Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков летом 2004 года Қолданыста
Басқа 0
Балалардың және жасөспірімдердің 2004 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы
Балалардың және жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың шығармашылық дамуын ұйымдастыру, сондай-ақ 2004 жылдың жазғы кезеңінде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының, қылмысының және қараусыз қалуларының алдын алу үшін қажетті жағдайлар туғызу мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балалардың және жасөспірімдердің 2004 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі Қостанай облысы әкімиятының облыстық комиссиясы құрылсын және белгіленген тәртіппен комиссия құрамы облыстық мәслихаттың сессиясында бекітуге енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың қалаларының және аудандарының әкімияттары:
Тармақша 1
1) облыстың қалалары мен аудандарында осы сияқты комиссиялар құрылсын;
Тармақша 2
2) барлық үлгідегі лагерлердің олардың материалдық-техникалық базасының нығайтылуына ерекше назар аудара отырып уақытында даярлануы жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүргізсін, олардың толық пайдаланылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) қала сыртындағы лагерлер, барлық үлгідегі лагерлердің жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қолданылсын;
Тармақша 4
4) жазғы сауықтыру кезеңін өткізуге даярлықтың барысы туралы 2004 жылғы 20 мамырға облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөліміне ақпарат берсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының білім департаменті (Қ.А.Қаткенов):
Тармақша 1
1) жетім балалардың, біреудің бағып күтуіндегі және қамқорлығындағы балалардың, аз қамтылған отбасы балаларының (кіріс бір адамға 2 есептік көрсеткіштен аспайтын), көп балалы отбасы балаларының (3 баладан астам), жұмыссыздар отбасы балаларының, ата-анасының біреуі тәрбиелеп жатқан балалардың, денсаулығы нашар балалардың (аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан созылмалы түндік аурулармен ауыратын), дарынды балалардың (олимпиада резерві мектептерінің) демалысының және сауықтырылуының ұйымдастырылуына 2004 жылғы облыстық бюджетте қарастырылған қаржы қаражаттарын және кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеп тұрған санаторий- профилакторийлерімен келісім бойынша олардың базасында жоғарыда атап өтілген санаттардағы балалардың сауықтырылуын ұйымдастырсын (1 қосымша);
Тармақша 2
2) Меңдіқара ауданының «Лесная сказка» сауықтыру лагерінің базасында «Ровесник» педагогикалық отрядының күшімен мектеп активін оқыту және әртүрлі санаттағы балаларды сауықтыру үшін қала сыртында облысаралық сауықтыру лагерінің жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) қала сыртында сауықтыру лагерлері бар кәсіпорындар және ұйымдар басшыларымен келісім бойынша қолданылып жүрген еңбек заңнамаларына сәйкес лагерлерді тәрбиеші, вожатый кадрлармен және басқа қызметкерлермен толықтырсын;
Тармақша 4
4) облыстың жалпы білім беретін мектептерінің жанынан күндіз болатын және тамақтанатын балалардың сауықтыру лагерлерін құрсын;
Тармақша 5
5) балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығымен және кәсіподақтардың облыстық кеңесімен келісім бойынша балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде міндетті түрде нұсқаулық беретін сауықтыру лагерлерінің басшыларының және аға вожатыйларының оқуын өткізсін;
Тармақша 6
6) балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленуші балалардың сауықтырылуы және демалуы үшін «Юный строитель», «Алау» сауықтыру лагерлерінің дайындығын қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (О.Киколенко) 16-дан 18 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардың қоғамдық жұмыстармен барынша қамтылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.Ғалымжанов), облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (В.Пасичник) барлық үлгідегі жазғы сауықтыру мекемелерінің даярлық барысына қатаң санитарлық-гигиеналық бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Қостанай облыстық суда құтқару қызметінің орталығы (А.Маманов) балалардың сауықтыру ұйымдарында балалардың суға түсу қауіпсіздігі үшін бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қостанай облыстық ішкі істер бас басқармасы балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етсін және сауықтыру, еңбек және демалыс лагерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Балалар мен жасөспірімдердің 2004 жылдың жазында демалуын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөнінде облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар 2004 жылғы 30 мамырдан 10 маусымға дейін мүдделі ведомстволардың мамандарын тарта отырып, балаларды сауықтыру мекемелерінің жұмысқа даярлығының байқауы мен қабылдауын өткізсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Баймағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 20. 2004 жылы балалардың демалысы мен
сауықтырылуына трансферттер қарастырылған ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының»
«Балалардың және жасөспірімдердің
2004 жылдың жазында демалысын,
сауықтырылуын және еңбекпен
қамтылуын ұйымдастыру туралы»
2004 жылғы 17 сәуірдегі № 100
қаулысына қосымша
2004 жылы балалардың демалысы мен
сауықтырылуына трансферттер қарастырылған ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
№
Ұйымның атауы
Демалыс түрі
Болу ұзақтығы
Балалар саны
Қызмет көрсету құны, мың теңге
1
«Ровесник» педагогикалық отряды қоғамдық бірлестігі («Лесная сказка» сауықтыру лагері, Меңдіқара ауданы)
Мектеп активінің оқуы, түрлі санаттағы балалардың сауықтырылуы
14 күн ( 1 маусым)
160-тан кем емес
1520
2
«Ішкі істер бас басқармасының Сұңқар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бәкіров атындағы демалыс базасы
Жетім балалардың, ата-ана қарауынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасылары балаларының демалысы
15 күн (3 маусым)
242 -ден кем емес, оның ішінде 120- тәрбиесі қиын балалар
2420
3
«Сосновый бор» санаторийі ашық акционерлік қоғамы
Қалалық және селолық жерлердің оқушылары үшін медициналық қызмет көрсетулері бар демалыс
12 күн (3 маусым)
360-тан кем емес
3600
4
Арқалық қаласы сыртындағы «Строитель» сауықтыру лагері
Көп балалы, аз қамтылған отбасыларындағы балалар демалысы
15 күн (2 маусым)
140 -тан кем емес
910
5
«Балдырған» сауықтыру лагері
Мектеп-интернаттардағы жетім балалардың, ата-ана қарауынсыз қалған балалардың демалысы
15 күн (2 маусым)
200-ден кем емес
1550