О проведении призыва граждан на срочную военную службу в 2004 году Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 9000 Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңына сәйкес 2004 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудыв өткізу үшін:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) Қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларын құрсын. Тиісті қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары комиссиялардың төрағалары болып тағайындасын;
Тармақша 2
2) Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және 2004 жылы мерзімді әскери қызмет шақырылуға жататын 1977-1986 жылдары туған барлық азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) Әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын: тұрғылықты жерлерінен аудандық, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер және басқармалардың шақыру комиссияларына дейін және кері қарай; тұрғылықты жерлерінен облыстық медициналық комссиядан өту үшін Қарағанды қаласының облыстық жиналу пунктіне дейін және кері қарай және тұрғылықты жерлерінен әскерлерге аттандыру үшін Қарағанды қаласының облыстық жиналу пунктіне дейін.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық әскерге шақыру комиссияларының қызметін басқару және бақылау үшін мына құрамдағы облыстық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
1.Тоғжанов -облыс әкімінің орынбасары - комиссия төрағасы
Ералы Лұқпанұлы
2.Дарманқұлов -облыстық қорғаныс істері жөніндегі
Мұрат Елтайұлы департаментінің бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
3. Әуезов -облыстық қорғаныс істері жөніндегі
Әміржан Таңатарұлы департаментінің 2 бөлім бастығының орынбасары,
медициналық комиссия төрағасы
4. Кенжебаев -облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Нұрбай Жақсыбайұлы бастығының орынбасары
5. Құсаинов -облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының
Ерназар Кеңесұлы орынбасары
6. Шинкорук -комиссия хатшысы
Галина Васильевна
Тармақ 3
3. Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығы (М.Е. Дарманқұлов – келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша белгіленген шараларды (медициналық комиссияларды қамтамасыз ету? Шақырылғандарды жеткізу және оларды тамақтандыру, үй-жайларды санитарлық тазалау, байланыстың үздіксіздігі, ғимараттар мен үй-жайларды жөндеу және т.б.) орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстың тиісті ұйымдарымен және мекемелерімен келісім шарттар жасасын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К. Ермекбаев) облыстық, аудандық, қалалық медициналық шақыру комиссияларын маман-дәрігерлермен және орта медициналық құраммен жасақтасын (барлық медициналық қызметтер – келісім шарттар негізінде).
Тармақ 5
5. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (С.Т. Сәтеков) облыстық жиын пункті үй-жайларының санитарлық эпидемиологиялық жай-күйіне бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстың ішкі істер Бас басқармасы (А.В. Кулинич – келісім бойынша) әскерге шақырылудан жалтарғандардың іздестірілуін және ұсталуын, әскергешақырылғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Б.Р. Аманов) облыстық жиын пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасызх етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л. Громов) облыстың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен және басқармаларымен бірлесіп әскери-патриоттық және тәрбие шараларын өткізу үшін әскерге шақырылатын жастармен әскери-спорттық жиындар өткізсін, соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесілер ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет департаменті (Р.К. Омарбекова) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың өнерін,әскери-патриоттық тақырыптарға көркем фильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (А.К. Молотовник) азаматтарды емрзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырумен байланысты шараларды осы мақсатқа бөлінген қаржылар шегінде қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 11
11. Қарағанды облысы әкімінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі «2003 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» №21 шешімінің күші жойылған деп танылсын, тіркелу нөмірі 2003 жылғы 6 мамырдағы № 1167.
12.Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.