О программе занятости населения Алматинской области на 2004 год Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысы халқын жұмыспен қамтудың 2004 жылға арналған Бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-ІІ Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" № 149-ІІ Заңын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы "Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысын орындау үшін, облыс Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады :
Тармақ 1
1. Алматы облысының халқын жұмыспен қамтудың 2004 жылға арналған Бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыстық Мәслихаттың
2004 жылғы "13" сәуірдегі
№ 5-35 шешіміне қосымша
Алматы облысының халқын жұмыспен
қамтудың 2004 жылға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты
Жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың деңгейін
төмендету, жұмыс күшінің сапасын арттыруды
қамтамасыз ету
Міндеттері
Жұмыссыздардың бос және жаңа жұмыс
орындарына орналасуына ықпал ету, қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру арқылы уақытша
жұмыспен қамту, мамандыққа оқыту,
біліктілігін арттыру және қайта даярлау
арқылы олардың бәсекелестігін арттыру, ішкі
еңбек рыногын қорғау.
қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық
бюджеттен және Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтін басқа да
көздерден жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтиже
Бағдарламаны жұмыспен қамтудың белсенді
түрлері арқылы жүзеге асыру еңбек
рыногындағы қайшылықтарды төмендетуге әсер
етеді, соның ішінде:
жұмысқа орналастыру 12000 адам
қоғамдық жұмыстарға
жіберу 9300 адам
қайтадан кәсіптік оқуға
жіберу 3000 адам
Облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы
қоғамдық жұмысқа 258,4 млн. теңге
Кәсіптік оқытуға 108,8 млн. теңге
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Алматы облысының халқын 2004 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" №№836 қаулысын орындау мақсатында және Алматы облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламасына сәйкес жасалды.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы сақталып келе жатқан қайшылықтар, еңбек рыногының тиімділігі жеткіліксіз болуы, атап айтқанда 2003 жылдың 4 тоқсанында, халықтың экономикалық белсенді тобын құратын 785,3 мың адамның 64,2 мыңы жұмыссыз болуы Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігін тудырды.
Жұмыспен қамту бағдарламасы еңбек жаңа қатынастар жүйесінің пайда болуына, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде жұмыс берушілердің ролін арттыруға, мамандарды дайындау жүйесінің экономика сұранысына сәйкес әсерін тигізуі керек.
Бағдарлама облыстың әлеуметтік-экономикалық, еңбек рыногындағы өңірлік жағдайларды есепке алады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
жұмыссыздықтың деңгейін төмендету;
халықты өнімді еңбекпен қамтамасыз ету;
еңбек ресурстарының сапасын арттыру;
кәсіпкерлікке жайлы орта қалыптастыру;
әлеуметтік әріптестікті кеңейту.
Бағдарламада оның жүзеге асуының негізгі бағыттары мен механизмдері анықталған.
Тарау 2. 2. Еңбек рыногындағы жай-күйін талдау
және 2004 жылға арналған жұмыспен
қамту болжамы
2. Еңбек рыногындағы жай-күйін талдау
және 2004 жылға арналған жұмыспен
қамту болжамы
Еңбек рыногындағы жағдай
Еңбек рыногындағы ахуалды талдау, Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Нәтижелі жұмыспен қамтудың концепциясы мен еңбек рыногындағы сұраныс өзгерісінің қалыптасуын орта және ұзақ мерзімге болжайтын әдістемелік ұсыныстарды" ескере отырып жасалды.
Экономиканың құрылымын белгілейтін өнеркәсіптің белді салаларының келешекте дамуына баға беру үшін, аймақта өздігінен жұмыспен қамтылған адамдар, 341 орта және ірі өндіріс кәсіпорындары, 42 оқу орындары арасында іріктеу сауалнамасы жүргізілді, статистикалық есептер, облыстық салалық бағдарламалар зерделенді.
Еңбек рыногындағы жағдай кейінгі жылдары жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен, жұмыс күші экономика салалары мен секторларының арасындағы алмасудың әсерінен, әсіресе, өз бетімен жұмыс істеушілер санының молаюымен қатар, жалданып жұмыс істеушілер санының азаюымен сипатталған.
1992 жылдан бастап, тұрақты төмендеген облыс халқының саны, тек биыл ғана 5,6 мың адамға өсті. Алдын ала санау бойынша, 2003 жылдың 1 қарашасына халық саны 1566,1 мың адамға жетті. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында халықтың экономикалық белсенді тобының 15 жастан жоғарғысы 785,3 мың адамды құрады. Облыс экономикасында 721,1 мың адам жұмыспен қамтылған, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 33,4 мың адамға артық.
Жұмыспен қамтылғандардың ішінде жалдамалы еңбеккерлердің саны 398,6 мың адамды, өз бетінше жұмыс тауып, күнін көріп жүргендер - 322,5 мың адамды құрады.
Өз бетімен жұмыс істеушілердің пайда болуы - осы заманның еңбек рыногында сай ерекшелік. Облыс бойынша 2003 жылдың 4 тоқсанында өз бетімен жұмыс істеушілердің саны 322,5 мың адамды құрады. Олардың саны өткен жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда облыс бойынша 5,3 мың адамға артты, олардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі 1,4 % кемді (46,1-дан 44,7%-ға дейін). Өз бетімен жұмыспен қамтылған халықтың ең үлкен үлесі саудамен, көлік және үй тұрмысының заттарын жөндеумен, ауыл шаруашылығы мен, көлік және байланыс салаларымен айналысатындарға тиеді.
2003 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздар саны 64,2 мың адамды құрады, өткен жылдың 69,5 мың санына қарағанда. Осы кезеңде халықтың экономикалық белсенді тобынан жалпы жұмыссыздар деңгейі өткен жылдың осы мерзіміндегі 9,2 пайызынан 8,2 пайызға дейін төмендеді.
Еңбек рыногындағы оңды өзгерістерге экономикалық даму тенденцияларының сақталуы, әсіресе басты экономика салаларының тұрақты динамикалық даму есебінен. 2003 жылы өнеркәсіп өнімінің өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңінде шығарылған өнімнің 102,9% құрады.
2003-2005 жылдарға арналған Кедейшілікті азайту бағдарламасына сәйкес, 2003 жылы облыс бойынша 13954 жаңа жұмыс орны іске қосылды. Оның ішінде ауыл шаруашылығында 5792, өнеркәсіп өндірісінде, саудада - 1424, көлік және байланыста - 165, білім және денсаулық сақтау саласында -370, құрылыс және коммуналдық шаруашылықтарында - 1184, өндірістің басқа салаларында 1913 жаңа жұмыс орындары, сонымен қатар оның ішінде шағын кәсіпкерлікте 4990 жұмыс орны іске қосылды.
Маусымды жұмыс кезеңінде халық қосымша 27078 уақытша жұмыс орындары есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, мекемелер мен ұйымдардың әртүрлі экономикалық себептермен тұрақты жұмыс істемеуіне байланысты ішінара жұмыссыздық сақталуда. 2004 жылдың 1 қаңтарына облыста 48 кәсіпорын толығымен жұмысын тоқтатты, 16 кәсіпорын жартылай, 5-уі толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуде.
Мәжбүрлі ақысыз демалысқа шыққандардың саны 1215 адамды құрады. Облыс бойынша жоғары білікті жұмыс кадрларын дайындау және олардың потенциалын сақтау проблемасы орын алуда. Кадрлерді дайындау және олардың экономикада қажеттілігінің сәйкестігін талдау мониторингі, облыс территориясында 22 кәсіптік мектеп, 14 колледж, 6 жоғары оқу орны барлығын көрсетті. 2002-2003 оқу жылдарында облыстың кәсіптік мектептерінде 2500 оқушы қабылданып, 1352 адам оқу бітірді, арнайы орта оқу орнына 2086 оқушы қабылданып, 1879 адам бітірді, жоғары оқу орнына 1289 оқушы қабылданып, 501 оқушы бітірді.
Болжам қабылдау мөлшерінің өсетінін көрсетті, оның ішінде облыс экономикасында төмендегідей мамандықтар бойынша сұраныс бар: ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері (фермер), трактор және көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері, ауыл шаруашылық экологы, аудитор, фармацевт, ЭВМ операторы, газбен, электрмен дәнекерлеуші, бірқатар пәндердің мұғалімдері.
Сонымен қатар, оқу орындары еңбек рыногындағы сұранысқа әртүрлі әсер етеді. Даярлаудың өсуі жоспарлануда, әсіресе қазіргі кезде еңбек рыногында артығымен кездесіп отырған мамандықтар бойынша, бұл жастар арасында жұмыссыздық ұлғаюына әкеледі. әсіресе мынадай мамандықтар бойынша: есепші, заңгер, банк қызметкері, экономист.
2003 жылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда жұмыссыз ретінде 23110 адам тіркелген, оның 53,3 % - ауыл тұрғындары, 48,6% - әйелдер, 22,6% -жастар. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелушілер саны 2000-2001 жылдың деңгейіндей ғана, және былтырғы жылдан 1,7 есе кем.
2002 жылы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының қабылдануына байланысты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны көбейді. Жоғарыда аталған Заңның жүзеге асырылу механизмдері орнына келтірілгенше, нақтылы жұмыс қажет етіп тұрмаса да, жұмыссыз ретінде өз бетімен жұмыспен қамтылған адамдар жаппай тіркелді.
2003 жылдың аяғында жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар саны 10229 адамды құрады, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 16896 адам болатын. Облыс бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,1 пайыздан 1,3 пайызға дейін қысқарды.
Жыл аяғында тіркелген жұмыссыздарды сапа жағынан талдау мынадай жағдайды көрсетті: олардың 0,2% -кәсіпорын жойылғандықтан жұмыстан қысқартылғандар, 0,1% - еңбек шарты жұмыс беруші жағынан уақыты келгенінен бұзылып жұмыссыз қалғандар, 3,2% - жеке еңбек шартын өз еркімен бұзғандар, 19,4% - бұрын жұмыс істемегендер, 76,9% - ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан астам). Олардың 5,3% - жоғары кәсіптік білімі, 16,3% - орташа кәсіптік білімі, 3,8% - бастапқы кәсіптік, 69,3% - жалпы орташа, 3,8% - негізгі жалпы білімі барлар. Жыл аяғында жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің 61% - бұрын жұмысшы, 19,7% - қызметкер болып жұмыс істегендер. 2011 қызметкерлердің, 88,7% - (1785 адам) мамандықтары бойынша жұмыс жасағандар және 10,4% (208 адам) - басшы болғандар. Жұмыссыздардың 59,7% әйелдер, 11,7% - жастар, 56,1% ауыл тұрғындары құрады.
Жыл бойы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың белсенді түрі - оларды жұмысқа орналастыру болды. Бір жыл ішінде жұмыс іздеп келгендердің 14487 адамы жұмысқа орналастырылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1451 жұмыссызға артық. Жұмысқа орналастырудың деңгейі 62,7 пайызға жетіп, былтырғы жылдың 32,2 пайызымен салыстырғанда, 2 есе өсті. Бірақ осы көрсеткіш 11 аудандарда облыстың орташа көрсеткішіне жеткен жоқ. Жұмысқа орналастырудың ең төменгі деңгейі Райымбек ауданында - 34,3%, Қаратал - 48,6%, Ұйғыр - 50,5% байқалды.
2004 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша бір бос орынға 62 жұмыссыз адам талап етті. Бұның бір себебі - бос орындарды жасырушы жұмыс берушілердің тәртіпсіздіктері. Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша, 2003 жылдың 9 айында ірі және орта кәсіпорындарға, бюджеттік мекемелерді қосқанда 38262 адам жұмысқа орналасты, немесе уәкілетті жұмыспен қамту органдары жұмысқа орналастырғандардың санынан 3,1 есе көп. Бұл айырмашылық әсіресе қаратал (8,5 есе), Іле (6,7 есе), Талғар (4,3 есе) аудандарында және Талдықорған, Қапшағай қалаларында (3,8 және 3,6 есе сай) ауқымды. Талдықорған қаласы бойынша өткен жылдың 9 айы ішінде 7758 бос орындардың тек 1601 жұмыспен қамту уәкілетті органдарына хабарлаған. Осындай жағдай Қапшағай қаласында да байқалды, 3557 бос орынның тек 772 орнына, тіркеуде тұрған жұмыссыздар орналастырылды.
Бұл жағдайдың шиеленісуіне құрылымдылық жұмыссыздық әсер етуде, себебі, жұмыс күшіне сұраныс пен оның ұсынысы сәйкес келмегендіктен, кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс орындары бос қалды.
Еңбек рыногының мониторингі бойынша, бос орындардың жартысы өнеркәсіпке, үштен бірі ауыл және орман шаруашылықтарына келеді. қазіргі кезде үлкен сұранысқа мына білікті жұмысшы қолдары ие болуда: механизаторлар, электрмен, газбен дәнекерлеушілер, электриктер, әрқырлы слесарлер, токарлер, фрезеровщиктер, құрылысқа қажет жұмысшы мамандар.
Еңбек рыногында инженерлік кадрлар, технологтар, мұғалімдер, дәрігерлер қажет болуда.
Біліктілігі төмен жұмысшылардың жұмысқа сұранысы, оларды орналастыру мүмкіндігінен елеулі биік. Облыс бойынша 2003 жылдың аяғында тіркеуде 4526 біліктілігі төмен жұмысшылар тұрды, немесе жалпы жұмыссыздардың 44,2%, 1 бос орынға 31 аспазшы, 251 малшы, 88 есепшіден келді.
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру қиындығы жұмыс сұранысы мен ұсынысының аймақаралық кері сәйкестігінен туындайды. Мысалы, тігіншілер аймақтық еңбек рыногында мол болса да, Талдықорған қаласы мен Талғар ауданында осы мамандыққа деген сұраныс ұсыныстан астам. Тура осындай жағдай аспаз, көлік жүргізуші, есепші мамандықтары бойынша қалыптасты.
Жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін көтеру резервтерінің бірі - бос орын жәрмеңкесін өткізу болып табылады. Есептік кезеңде облысымызда 37 бос орын жәрмеңкесі өткізілді, соның нәтижесінде 1823 адам жұмысқа орналасты, 434 адам қоғамдық жұмысқа, 339 адам мамандық алу үшін оқуға жіберілді.
Жұмыссыздарды уақытша болса да жұмыспен қамтамасыз ету қоғамдық жұмысты дамытып, оның түрлерін кеңейту арқылы шешілді. қоғамдық жұмыстардың 23 түрі бойынша жыл бойына 13010 жұмыссыз адамдар, немесе өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1131 адамға артық жіберілді. Бұл қоғамдық жұмыстар әлеуметтік маңызы бар бағыттарда ұйымдастырылады: ол тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығына көмек, аумақтарды көгалдандыру, көркейту, тазалық жүргізу, тарихи, мәдени ескерткіштер, мәдениет үйлері, ауылдық клубтар, стадиондар, кітапханаларды жөндеу және қалпына келтіру. Қоғамдық жұмыстар ауыз су көздерін ашу және қайта жаңарту, жолдар салу және жөндеу, бос тұрған үйлерді жіктеп бұзу жұмыстарында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жеке басты қарттарды бағу, мүгедектерге, жағдайы нашар жанұялардың балаларына, әйелдерге, тәрбиесі нашар жасөспірімдерге және т.б. көмек беру сияқты арнайы жобаларды іске асыру үшін, 29 мемлекеттен тыс ұйымдармен шарт жасалды. Осы жобаның іске асуына, Урбан институтының грантын алған "Уәкілетті органдар мен мемлекеттен тыс ұйымдардың ақылы қоғамдық жұмыстардың тәжірибесін дамыту жөніндегі әріптестігі", әсер етті. Осы жобаның шеңберінде 2 облыстық семинар және конференция өткізіліп, тиімді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарындағы ынтымақтық қарастырылды.
Қоғамдық жұмыстардың арнайы түрлерінде 976 жұмыссыздар іске араласты, оның ішінде 315 адам мемлекеттен тыс ұйымдармен шарт бойынша жұмысқа тартылды.
Кәсіпорындарда тұрақталып қалу мақсатымен, нысаналы топтан, жастардан 287 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.
Жұмыссыздардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлікке, өзін-өзі жұмыспен қамтуға, жәрдем беру мақсатында 2003 жылы 4002 жұмыссыздар, немесе өткен жылмен салыстырғанда 285 адамға артық, 43 мамандық пен кәсіп бойынша кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жіберілді.
Кәсіпорындардың сұранысы бойынша, жұмыс орындарында тәжірибе алу үшін, электрмен-газбен-дәнекерлеушілер, электр жүйесін жөндеушілер, токарлер, фрезеровщиктер, автокрановщиктер, тігіншілер және тағы басқа маман иелері білім алуда. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және халықты өзін өзі жұмыспен қамту мақсатымен де оқу жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы үшін фермер-арендаторлар, тракторшылар, омарташылар, техник-ұрықтандырушы, теріден бұйым жасаушылар дайындалуда.
Қызмет көрсету саласында пайдаланатын мамандықтарға: аспазшы, кондитерші, шаштаразшы, массажшы сияқты және де ақпараттық технологиямен байланысы бар мамандықтарға сұраныс бар. Барлық оқу бағдарламаларына жұмыссыздарды кәсіби дайындау үшін "Жеке істі қалай ұйымдастыру керек" және "өз бетімен жұмыс іздеудің психологиясы" атты қосымша сағаттар қосылды. Осы қабылданған шаралардың арқасында, өткен жылы оқу бітірген 3851 жұмыссыз адамдардың 2028-і жұмысқа орналасты, яғни 52,7%, немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,4% жоғары өсті.
Бағдарламаның негізгі тапсырмаларын барлық аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері орындады.
Жұмыспен қамтудың 2004 жылғы болжамы
Экономика институты мамандарының болжамы бойынша, 2005-2007 жылдар экономикадағы елеулі құрылымдық өзгерістердің дайындалуы және басталуымен айқындалады (экономика салаларының құрылымдық өзгерісі, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, аграрлық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру, ДСҰ (ВТО) кіруге дайындық, орта және жоғары білім беру жүйесін жаңалау және т.б.). Осының бәрі еңбек рыногының халықты жұмыспен қамту саласындағы өзгерістермен бірге жүреді.
Жұмыс күшіне сұраныс 2004 жылы өткен жылдан қалған бос орындардан (лауазымды жұмыс орнына), өнеркәсіп пен мекемелердің жұмыстан шығып кеткен кадрлерінің орнына сұранысынан, және әртүрлі жекеменшіктегі өнеркәсіптерде салынатын жаңа жұмыс орынның кадрлік сұранысынан (10732 жаңа жұмыс орны) қалыптасады. Жыл бойына жұмыс күшіне сұраныс, болжам бойынша, 100000 адамға дейін жетеді.
2004 жылы Алматы облысының еңбек рыногындағы ахуал өткен жылдардағыдай, жұмыс күшінің ұсынысы оның сұранысынан артық болғанымен анықталады.
Болжам бойынша, келесі жылы облыстың еңбек рыногы 158,8 мың адамды құрап, төмендегідей қалыптасады:
ұзақ уақыттан бері жұмыссыз жүргендер қатарынан 114,6 мың адам, оның ішінде 66,7 мың жұмыссыз азаматтар кіреді;
20,4 мың адам экономикалық белсенді емес тұрғындар және өз ауласында жұмыспен қамтылғандар саны 27,5 мың адам;
мекемелер мен ұйымдардан босатылғандар - 0,5 мың адам;
алғашқы рет жұмыс іздеушілер 15,2 мың адам, оның ішінде, жоғары, орта, арнайы оқу орындарын және мектептерді бітіргендер - 12,2 мың адам және 3,0 мың адам Қазақстан Республикасы қарулы күштері қатарынан босатылғандар;
ағымдылық себептерге байланысты жұмыстан босатылған уақытша жұмыссыздар және басқа да тұрғындар санаты үстіміздегі жылы 2,5 мың адамды құрады;
қоныс аударғандар - 26,0 мың адам;
Еңбек рыногы жөніндегі мониторинг көрсеткендей, жұмыс іздеуші жұмыс күшінің 20-30 пайызына дейін уәкілетті органдарға жүгінеді, өзгесі өз беттерімен жұмысқа орналасады.
Орта есеп бойынша, 2004 жылы жұмыссыздардың саны 66,7 мың болады, оның 30 мыңы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға жүгінеді.
Ауылшаруашылық өнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының шеңберінде ауылшаруашылық мамандарына сұраныс ұлғаятыны күтіледі.
Рыноктік құрылымдардың, халықты тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету, көлік, байланыс, мектепте білім беру, ғылым және ғылыми қызмет жұмысшыларына тұрақты сұраныс болатыны болжанады.
Экономикаға қажетті білікті мамандарға деген сұраныс, мынандай тұрақты жоғары білікті жұмысшы мамандарына: наладчиктер, фрезеровщиктер, литейщиктер, формировщиктер, слесарлер, токарлер, киім пішушілер, тас қалаушылар.
Мамандарға сұраныс аудандар бойынша әртүрлі қалыптасады. Еңбекшіқазақ ауданында тас қалаушыларға, бетонщиктер мен механизаторларға, қаратал ауданында фермер-арендаторларға, құрылыс жұмыстарының мамандарына, шаштаразшыларға, механизаторларға және мұғалімдерге, Райымбек ауданында - орман шаруашылығы жұмысшыларына, омарташыларға, механизаторларға сұраныс бар.
Қапшағай қаласы, Жамбыл ауданы бойынша - өңдеу өнеркәсібі жұмысшыларына: жіп иірушілер, тігіншілер, обжигальщиктер, кондитерлер, ет-сүт өнеркәсібінің технологтарына, Ескелді ауданы - токарлер, қант қайнатушылар, механизаторларға сұраныс болуы болжанды.
Облыстың еңбек рыногындағы ахуал болашақта экономиканың барлық салаларында жаңа жұмыс орындарының салынуына және жұмыс істеп тұрғандарының сақталуына байланысты. Халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі өнеркәсіптер қуатының өсуіне, олардың тоқтап тұрғандарының қайтадан іске қосылуына және жаңа учаскілердің, цехтардың ашылуына байланысты.
Жоспарланған кешенді шаралардың арқасында 2004 жылы облыста 10732 жұмыс орны іске қосылуы керек. Соған қоса, 14683 мезгілдік жұмыс орны халықты уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді.
Тіркелген 30 мың жұмыссыздар арасынан 12,0 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, немесе жалпы жүгінген жұмыссыздардың 45,8 пайызы. Кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлауға 3,0 мың адам және 9,3 мың адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіледі.
Тіркеуде тұрған аз қамтылған жанұядағы жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес атаулы көмек алатын болды.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
3. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың деңгейін төмендету, жұмыс күштерінің сапасын жоғарылату.
Кадрлар даярлау жүйесін экономика қажеттілігіне сәйкестеу саны мен сапасының және жұмысқа орналастыру мүмкіншілігімен теңдесуіне жету.
Бағдарламада төмендегідей негізгі басымдықтар белгіленген:
экономиканың қажеттіліктеріне байланысты еңбек ресурстарын дамыту;
халықты тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шаралар жүйесін даярлау;
жұмыссыздық деңгейін төмендету;
Бағдарламаның басты міндеттері:
тиімді жұмысқа тұруына жәрдемдесу, экономикалық жоғарлауға ынталандыру, өмір деңгейін жоғарлату, жұмыс күші қажеттігін қанағаттандыру және жұмыссыздық деңгейін және жартылай жұмыссыздықтарды төмендету еңбек рыногында белсенді саясатты жүзеге асыру;
еңбек рыногын сараптау және болжау, еңбек рыногындағы экономикалық, демографиялық, көші-қон, әлеуметтік-психологиялық және басқада факторларды есепке алу;
жұмыссыз азаматтарға мамандық таңдауға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
жұмыс күшінің сапасын және бәсекеге шыдамдылығын жоғарылату, кәсіптік бағдар, жұмыссыз азаматтарды оқыту және қайта оқыту;
кадрлар даярлау жүйесін экономиканың қажеттілігіне сәйкес келтіру, мекеме, ұжымдардың персоналын фирма ішінде оқыту жүйесін дамыту;
уақытша жұмыспен қамтуды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау;
амалсыздықтан жұмыссыз болған кезеңде мақсатты атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның негізгі бағыттары және
іске асыру механизмдері
4. Бағдарламаның негізгі бағыттары және
іске асыру механизмдері
2004 жылы бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарына жұмыспен қамтудың белсенді түрлері жатады. Жоспар бойынша, тіркеуге алынған жұмыcсыздардың, 12 мың адамы жұмысқа орналастырылады, оның ішінде 1,6 мыңы нысаналы топтан. Қоғамдық жұмыстарға 9,3 мың, кәсіби оқуға - 3 мың жұмыссыздар жіберіледі.
Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерінің
2004 жылғы негізгі көрсеткіштері
Аудан,
қалалар
атауы
Уәкілетті
органдарға
жұмыс іздеп
келгендер
саны
Жұмысқа
орналасқандар саны
Кәсіби
оқуға
жіберіл
гендер
саны
қоғамдық
жұмыс
тарға
жіберіл
гендер
саны
барлығы
барлығы
Оның ішінде ныса
налы топтан
барлығы
барлығы
Ақсу
1300
400
50
120
390
Алакөл
1900
570
60
120
600
Балқаш
600
230
40
90
220
Еңбекші
қазақ
2500
900
160
240
810
Ескелді
1300
400
80
100
360
Жамбыл
2200
700
80
150
550
Іле
2000
870
140
230
520
Қарасай
2100
880
190
200
400
Қаратал
900
450
90
130
300
Кербұлақ
800
250
50
100
270
Көксу
800
400
60
110
260
Панфилов
2000
800
90
150
760
Райымбек
1300
350
50
100
370
Сарқан
1300
550
70
120
400
Талғар
1900
800
150
230
510
Ұйғыр
1700
500
60
130
450
Қапшағай қ.
1500
800
90
100
410
Талдықор
ған қ.
3100
1650
190
530
1450
Текелі қ.
800
500
100
50
270
Барлығы
30000
12000
1800
3000
9300
Жұмысқа орналасу
Республикалық кәсіптер банкін қалыптастыру және пайдалану негізінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу еңбек рыногындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың басты бағыты болып табылады.
Жұмыспен қамту жөніндегі органдар жұмыссыздарға төмендегідей қызмет көрсетеді:
жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде және басқа да жұмысты қажет ететін тұлғаларға қойылатын ететін тұлғаларға қойылатын талаптар туралы хабарлау;
бос орындар жәрмеңкесін, жұмыс іздеу клубтарының қызметін ұйымдастыру арқылы лайықты жұмыс таңдауға жәрдемдесу;
білім беру мекемесін бітірушілердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
әлеуметтік қорғауға ерекше мұқтаж азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
жұмыс іздеуде қиыншылық көріп отырған азаматтарға ақыл-кеңес беру.
2004 жылы жұмыспен қамтылмаған халықты және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау белсенді шаралардың алдын-алу және реттеу түрін басымды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдаудың негізгі бағыты белсенді жұмыс іздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына көмектесу, бос жұмыс орындар банкін қалыптастыру және кеңейту, оның ішінде: облыстың жұмыс берушілерімен бос жұмыс орындары туралы толық мәлімет табыс ету жұмыстарын нығайту, жұмыс күші рыногының жағдайы жөнінде, жұмыс іздеуші азаматтардың кәсіпкерлік және біліктілік деңгейі туралы жұмыс берушілерді хабардар ету;
лайықты жұмыс орнын іріктеу және қажетті жұмысшыларды іріктеуге жұмыс берушілерге жәрдемдесу;
жұмыспен қамтудың әр-түрлі қалпын және түрін таңдауға жағдай жасау (жартылай жұмыспен қамту, үйдегі жұмыс, өзін-өзі жұмыспен қамту);
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін, басқа да көпшілік шараларды өткізу;
аймақ аралық еңбек ресурстарын қайта бөлу, жұмыс күштерін шет елге шығару жұмыстарын ұйымдастыру;
жаңа компьютерлік бағдарламаларды енгізу арқылы, азаматтарға қызмет ету сапасын жақсарту;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бос жұмыс орындары туралы азаматтарды хабардар ету, облыс бойынша бос жұмыс орындар банкісін құрып, оны басқа аймақтармен алмастыру;
жұмыс іздеуде қиыншылық көріп отырған азаматтарға ақыл-кеңес беру. Осы көрсетілген шаралардың іске асырылуын ескере отырып, 2004 жылы 12000 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, оның жартысына жуығы ауыл тұрғындары.
Кәсіпкерлікті қолдау және ынталандыру шаралары халықты жұмыспен қамтудың өсуіне әсер етеді:
жұмыссыздарды кәсіпкерліктің негізін білуге оқытуды ұйымдастыру, меншіктік іс ашу мүмкіндігін беретін кәсіби даярлықтан өткізу;
жұмыспен қамту жөніндегі уәкілеттік органдармен, фермерлермен, кәсіпкерлер одақтарымен, шағын және орта бизнестің өкілдерімен өзара шарт бойынша жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықтың біліктілігін арттыру, даярлау, қайта даярлау;
жұмыссыздардың кәсіпкер болу мүмкіндіктерін анықтау үшін, оларға кәсіптік бағдар және кеңестер беру;
жұмыспен қамтылмаған көпшілік тұрғындары, әсіресе жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметке тартуға ықпал ету.
Қоғамдық жұмыстар
Бүгінгі күнде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздарға, қоғамдық жұмыстар, уақытша жұмыспен қамтуды және еңбекақы алуды қамтамасыз етіп, еңбек рыногындағы жағдайды бәсеңдетуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар аймақтың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Қоғамдық жұмыстарға 2004 жылы 9300 жұмыссыз азаматтарды жіберуге жоспарланып отыр, олардың 50 пайызға жуығын ауыл тұрғындары құрайды. қоғамдық жұмыстар түрінің саны 27-ге жеткізіледі.
Қоғамдық жұмыстардың бұқаралық түрінің дамуынан басқа да көркейту, көгалдандыру, жол жөндеу, мәдени-әлеуметтік объектілерін тағайындау, үкіметтікі емес ұйымдармен қарым-қатынас шеңбері кеңейтіледі.
Арнайы қоғамдық жұмысқа (жалғыз басты қарт адамдарды күту, мүгедектерге көмек көрсету, мүгедек балаларға және аз қамтылған отбасылар балаларының бейімделуіне көмектесу, қиын жасөспірімдермен жұмыс атқару және тағы басқалары) қатысушылардың санын 1000 адамға жеткізу жоспарлануда. Жұмыс таппай жүрген тиісті білімі бар зейнеталды адамдар басымды болады, немесе тәжірибесі жоқ жастар.
Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу іс-тәжірибесі кеңейтіледі. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар іс-тәжірибесі алатын орындар, халықтың мақсатты тобына жататын жұмыссыздардың еңбекке бейімделуіне, мамандығы, немесе жұмыс тәжірибесі болмағандықтан жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген жастарға арналады.
Жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін
арттыру және қайта даярлау
Кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ең алдымен халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздардың санын азайтуға, жұмыс жасамайтын азаматтарды өнімді еңбекке тартуға әсер етеді. Ол үшін кадрлар даярлаудың еңбек рыногындағы сұраныспен сәйкестігін қамтамасыз ететін шаралар қолданылады. Жыл сайын жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау кәсіптер тізбесіне, жұмыс берушілердің қажетіне және аудан, қала, ауыл (кент) аумақтары әкімдерінің тапсырыстарына байланысты, түзетулер енгізіледі.
2004 жылы кәсіптік оқуға 3000 жұмыссыз азаматтар жіберіледі. Кәсіптік оқуға, қайта даярлауға, біліктілігін жетілдіруге жіберілген жұмыссыздардың 90% әлеуметтік нашар қамтамасыз етілген топтарды құрайды. Жас адамға кәсіпке ие болу, өз бетімен оңды өмір сүруге мүмкіндік алатындықтан, оқитындардың ішінде олардың саны 50% кем болмайды. Оқығандардың жартысына жуығы әйелдер.
Жұмыссыздарды кәсіби оқыту екі бағытта жүргізіледі:
жұмыссыздарды кәсіпорындардың кепілдемесіне қарай кәсіби дайындау;
жұмыссыздарды жеке жұмыс орнын ашу, өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында бизнестің негізіне оқыту және кәсіби даярлау.
Өндірістегі жағдайдың өзгеруіне, жұмыс берушілердің талаптарына сай жұмыс орындарында білім беру үшін, оқу мекемелерінің жоспарлары мен бағдарламалары қайта қаралады. қысқа мерзімде дайындау үшін, практикалық сабақтар санын көбейтіліп, "Жеке істі қалай ұйымдастыру керек" деген міндетті курс енгізіледі.
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, білім беру саласының оқу мекемелерінде, оқу комбинаттарында, біліктілікті жетілдіру курстарында облыстық бюджет қаржысы есебінен өткізіледі. Оқу мекемелерін іріктеу конкурс негізінде өткізіледі.
Әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың мақсатты тобын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, еңбек рыногындағы бәсекеге тұрақтылығы шамалы және халықтың мақсатты тобына жататын: 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және 23 жасқа дейінгі қараушысы жоқ тастандылар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар, жалғыз бастылар, зейнеталды жасындағылар, оралмандар, бас еркінен айыру орнынан босатылғандар, аз қамтылғандар және тағы басқа жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көзделеді.
Халықтың мақсатты тобына алғашқы кезекпен жұмысқа орналасу, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқуға бағыттау арқылы жәрдем көрсетіледі.
Халықтың мақсатты тобынан 2004 жылы 1800 жұмыссыздар жұмыспен қамтылуы жоспарланып отыр.
Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету
Жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, тиімді жұмыспен қамтуға жағдай жасауға, еңбек рыногында сапасын және бәсекеге қарсы тұру қабілетін, жұмыссыз жастардың санын нақты қысқартуға облысымызда мақсатты жұмыс атқарылуда.
Облыстық статистика басқармасының көрсеткіштері бойынша облысымызда 16 жастан 24 жасқа дейінгі жұмыссыздардың саны 19491 құрайды. Жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігінің төмендеудің негізгі факторы, кәсіптік білімінің және жұмыс тәжірибесінің болмауы.
Талдау бойынша, 2004 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда есепте тұрған 1200 жас адамдардың 4,7 пайызы жоғарғы білімді, 14,8 пайызы -арнайы орта, 4,3 пайызы бастауыш кәсіби. Жұмысқа орналасуы қатар жағдайлармен қиындаған, жұмыссыз жастардың жалпы санынан 60 пайызын ауыл тұрғындары құрайды: ауыл шаруашылық жұмыстарының мерзімдігіне, негізінде өз ауласында жұмыспен қамтылған еңбек күшінің артықтығынан, мамандығы бойынша жұмыстың болмауынан.
Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға 2004 жылы 7000 жас адамдар жүгінеді деп болжамдалуда, оның ішінен 4000 жұмысқа орналасуы, кәсіби даярлыққа 1700 жіберілуі және қоғамдық жұмысқа 1200 адам, оның ішінде 21 жасқа дейінгі 800 адам жоспарлануда.
Бірінші рет еңбек жолын бастап отырған жастардың жұмысқа орналасуына жағдай туғызу, жастардың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу саласында бірінші кезектегі мәселе және жұмыссыз жастардың қалған бөлігіне жұмыс іздеу кезеңін қысқарту.
Жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету және оны әлеуметтік еңбекке бейімдеу мақсатында төмендегі шаралар қолданылады:
бос және босаған жұмыс орындарына бірінші кезекте жастарды жұмысқа орналастыру;
балалар үйлерінде тәрбиеленгендерді, жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды алдын ала оқуына сәйкес лайықты жұмыс тауып берудің есебінен қоғамдық жұмыстарға жіберудің пәрменді шараларын қолдау;
оқу орындарымен байланыстарды күшейтіп, ол жерлерде жұмыспен қамту қызметі күндерін, "Ашық есік" күндерін өткізу. Еңбек рыногындағы жағдайлармен жастарды таныстырып отыру, қажетті кәсіпті, кәсіпкерлікке үйрену мүмкіндіктерін жасап, жұмысқа орналасуына, өз істерін ашуына көмек ету;
жұмыссыз жастарды 2-3 түрлі аралас кәсіп түрлеріне оқытып, біліктілігін арттырып отыру;
кәсіптік бағдар жасау қызметінің және психологиялық қолдаудың көлемін нығайту, оның ішінде Талдықорған аумақтық халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының негізінде құрылған жастарға кеңес беру, оқыту және жұмысқа орналастыру орталығының қызметін кеңейту;
жұмыс іздестіру клубтарында арнайы жастар тобын ұйымдастыру;
жастардың кәсіпкерлігін дамытуға, соның ішінде арнайы оқыту курстарын, жеке істерін ашуды ұйымдастыруға кеңес беру;
жастардың үкіметтік емес ұйымдарының жобасы бойынша қоғамдық жұмыстар өткізу. Жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ететін, салауатты өмір салтын, құқық бұзушылықты төмендететін әлеуметтік жобаларды қолдау;
жастар практикасын ұйымдастыру, еңбекке бейімдеу және өндіріске бекіту мақсатымен әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттау;
жастар бос және босаған жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу.
Ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ықпал ету
Еңбек сұранысының шектелуі, ауыл аймақтарының шашырап орналасқандығы, жұмыс күшіне мезгілдік сұраныс, ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірістік өнімдерінің бағасы сайма-сай келмеуі ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына керісінше әсер етеді.
Болжам бойынша 2004 жылы жұмысқа орналасуына ықпал ету үшін 15,5 мың ауыл тұрғындары жүгінеді, оның ішінде 7,0 мыңдайы жұмысқа орналастырылады. қажеттігіне қарай, жұмысқа орналастыру алдында, 1500-дей адам кәсіби даярлауға жіберілуі жоспарланып отыр.
Уақытша жұмыспен қамту мақсатында 6500-ге жуық ауыл жұмыссыздары ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысады.
Ауылдық жердің жұмыссыздарын әлеуметтік қорғау үшін және үш жылдық ауыл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар жоспарлануда:
ауыл шаруашылық өндірісін, оның жұмыс жасауына экономикалық жағдай туғызу, ауылдық жерде жаңа жұмыс орнын ашу арқылы тұрақтандыру;
ауыл тұрғындары арасынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру;
ауыл тұрғындарына шағын несие бөлу, жеке ісін ашуға дайындау арқылы кәсіпкерлікті, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау;
қоғамдық жұмысты дамыту, оның түрлерін кеңейту. Ауылды елді мекендерді көркейтуге, ауыз сумен қамтамасыз етуге, ішкі маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге, мәдениет үйлерін, кітапханаларды және т.б. қалпына келтіруге бағытталған арнайы жобаларды қоғамдық жұмыстар арқылы жүзеге асыру;
жұмыссыздарды ауыл шаруашылығына қажет - мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту, қайта даярлау, біліктілігін жетілдіру, тракторшыларды, комбайншыларды, фермерлерді, халық қол өнері бұйымдарын жасаушыларды, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпке қайта даярлау;
мерзімдік бос орын жәрмеңкесін, бос жұмыс орнының шағын жәрмеңкесін өткізу, шаруашылық жетекшілерімен кездесу, жұмысшыларды іріктеуге ықпал ету, кәсіби тұрғыдан кадрлар қажеттігін нақтылау.
Әйелдерді жұмыспен қамтуға ықпал ету
Болжам бойынша, 2004 жылы әйелдер еңбегіне деген сұраныстың төмендеу тенденциясы сақталады, жалпы жұмыссыздар қатарында әйелдердің саны өсе түседі. Жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарына 2004 жылы 16000 әйел жұмыс іздеп келуі жоспарлануда. Олардың 80 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылады.
Әйелдердің нарық талаптарына бейімделуіне ықпал ету, олардың қабілетінің еңбек рыногындағы бәсекеге сай болуы мына тұрғыдан қамтамасыз етіледі:
бос жұмыс орындары мен уәкілетті қызмет орындарына бірінші кезекте орналастыру;
ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы уақытша жұмыспен қамту;
жұмыста үзілістері болған әйелдердің білімін жетілдіру, қайта оқытуды ұйымдастыру арқылы еңбекке жарамдылығын оңалту, әсіресе, қызмет көрсету саласында және өзін өзі жұмыспен қамтамасыз ету үшін халықтың қол өнерін үйрету;
мамандық таңдауына кеңес беру;
өз бетінше жұмыс іздестіру тәсілдерін үйрету;
жұмыспен қамтамасыз етуді жоғарылату жөнінде бұқаралық шаралар өткізу.
Тарау 5. 5. Еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестік
5. Еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестік
Аймақтағы әлеуметтік-еңбек шиеленістерін төмендетуге әлеуметтік әріптестік жүйесі мүмкіндік жасайды. Облыс Әкімі мен Кәсіподақтар Одағы, облыс өндірісшілері мен кәсіпкерлері одағы арасында "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы" Заңына сәйкес жыл сайын келісім-шарт қабылданады. Ол жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға, халықты әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік әріптестіктің қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді. Келісім-шарт жұмыссыздарды жұмыспен қамту, " Халықты жұмыспен қамту" және " Қазақстан Республикасының еңбек туралы" заңдарының іске асырылуын бақылау шараларымен бірге, халықты еңбекпен қамту бағдарламасының орындалуын қадағалайды. Осы үш жақты шартты іске асыру үшін төмендегідей шаралар жоспарланды:
заңмен нақтыланған әр тараптың өкілеттілігі шеңберінде еңбек заңнамасының сақталуына бірлескен бақылауды қамтамасыз ету;
жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылып қалуына апарып соқтыратын, жұмыссыздықты өсіретін шараларды болдырмау;
жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруды көздейтін және соның негізінде жұмыссыздықтың деңгейін төмендететін нормативтік базаны жетілдіру;
мақсатты топтағы халықты жұмысқа орналастыруға ықпал ету, оларды бірінші кезекте жұмысқа орналасуын қамтамасыз ететін шараларды қолдану;
әлеуметтік, экологиялық, экономикалық маңызды бағыттар бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейтіп, дамуына ықпал жасап отыру;
бос орындар туралы берілген ақпараттарды талдау, оны жұмыспен қамтылмаған халыққа тез жеткізіп отыру;
ішкі еңбек рыногын қорғауды қамтамасыз етіп, шетелдік мамандардың аймақтардағы қажеттілігіне сай мақсатты түрде тартылуын бақылап отыру;
мемлекеттік кәсіпорындарды шетелдік инвесторлардың қарамағына немесе жекешелендіруге бергенде, міндеттемелерінде жұмыс орындарының сақталуын қарастыру.
Тарау 6. 6. Еңбек көші-қоны. Ішкі еңбек рыногын қорғау
6. Еңбек көші-қоны. Ішкі еңбек рыногын қорғау
2004 жылы белгіленген квота бойынша, атамекенге 655 отбасы көшіп келеді, олардың ішінде еңбекке жарамды мүшелеріне жұмыс қажет. Оралмандар еңбек рыногындағы жағдайға, жұмыс және тұрғын үй беру мүмкіншіліктеріне сәйкес орналастырылады.
Ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі қызмет аймақтық атқарушы және құқық қорғау органдарының тікелей қатысуымен және аймақтың болашақ дамуы мен еңбек рыногына қажетті білікті мамандардың болуына қарай жүзеге асырылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2004 жылы 420 шетел жұмысшыларын әкелуге квота белгілеу жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында қол қойылған шекараға шектес аудандарда ауыл шаруашылық жұмыстарында істеп жүрген еңбекші-көші-қондармен еңбек ету жағдайы және олардың әлеуметтік қорғау туралы келісіміне сәйкес, маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына 6430 қырғыз азаматтары келеді деп күтілуде.
Ұйымдардың шетелдік мамандарды тарту тиімділігін анықтаудың басты көрсеткіші олардың қосымша жұмыс орындарын ашуы және Қазақстан Республикасының азаматтары бірте-бірте шетелдіктерді алмастыратындай етіп, жергілікті адамдарға қазіргі заманғы технологияларды оқыту болып табылады.
Тарау 7. 7. Ақпараттық база
7. Ақпараттық база
Бүгінгі таңда жұмыспен қамтылудың ақпараттық базасы өз міндеттеріне толық жауап бере алмайды, моральдық жағынан ескірген және ол одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Сол себепті жұмыссыздарды есепке алып, тіркеу, әлеуметтік төлем есептеу, статистикалық есеп беруді құру, жұмыспен қамту ісі жөніндегі бөлімнің әртүрлі бағыттардағы автоматтандырылған мәліметтер банкісін даярлау үлкен қиындыққа ұшырауда.
Жұмыстық тиімділігін арттыру үшін жұмыс беруші мен жұмыссыз азаматтардың өзара әрекетін қамтамасыз ететін еңбек рыногын қалыптастыру жүйесін басқаруды, материалдық базаны нығайту және кең ауқымды ақпараттық технология мен ортаны құру қажет.
Уәкілетті органның барлық бөлімдерінің жұмысындағы ара қатынас байланыстарын арттыру үшін, олардың арасында электрондық байланыс орнату үшін, корпоративтік байланысқа кіріп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына шығу үшін, модем, телефондық жаңа жүйелер және компьютерлік жаңа техника қажет.
Тарау 8. 8. Қажетті қорлар және қаржыландыру көздері
8. Қажетті қорлар және қаржыландыру көздері
2004 жылғы халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шараларын облыстық бюджет қаржысының есебінен қаржыландыруды қарастырады.
Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету шығындары 367208 мың теңге құрады:
жұмыссыздарды оқытуға және қайта даярлауға - 108773 мың теңге;
ақылы қоғамдық жұмыста істегендердің еңбекақысына төлем - 258435 мың теңге.
Тарау 9. 9. Күтілетін нәтижелер
9. Күтілетін нәтижелер
Жоспарланып отырған шаралардың орындалуы 2004 жылы жалпы жұмыссыздық деңгейінің орташа есеппен 8,5%-ға төмендеуіне ықпал етеді.
12000 жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына себеп болады.
Қоғамдық жұмыстың 27 түріне 9300 адам жіберіледі.
Еңбек ресурстарының сапасы мен бәсекелестігін көтеруді қамтамасыз ететін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға 3000 жұмыссыз азаматтар жіберіледі.
Тіркелген еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2004 жылдың соңында 1,1% болады деп болжануда.
Еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы
Н.Бөлекбаева