Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2004 года Қолданыста
Басқа 0
2004 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әекери қызметке шакыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы № 1326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкімі ШЕШШ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық әскери комиссариат» мемлекеттік мекемесі (Т. Б. Еренчиев) 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және басқа әскери құрылымдарға әскерге шақырылған күнге дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырылудан босатылуға немесе кейінге қалдырылуға құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдеріне, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Ақтөбе
облысы бойынша департаментіне (Н. Ж. Князов), «Облыстық денсаулық сақтау
басқармасы» (Н. М. Шомбалов), «Облыстық ішкі істер басқармасы» (М. О. Нүкенов) мемлекеттік мекемелеріне, Ақтөбе стансасы желілік ішкі істер бөліміне
(Қ. А. Рысбаев), «Қоғамдық көлікті басқару қызметі» мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнына (А. Ш. Баймағамбетов) әскери комиссариаттарды жабдықталған
әскерге шақыру (жинау) қостарымен, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен,
медициналық және шаруашылық мүліктерімен, автомобиль көліктерімен,
байланыс құралдарымен, қоғамдық тәртіп күзетімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының қоса берілген құрамы
бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 4
4. «Облыстық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж. Е. Аманбаев)
әскерге шақыру барысындағы іс-шаралардың орындалуына байланысты
шығындарға 18520000 (он сегіз миллион бес жүз жиырма мың) теңге бөлсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары
А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 6
Облыстық мәслихат және
облыс әкімінің 2004 жылғы
22 сәуірдегі №и 52/3 бірлескен шешіміне
Қосымша
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
ЕСІРКЕПОВ Амангелді Қабашұлы
облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
ЕРЕНЧИЕВ Тынычпек Байджұмаұлы
облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
ЕСМАХАНОВ Есенгелді Бималыұлы
2-ші бөлімнің аға әскери маманы
(медициналық қызметтің дәрігер-терапевті),
медициналық комиссияның төрағасы
НАРМҰХАМЕДОВ Жәнібек Қараұлы
облыстық денсаулық сақтау басқармасы
бастығының орынбасары
СИСЕНОВА Айгүл Мақсұтқызы
медициналық-экономикалық проблемаларды
ақпараттық-талдау орталығының медбикесі,
медициналық комиссияның хатшысы
СЫДЫҚОВ Жанат Выратбекұлы
облыстық әскери комиссариаттың заңгер-
кеңесшісі
ТАҚАБАЕВ Талғат Мақсұтұлы
облыстық білім басқармасының жетекші
маманы
ЫСҚАҚОВ Қуаныш Мағазұлы
облыстық ішкі істер басқармасы бастығының
орынбасары
ШАРМҰХАНОВ Жанболат Рахметжанұлы
облыстық әскери комиссардың орынбасары-облыстық әскери комиссариаттың бөлім
бастығы