Об утверждении Инструкции о выплате материальной помощи отдельным категориям граждан в Узункольском районе на 2004 год Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылға арналған Ұзынкөл ауданында азаматтардың жекелеген категорияларына материалдық көмек төлеу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi № 2247 Заң күшi бар Жарлығының 20-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 44, 46-баптарына сәйкес, Ұзынкөл аудандық әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосып берілген бекітілсін: 2004 жылға арналған Ұзынкөл ауданында азаматтардың жекелеген категорияларына материалдық көмек төлеу туралы Нұсқаулық.
Тармақ 2
2. 2004 жылға арналған Ұзынкөл ауданында азаматтардың жекелеген категорияларына материалдық көмек төлеудің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.А. Дәулетбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы Әділет басқармасында мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 4 наурызда № 2057 болып тіркелген «Азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік және материалдық көмек тағайындау мен төлеу жөніндегі Ережесі туралы» Ұзынкөл ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 ақпандағы № 22 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. «2004 жылға арналған Ұзынкөл ауданында азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік және материалдық көмек төлеу тағайындау жөніндегі Ережесі туралы» Ұзынкөл ауданы әкімиятының 2004 жылғы 7 қаңтарда қабылданған № 1 қаулысы және ұқсас 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысы Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты күші жойылды.
Басқа 5. 2004 жылға арналған Ұзынкөл ауданында азаматтардың жекелеген категорияларына материалдық көмек төлеу туралы Нұсқаулық
Ұзынкөл ауданы әкiмиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 39 қаулысымен бекітілген 2004 жылға арналған Ұзынкөл ауданында азаматтардың жекелеген категорияларына материалдық көмек төлеу туралы Нұсқаулық
Тарау 6. Жалпы ереже
Жалпы ереже Осы Нұсқаулық Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, шоғырланған лагерлердiң, гетто және басқа ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалi, «Блокададағы Ленинградтың» тұрғыны белгiсi бар адамдарға, қаза тапқан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесiрлерiне, Ұлы Отан соғысы кезiнде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қарулы күштерi қатарында болған жалдамалы құрамның адамдары, 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге материалдық көмек төлеу тәртiбiн реттейдi.
Тарау 1. 1. Материалдық көмек төлеу тәртiбi
1. Материалдық көмек төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Материалдық көмек 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу тоғыз жылдығын мерекелеу күні кезінде аудан аумағында тұратын Ұлы Отан соғысына мәжбүрлік ұстау орындарының кәмелеттік жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі, «Блокададағы Ленинградтың тұрғыны» белгісі бар адамдарға, қаза тапқан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қарулы күштері қатарында болған жалдамалы құрамның адамдарына көрсетілген тұлғалардың тізімін құрған күнге тағайындалады.
Тармақ 2
2. Материалдық көмек аудан аумағында үнемі тұратындарға тағайындалады: Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге мерейтой иелеріне тағайындалады; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге «Қарттар күніне» тағайындалады; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне мерзімді баспасөз жазылысына тағайындалады; Ұзынкөл аудандық әкімиятының қаулысы және селолық округтер әкiмдерiмен тұрақты мекен пункттерi аумағында ұсынылған тiзiмдер негiзiнде тiзiмдердi аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы құрады.
Тарау 2. 2. Материалдық көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
2. Материалдық көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, шоғырланған лагерлердiң, гетто және басқа мәжбүрлiк ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалi, «Блокададағы Ленинградты тұрғыны» белгiсi бар адамдарға, Ұлы Отан соғысы кезiнде Кеңестік Социалистік Республикалар одағының Қарулы Күштерi қатарында болған жалдамалы құрамның адамдарына: Куәлiктер: Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедектiң; шоғырланған лагерлердiң, гетто және басқа мәжбүрлiк ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына: «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiне; «Блокададағы Ленинградты тұрғыны» белгiсiне.
Тармақ 4
4. 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге: төлқұжат мекемесiнен негiзгi тұрғылықты жер жөнiнде анықтама; мүгедек тобын белгiлеу туралы дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптамалық комиссия анықтамасының көшiрмесi; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге әлеуметтiк және материалдық көмектi тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада немесе Заңмен белгiленген тәртiп бойынша куәландырылған көшiрме түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
Тарау 3. 3. Материалдық көмектi төлеу
3. Материалдық көмектi төлеу
Тармақ 5
5. Материалдық көмектi төлеу, 2004 жылға көзделген қаржы бөлу шегiнде, аудан бюджетi шығындарының есебiнен жүзеге асады.
Тармақ 6
6. «Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі комиссия шешiмiнiң негiзiнде материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмдерiн дайындайды, есептеу жүргiзедi және ай сайын «Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмектi төлеу «Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұсынған тiзiмдерге сәйкес ашық акционерлiк қоғам «Қазақстан Халықтық Банкi» аудандық филиалы арқылы жүзеге асады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге арналған материалдық көмектi төлеу, алушының қайтқан күнiнен бастап төленбейдi.
Тармақ 8
8. Материалдық көмек 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң елу тоғыз жылдығын мерекелеу күнiне байланысты, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, шоғырланған лагерлердiң гетто және басқа мәжбүрлiк ұстау орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалi, «Блокададағы Ленинградты» тұрғыны белгiсi бар адамдарға, қаза тапқан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесiрлерiне, Ұлы Отан соғысы кезiнде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қарулы Күштерi қатарында болған жалдамалы құрамның адамдарына төленедi.
Тармақ 9
9. «Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрастырған тiзiмдер негiзiнде «Ұзынкөл аудандық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Тармақ 10
10. Материалдық көмектi төлеу «Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің есепке алынған қолма-қол ақшаны есеп берушi адамдармен, құрастырылған тұлғаларға тiзiмдемелерге сай, осы Нұсқаулықтың тоғызыншы тармағында көрсетiлген тұлғаларға салтанатты түрде ұсыну үшiн жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Материалдық көмектiң төленуiне бақылау жасау
4. Материалдық көмектiң төленуiне бақылау жасау
Тармақ 11
11. Төленген сомаға бақылау жасау, ай сайын, ашық акционерлiк қоғам «Қазақстан Халықтық Банкiнiң» филиалы мен «Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің арасындағы салыстыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аудандық бюджет қаражатынан материалдық көмектi төлеу шығыстарының дұрыстығын тексерулер арқылы бақылау жасайды.