрахметұлы - облыстық әскери комиссары, шақыру комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша). КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Кәбденов Мұрат Талапұлы – облыстық ІІББ бастығының орынбасары (келісім бойынша). Кәкенов Серік Қабдөшұлы - денсаулық сақтау басқарма бастығының орынбасары. Белогуб Николай Николаевич - облыстық әскери комиссарының шақыру жөніндегі орынбасары - екінші бөлім бастығы (келісім бойынша). Ғалиев Ринат Рустамұлы - екінші шақыру бөлімінің әскери аға маманы терапевт дәрігері медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша). Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірханқызы - облыстық аурухананың медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы ОБЛЬІСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ: Бекмағаметов Ғалым Мәдешұлы - облыс әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрайымы. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Нұрғалиев Дәуітбек Аманжолұлы - облыстық ІІББ бастығының орынбасары (келісім бойынша). Сейдуманов Манат Тұрарұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. Мартазанов Макшарип Баматгиреевич – облыстық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы.