О правилах кредитования по солидарному финансированию по бюджетной программе «Поддержка личных подворий в приобретении скота и птицы, семенного материала, создание пунктов заготовок молока и мяса» на 2004 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылға арналған «Жеке аулаларға мал және құс, тұқым сатып алуға, сүт және ет дайындау пункттерін құруға қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша бірлесіп қаржыландыру жөнінде кредит беру ережелері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылға арналған «Жеке аулаларға мал және құс, тұқым сатып алуға, сүт және ет дайындау пункттерін құруға қолдау» бюджеттік бағдарламалары бойынша бірлесіп қаржыландыру жөнінде кредит беру ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы басқармасының бастағы К.Н. Жандосовқа жүктелсін.
Басқа 3. Успен ауданы бойынша 2004 жылға арналған «Жеке аулаларды мал және құс, тұқым сатып алуға, сүт және ет дайындау пункттерін құруға қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша ниеттес қаржыландыру жөніндегі кредит беру қағидалары
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 1 сәуірдегі Успен ауданы бойынша 2004 жылға арналған «Жеке аулаларды мал және құс, тұқым сатып алуға, сүт және ет дайындау пункттерін құруға қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша ниеттес қаржыландыру жөніндегі кредит беру қағидалары туралы» № 84/3 қаулысымен бекілген Успен ауданы бойынша 2004 жылға арналған «Жеке аулаларды мал және құс, тұқым сатып алуға, сүт және ет дайындау пункттерін құруға қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша ниеттес қаржыландыру жөніндегі кредит беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аталған қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2002 жылғы 25 шілдедегі «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Заңдарына сәйкес, ұсақ шаруа қожалықтарын мен шағын кәсіпкерлік субъектілерін жеке ауланы ниеттес қаржыландыру негізінде несиелендіру үшін заемшы банктерді анықтау мақсатында әзірленеді.
Тармақ 2
2. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға (екінші деңгейдегі банктер) аудан әкімдігімен әулетті заемшыларды несиелендіру туралы келісім жасау құқы беріледі.
Тармақ 3
3. Конкурс ұсынған талаптарға сәйкес келетін бірнеше заемшы банк жеңімпаз болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. 24 ай мерзімге несиені беру төмендегі қызмет түрлері бойынша іске асырылады:
Тармақша 1
1) ірі қара мал сатып алу;
Тармақша 2
2) шошқа сатып алу;
Тармақша 3
3) құс сатып алу;
Тармақша 4
4) жылқы сатып алу;
Тармақша 5
5) тұқым материалдарын сатып алу (картоп);
Тармақша 6
6) сүт және ет дайындау пункттерін құру.
Тарау 2. 2. Әлеуметті конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар.
2. Әлеуметті конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұрын алынған несие бойынша қарызының болмауы.
Тармақ 6
6. Конкурс өткізу күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің пруденциалды нормативтерінің сақталуы.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бекіткен ең төменгі жарғылық және жеке меншік капитал мөлшері лимитінің сақталуы.
Тармақ 8
8. Аудан бюджетіне кредит ресурсты өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Тармақ 9
9. Бюджет қаражатымен 50/50 пайыз көлемінде бірлесіп қаржыландыру негізінде кредит беруге міндетті түрде қатысу.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері және төлем шарты
3. Қаржыландыру көздері және төлем шарты
Тармақ 10
10. Қаржыландыру көзі аудандық бюджет болып табылады.
Тармақ 11
11. Орта мерзімді несие бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне заемшы банктермен төмендегі шарттар бойынша беріледі:
Тармақша 1
1) қайтару;
Тармақша 2
2) төлем ақы;
Тармақша 3
3) жеделдігі;
Тармақша 4
4) қамтамасыздығы.
Тармақ 12
12. Тұрғындардың жеке ауласын несиелендіру бірлесіп қаржыландыру шарты негізінде заемшы банктың жалпы сомасы 50 % кем емес жеке меншік қаражатының қатысуымен іске асырылады.