О мерах по предупреждению и ликвидации природных пожаров в Западно-Казахстанской области на 2004 год Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылы Батыс Қазақстан облысында табиғи өрттің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19 "Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі Ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар. ППБ РК 08-97" қаулысын басшылыққа ала отырып, өрт қаупі кезеңінде адамдардың, шаруашылық объектілерінің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері заңнамаларда белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) орман алқаптарында өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) құрғақ шөптерді өртеу жөніндегі іс-шаралардың үйлестірілуін қамтамасыз етсін.
Поселкелік, селолық (ауылдық) округтердің әкімдері инженерлік және ауыл шаруашылығы техникаларының өрт қаупі күшті кезеңге әзірлігін қамтамасыз етсін, оларды өрт жағдайында іске тарту тәртібін айқындасын, жанар-жағар материалдарының қорын жасасын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) ормандарда өртке қарсы белдеулер мен орлардың жайландырылуы жөнінде іс-шаралар жүргізсін. Орман алқаптарында тұрғындар көп келетін учаскелерге отқа сақ болу қажеттігін ескертетін және өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы белгілер орнатсын;
Тармақша 2
2) өрт қаупі күшті кезеңге лауазымды адамдардың тәулік бойы кезекшілігін белгілесін, өртке қарсы бейімделген техникаларды әзірлік жағдайына келтірсін;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орман алқаптарында өрттен сақтандыру, оның қауіптілігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы түсінік жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда өрт қауіпі күшті кезеңде жеке адамдардың және транспорт құралдарының ормандарға кіруін шектесін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы:
Тармақша 1
1) аудандардың әкімдерімен бірлесіп өрт сөндіру мақсатына бейімделген техникаларымен ерікті өрт жасақшыларын құрсын;
Тармақша 2
2) өрт қауіпсіздігі жағдайы үшін мемлекеттік өрт қадағалау қызметін күшейтсін;
Тармақша 3
3) ормандар мен далалық жерлерде ірі өрттерді сөндіруге өртке қарсы бөлімдерді даярлау жөнінде қосымша шаралар алсын және қажет болған жағдайда Батыс Қазақстан облыстық ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту басқармасына көмек көрсететін болсын.
Тармақ 4
4. Төтенше жағдайлар жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық басқармасы ірі көлемдегі өрттерді сөндіруге облыстық қызметтердің, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрылымдарын тартсын.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облыстық көлік және коммуникация басқармасы, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының филиалы (келісім бойынша) автомобиль және темір жол бойларында орман қорғау өсімдіктері белдеуі жасалуын жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы төтенше жағдай жарияланған жағдайда облыстық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және болжанбаған шығындар үшін қаралған жергілікті атқарушы органдардың резервінен Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге, соның ішінде:
Тармақша 1
1) 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатымен облыс аумағында космостық мониторинг ұйымдастыру үшін;
Тармақша 2
2) 3 000 000 (үш миллион) теңге төтенше өрт қаупі бар аудандарға күштер мен құралдарды шұғыл жеткізуге, жанар-жағар материалдарын, жабдықтар алуға бөлсін.
Тармақ 7
7. Мекемелер мен ұйымдардың басшылары осы қаулыда көрсетілген іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін және 2044 жылғы 1 маусымға дейін қабылданған шаралар туралы ақпарат берсін.
Тармақ 8
8. Облыс әкімдігінің "Өрт қаупі бар кезеңге адам күштері мен құрал-жабдықтар әзірлеу туралы" 2002 жылғы 30 мамырдағы N 115 қаулысының (тіркеу N 1617) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.