Об организации и проведении единого национального тестирования выпускников организаций среднего общего образования Восточно-Казахстанской области в 2004 году Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысында 2004 жылы жалпы орта білім беретін ұйымдарды бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13-наурыздағы № 317 қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 18-наурыздағы № 1-04-3-1/592 хаты негізінде және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 21)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысында ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері жергілікті жерлерде ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В.Гречухинге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереже
ШҚО әкімиятының 2004 жылғы 25 мамырдағы № 474 қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысында ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оны өткізуге жәрдемдесу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2. 2. Негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
2. Негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) облыста ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысқа бақылау жасау;
Тармақша 2
2) ҰБТ ұйымдастыру және өткізуге қатысты мәселелер бойынша мүдделі органдар мен ұйымдар қызметін үйлестіру болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия мына мәселелерді шешеді:
Тармақша 1
1) санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес ҰБТ өткізілетін пункттер (бұдан қарай – ҰБТӨП) үшін үй-жай бөлуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) оқушылардың ҰБТӨП бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге арналған емтихандық материалдардың сақталуы мен тасымалдануын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетін үй-жайларға ҰБТ өтетін қалалар мен аудан орталықтарында мектеп бітірушілердің орналастырылуын бақылау;
Тармақша 4
4) мектеп бітірушілердің ҰБТӨП және жатар орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде ІІББ, АІІБ қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Комиссия:
Тармақша 1
1) мектеп бітірушілердің тамақтануының ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) мектеп бітірушілердің ҰБТӨП және жатар орындарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) мектеп бітірушілердің ҰБТӨП және жатар орындарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына;
Тармақша 4
4) оқушылардың ҰБТӨП бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздігіне;
Тармақша 5
5) балаларды тасымалдау үшін техникалық жарамды автобустардың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3. 3. Комиссия органдары
3. Комиссия органдары
Тармақ 6
6. Комиссияның төрағасы облыс әкімінің орынбасары, төраға орынбасары - облыстық білім департаментінің бастығы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссия төраға бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жасайды. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер бас басқармасының басшысы;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
Тармақша 4
4) Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
Тармақша 5
5) Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;
Тармақша 6
6) Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының басшысы кіреді. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның іс-әрекетіне жеке жауап береді. Төраға болмай қалған жағдайларда оның міндетін төраға орынбасары атқарады.
Тармақ 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 8
8. Өзінің міндеттеріне сәйкес Комиссия:
Тармақша 1
1) ұсынымдар әзірлеп, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа ұйымдардан сұрауға және алуға;
Тармақша 3
3) өз құзыретіне жатқызылған басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5. 5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 9
9. Комиссия өкілеттігінің мерзімі ҰБТ ұйымдастыру және өткізу қорытындысы туралы облыс әкіміне есеп берілгеннен кейін аяқталады. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі