Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в области на 2004 год Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылы облыста балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 70-ө өкімін іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2004 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Х.Х.Нұрғалиева), облыстық білім басқарма бастығының міндетін атқарушы (Қ.Б.Жұмашев) тиісті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Б.Б.Өтесінов), облыстық өртке қарсы қызмет басқармасы (Х.А.Маматов, келісім бойынша), Маңғыстау облыстық кәсіподақтар кеңесімен (И.А.Айналиев келісім бойынша) бірлесіп: ағымдағы жылда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуының және жұмыспен қамтылуының бағдарламасын әзірлесін және оны бекітсін; балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын, олардың құрамына кәсіподақ органдарының өкілдерін енгізсін; балалардың сауықтыру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етсін; оларды балалардың сауықтыру ұйымдарына жұмысқа жіберген кәсіпорындардың есебінен қызметші адамдарға бактериологиялық тексерілуін жүргізуді ұйымдастырсын; жетім балалардың, ата-аналардан қамқорынсыз қалған балалардың, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы мен жұмыссыздар отбасындағы балалардың демалысы мен сауықтырылуын бірінші кезекте ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін; мектептен тыс ұйымдардың жанынан лагерлер, стационарлық және мектеп жанындағы еңбек және демалыс лагерлерін ұйымдастырсын; еңбек заңнамасына сәйкес жазғы каникул кезеңінде жасөспірімдер үшін жеңіл жұмыс бойынша уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде шаралар алсын; жазғы каникул кезеңінде балалармен жұмыс істейтін барлық мектептен тыс ұйымдарды жұмыспен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарына өз қызметкерлері балаларының жазғы демалысы мен сауықтырылуын қаржыландыру мен оны ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық білім басқарма бастығының міндетін атқарушы (Қ.Б.Жұмашев): сауықтыру лагерлерінің қызметкерлерімен семинар мен балалардың денсаулығын қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқама ұйымдастырсын; жазғы каникул кезеңінде балалармен жұмыс істейтін барлық мектептен тыс ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етсін; барлық лагерь мен демалыс аймағын есепке алуды жүргізсін, оларды заңнамаға сәйкес лицензиялауды, бос және иесіз лагерьлердің болуына жол бермей, оларды толық пайдалануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С.К. Төралиев), облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментімен (Б.Б.Өтесінов) бірлесіп: балалардың сауықтыру лагерлерін медицина қызметкерлерімен жасақтасын,қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінің дәрі-дәрмек өнімдерін сатып алуына бақылауды қамтамасыз етсін; жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық жай-күйін тұрақты бақылауды жүзеге асырсын, олар орналасқан жерлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылықты қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін; санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сай емес үй-жайларда балалардың сауықтыру лагерьлерін ашуға жол бермесін.
Тармақ 7
7. Ішкі істер басқармасы (С.Г.Шахманов келісім бойынша): балаларды сауықтыру лагерлерінде балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және құқық тәртібін қамтамасыз етсін; жазғы каникул кезінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын азайтатын алдын алу шараларын қабылдасын.
Тармақ 8
8. Облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (Х.А.Маматов, келісім бойынша) жазғы мектеп каникулы басталғанға дейін балалар демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру орындарының өртке қарсы жай-күйін тексеруді жүргізсін, оларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар әзірлесін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макежановқа жүктелсін.
Басқа 10
Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 сәуірде № 112 қаулысымен бекітілген 2004 жылы облыста балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың ЖОСПАРЫ Рет№ Іс-шаралардың атауы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар 1. Барлық лагерлердің лицензиялауын жүзеге асыру және оларды толық пайдалану үшін шаралар қабылдау мамыр Облыстық білім басқармасы 2. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссиясын құру мамыр Облыстық білім басқармасы Қалалар мен аудандардың әкімдері 3. Ұйымдасқан демалысты қажетсінетін жұмыссыз, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы балалардың шектелген құрамын анықтау мамыр Маңғыстау облыстық кәсіподақтар кеңесінің қауымдастығы (келісім бойынша), Облыстық білім басқармасы 4. Балаларды сауықтыратын стационарлық сауықтыру лагерлерінің тізбесін жасау және оларда балалар сауықтыратын кәсіподақтық және ведомстволық шипажайын анықтау мамыр Маңғыстау облыстық кәсіподақтар кеңесінің қауымдастығы (келісім бойынша) 5. Қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінің білікті кадрлармен жасақталуына практикалық көмек көрсету мамыр Облыстық білім басқармасы Қалалар мен аудандардың әкімдері 6. Жазғы еңбек және демалыс лагерлеріндегі балалар арасында құқық бұзушылықты ескерту бойынша алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру маусым, тамыз Облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) Қалалар мен аудандардың әкімдері 7. Жазғы каникул кезеңінде спорттық секциялардың, үйірмелердің және бірлестіктердің жұмыстарын жандандырып, облыс мектептерінде туристік жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар өткізу маусым, тамыз Облыстық білім басқармасы Қалалар мен аудандардың әкімдері 8. Жазғы сауықтыру лагерлерінің қабылдануына, тамақтың сапасына, сумен қамтамасыз етілуіне, медициналық куәландырылуына және санитарлық-гигиеналық ережелері мен нормаларының сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету маусым, тамыз Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық санитарлық-эпидемиология лық қадағалау Департаменті 9. Жорықтар мен саяхаттарды ұйымдастыру және оларды өткізу кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маусым, тамыз Облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) 10. Облыстық, қалалық және аудандық газеттердің беттерінде, радио және теледидар хабарларында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс тәжірибелерді жазып көрсету маусым, тамыз Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) 11. 2004 жылғы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен олардың сауықтырылуын ұйымдастырудың қорытындысын және 2005 жылға арналған міндеттерді қарау қараша Облыс әкімінің аппараты Маңғыстау облыстық кәсіподақтар кеңесінің қауымдастығы (келісім бойынша)