О создании межведомственной комиссии по вопросу кредитования сельхозтоваропроизводителей на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года при акимате Акмолинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі eгic және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға несие берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы №38 Қаулысын жүзеге асыру мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бөлінетін несиелік қаржының барлық меншік түрлеріне қарасты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолайлы болуына бақылауды жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссияның құрамы бекітілсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссияның қызметі туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 5
5. Жоғарыда аталған комиссияның жұмыс органы болып Ақмола облыстық ауыл шаруашылық басқармасы белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Басқа 6
Қосымша 1 Ақмола облысы әкімдігінің 15.03.2004 ж. № а-3/78 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі eгic және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссия құру туралы» қаулысы Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі eгic және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссияның ҚҰРАМЫ Отаров Қадырхан Махмұтұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы - облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Нұрғазина Мәрия Есенжолқызы - облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Бекімов Марат Еркенұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы (келісімі бойынша) Ыбыраев Серік Кәрібайұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы-бақылау комитеті басқармасының бастығы (келісімі бойынша) Мұстафин Марат Кәрімұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі департаментінің директоры (келісімі бойынша) Мыңжанов Марат Тұрсынайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармасының бастығы (келісімі бойынша) Савицкий Дмитрий Емельянович - облыстық қаржы басқармасының бастығы Сәтпаев Болат Темірханұлы - облыстық салық комитетінің бастығы (келісімі бойынша)
Басқа 7
Қосымша 2 Ақмола облысы әкімдігінің 15.03.2004 ж. № а-3/78 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі eгic және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссия құру туралы» қаулысы Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы 2004 жылғы көктемгі eгic және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссия туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жылғы көктемгі eгic және егін жинау өткізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселелері жөніндегі салааралық комиссия (бұдан әрі Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 қаңтар 2004 жылғы №38 «2004 жылғы көктемгі eгic және егін орағын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері несиелік қаржының барлық меншік түрлеріне қарасты ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін қолайлы болуына бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 4
4. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіп бойынша төмендегі функцияларды жүзеге асырады: Несиелік қаржының барлық меншік түрлеріне қарасты ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін қолайлы болуына бақылауды жүзеге асыру. Ол үшін несиелендіру бағдарламасының әкімшісінен, аудан әкімдерінен, нақты несие алушыдан және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатушылардан белгіленген тәртіп бойынша қажетті ақпарат сұратып ала алады; сатып алынатын тауарлық-материалдық құндылықтардың бағасын дифференциалдық тәртіппен реттеу, несиелік қаржыны нақты алатын ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің өткен жылдары алған несиелік тарихтары екендігін растайтын құжаттарын кепілдік ретінде беру мүмкіндігін қарастырады.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссияны облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы басқарады.
Тармақ 6
6. Төраға комиссия жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
Тармақ 7
7. Комиссия отырыстары қажет болған жағдайда және несиелендіру бағдарламасына қатысушылардан түскен өтініштерге байланысты өткізіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы көп дауыспен қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Егер дауыс саны тең болса, комиссия төрағасының дауысы шешуші маңызға ие болады.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысында қабылданған шешімдер көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді несиелендіру бағдарламасының әкімшісіне жіберіледі.