О проведении смотра готовности предприятий пищевой промышленности, торговли, объектов общественного питания, водоснабжения и рынков к работе в летний период 2004 года Қолданыста
Басқа 0
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының сауда, қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, базарлардың 2004 жылғы жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
"Халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 - II
Заңының 8 бабына, „Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II Заңының 27 бабына сәйкес тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, базарлардың санитарлық - техникалық жағдайларын қажетті деңгейге жеткізу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдерді:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 15 сәуір 15 мамыр аралығында меншік нысанына қарамастан тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, коғамдық тамақтандыру, базарлар және сумен қамтамасыз ету объектілерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізсін.
Тармақ 2
2. Ұсынылсын:
Тармақша 1
1) меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларына:
тамақ өнеркәсібі және сауда кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, базарларды тиісті санитарлық – техникалық қалыпқа келтіру;
өндірілетін, сақталатын және өткізілген өнімдер сапасының зертханалық бақылауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) меншіктің барлық нысанындағы су құбырларының, шахталық құдықтардың иелеріне:
істен шыққан су құбырларының жүмысын қалпына келтіру, су қоймаларына, су құбырлары имараттарына, су бөлетін колонкалардың санитарлық қорғалатын аймақтарына жөндеу жүргізу;
әрбір су құбырын, шахталық құдықты тазарту, жуу және дезинфекциялау;
шахталық құдықтарды тиісті санитарлық - техникалық қалыпқа келтіру;
су құбырларындағы аварияларды дер кезінде жою, аварияны жойғаннан кейін учаскені жуу және залалсыздандыру;
ауыз су сапасының тұрақты зертханалық бақылауын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындауын бақылау облыс Әкімінің орынбасары
С. Ғилымовқа жүктелсін.