О квоте иммиграции оралманов на 2004 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2003 жылғы 31 қазандағы № 1216 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы №605 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» № 225 қаулысына сәйкес және өздерінің тарихи отанына оралуға тілек білдірген оралмандар отбасыларын көшіру және орналастыру ұйымдастыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы 682 отбасы, соның ішінде Өзбекстаннан 532 отбасы, Монголиядан 90 отбасы, Қытай Халық Республикасынан 50 отбасы, Ресей Федерациясынан 5 отбасы және Қырғызстаннан 5 отбасы көлемінде қабылдансын.
Тармақ 2
2. Оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі қоса тіркеліп отырған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері көшіп келу квотасы бойынша келетін оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыруды қамтамасыз етсін, бейімделу үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасасын.
Тармақ 4
4. Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (Ғ.С. Медеубаева – келісім бойынша) көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына оралман отбасы иесінің нотариалды бекітілген сатып алу-сату келісім шартын немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу туралы шешімін ұсынуы бойынша, отбасының бір мүшесіне жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш есебінен тұрғын үй сатып алу үшін қаржылардың бөлінуін, сондай-ақ жол жүргені және жүктерін тасымалдағаны үшін жәрдемақылар мен өтемақылардың төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев) оралмандар балаларын бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіптік бағадар беру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) келген оралмандар отбасыларын ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін алуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер бас басқармасы (А.В. Кулинич – келісім бойынша) оралмандардың жедел құжаттануын қамтамасыз естін.
Тармақ 8
8. Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМК (А.З. Нығматулин – келісім бойынша) ҚР азаматтығын алған оралмандардың тұрғын үйін уақтылы тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыстық салық комитеті (Ш.Ш. Тұрсымбеков – келдісім бойынша) оралмандарға салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН) уақытында беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (С.Т.Сәтеков) оралмандар отбасыларына ақысыз бактериологиялық тексеру жүргізсін.
Тармақ 11
11. Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаменті (Б.К.Шыңғысов – келісім бойынша) оралмандар отбасыларының қолданыстағы заңдарға сәйкес шекарадан кедендік төлемдер және салық алынбай өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (Р.Д. Ақашев – келісім бойынша) оралмандарға әлеуметтік жеке қодтың (ӘЖК) берілуін және зейнетақының тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е.Әбілаев):
Тармақша 1
1) Оралмандар отбасыларының жұмысқа орналасу мәселесін бақылауға алсын;
Тармақша 2
2) Еңбек және тұрғын халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріне өтініш білдірулеріне қарай, ҚР заңнамасына сәйкес жәрдемақыларға құқығы бар оралмандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің және басқа да әлеуметтік төлемдердің тағайындалуын және төленнуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 14
14. Аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі облыстық қор (Л.С.Краскова – келісім бойынша), Кәсіпкерлікті дамыту және қолдацу корпоративтік қоры (С.Сыздықова – келісім бойынша) оралмандарға өз ісін ашуға мақсатты шағын кредиттер бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 15
15. Қалалдар мен аудандар әкімдері, Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2004 жылғы 20 маусымға және 20 қарашаға дейінгі мерзімде облыс әкімінің аппаратына ұсынсын.
Тармақ 16
16. Осы қаулыныңт орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 19. 2004 жылы көшіп келу квотасы бойынша көшіп келген 682 оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАРЫ
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 1 сәуір «Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» № 07/02т қаулысымен бекітілген 2004 жылы көшіп келу квотасы бойынша көшіп келген 682 оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАРЫ № Іс-шаралар атауы Орындалу мерзімі Жауаптылар 1 2 3 4 1 Республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар отбасыларын қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз ету Наурыз-қыркүйек Республикалық бюджеттен қаржыландыруға байланысты Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (каелісім бойынша), қалалар мен аудандар әкімияттары 2 Көшіп келу квотасына еңгізу және оралман статусын беру үшін Қазақстан Республикасының көші-қон және демография Агенттігінен келіп түскен оралмандардың өтініштері мен құжаттарын жан-жақты және алқалы қарау Қаңтапр-наурыз Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша) 3 Көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар отбасыларына біржолғы жәрдемақылар, көлік және жүк тасымалдау шығыстарын төлеуді қамтамасыз ету Көшіп келу іс-шараларына арналған шығыс сметасына сәйкес Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша) 4 Келген оралмандар отбасыларын тіркеу және облыс аумағына тұру және жүріп-түруына арналған тиісті құжаттарын ресімдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру Кегеннен кейін бір ай ішінде Қарағанды облыстық ІІББ көші-қон басқармасы (келісім бойынша) 5 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдіктер беру. Келуіне қарай Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша) 6 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нұсқалған төлемдерге құқығы бар, облысқа тұрақты тұруға келген оралмандарға атаулы әлеуметтік көрсетуді және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындауды қамтамасыз ету Өтініштері бойынша Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 7 Тұрғын үй құрылысы және шаруашылық қызметін дамыту үшін жер телімдерін бөлуді қамтамасыз ету Өтініштері бойынша Қалалар мен аудандар әкімдері, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (келісім бойынша) 8 Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасын оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру үшін қажетті көлікпен қамтамасыз ету Келуі бойынша Жолаушылар көлігін басқару қызметі 9 Облыс аумағында және орналасу орындарына барар жолда оралмандардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қабылдау кезеңінде Облыстық ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша) 10 Облысқа келген оралмандарға ақысыз медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Көрсетілген медициналық қызмет көрсету тізімін анықтау. Келуі бойынша Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 11 Білім беру мекемелерінде оралмандар балаларын оқыту және тәрбиелеуді, сондай-ақ қажетіне қарай қосымша сыныптар аша отырып, жасы үлкен бөлігін қазіргі қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастыру Облысқа келген кезден бастап Облыстық білім департаменті, қалалар және аудандар әкімдері 12 Оралмандарға кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (ұлттық кәсіпті жаңғырту, фермерлік және шаруашылық қожалықтарын ұйымдастыруға) көмек көрсету Оралмандар өтініштері бойынша Қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары, экономика және кәсіпсерлікті дамыту бас басқармасы 13 Бұқаралық ақпарат құралдарында оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру мәселелерін жариялау үнемі Облыстық телерадиокомпания, облыстық «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттерінің редакциялары 14 Оралмандар отбасыларына ақысыз бактериологиялық тексеру жүргізу Оралмандардың келуі бойынша Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 15 Оралмандар отбасыларының қолданыстағы заңдарға сәйкес шекарадан кедендік төлемдер және салық алынбай өтуін қамтамасыз ету Оралмандардың келуі бойынша Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаменті (келісім бойынша) 16 «Кедентранссервис» жабық акционерлік қоғамының және «Казтранссервис» ашық акционерлік қоғамының Қарағанды филиалына өз қаражатты есебінен оралмандар контейнерлерін сақтауды, көліктің аумаққа кіру және шығу, сондай-ақ тиеу қызметтерін қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасау Оралмандардың өтініші бойынша Қарағанды облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)