Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2004 года Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2004 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 11-тармағының 14) тармақшасы мен 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2004 жылғы 30 наурыздағы № 1326 Жарлығын орындауда, Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және 1986
жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған
одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті
шақырылуы 2004 жылғы сәуір-маусымда жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға және
облыстық жиналу пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімияттары:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық
комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, әскери
басқарудың жергілікті органдарына қажетті мөлшерде дәрігер-мамандар,
техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдар бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға
келмегендерді іздестіру үшін хабарландыруды және іздестіру тобын құрсын,
оларды көлік құралдарымен және жанар-жағар май материалдарымен
қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды
салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырушыларды хабарландыру, шақыруды жүргізу,
медициналық куәландыру және әскерге шақырушыларды аудандық, қалалық
шақыру пункттеріне, медициналық комиссияға облыстық жиналу пунктіне
жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық,
қалалық және облыстық бюджеттердің есебінен қарастырылған қаражат
шегінде жүргізілсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жиналу пункттерінде
жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің,
медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші
адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы,
жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын;
Тармақша 6
6) әскери комиссариаттарға әскерге шақыру пункттеріне жабдықталган
орындар және белгіленген талаптарға сәйкес әскери шақыру пункттеріне
жөндеу жүргізу және қайта жабдықтау үшін басқа да құралдарды бөлу
жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті
(Е.М. Ғалымжанов):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде
флюропленкалар және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі
жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында
жұмыс істеу үшін 2-қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен
(Д.К. Жұмабаев) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге
шақырылушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және
медициналық комиссиялардың дәрігер-мамандарының еңбекақысын
облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде қарастырылған қаражат
есебінен толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік
қоғамы Қостанай тасымалдау бөлімшесі (А.Н. Құдайбергенов) Қостанай
облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тапсырыстары
бойынша толықтырушылары бар командаларды қызмет орнына жөнелту
үшін жолаушылар поездарында қажетті орындар санын бөлсін (келісім
бойынша).
Тармақ 6
6. Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Д.Қ. Жұмабаев):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылгы 16 мамырдағы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес әскерге шақыру пункттері
мен облыстық жиналу пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды
және ыстық асты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, ақы
төлеу әскерге шақыру кезінде тасымалданғандардың нақты саны туралы
тапсырыстар бойынша жүргізсін.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы бойынша ішкі істер бас басқармасы
(М.С. Ысқақов ) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді
іздестіру және ұстауды жүргізсін. Ұсталғандарды іздестіру және оларды
жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) облыстык жиналу пунктінде әскерге шақырылушылар арасында
қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін полицияның нарядын бөлсін.
Тармақша 3
3) әскерге шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі жергілікті
басқару органдарынан жөнелткен кезде, сондай-ақ Қостанай темір жол
станциясында қоғамдык тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін және
әскерге шақырушыларды шығарып салу үшін жергілікті әскери басқару
органдарының тапсырыстары бойынша автокөлік бөлсін.
Тармақ 8
8. Қала және аудан әкімияттары әскерге шақыруды ұйымдастыру,
жүргізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды
«Әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы
бойынша 2004 жылдың бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен дер
кезінде жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына
жылғы 10 шілдеге дейін берілсін.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне
және әскери құрылымдарына 2003 жылғы қазан-желтоқсандағы азаматтарды
кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы»
Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы
12 қыркүйектегі № 324/12 св шешімінің күші жойылды деп есептелсін
(мемлекеттік тіркеу нөмірі 2484, «Костанайские новости» № 142, 2003
жылғы 22 қыркүйек, «Қостанай таңы» № 107, 2003 жылғы 19 қыркүйек).
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің
орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға, облыс әкімінің көмекшісі - екінші
бөлімнің меңгерушісі А.В. Синютинге жүктелсін.