2004 жылы аудан аумағындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау туралы Қолданыста
Басқа 0
2004 жылы аудан аумағындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1), 2) тармақшасына сәйкес әлеуметтiк төлемдердiң дұрыс тағайындауын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудан аумағындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдерiн тағайындау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдерiн тағайындайтын комиссиясы құрылып, құрамы аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ш. Закирьяновқа жүктелсiн.
Басқа 4. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк
төлемдерiн тағайындау
ҚАҒИДАСЫ
Май ауданы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 13 мамырдағы
"2004 жылы аудан аумағындағы
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтiк
қолдау туралы" № 72/1
қаулысымен бекiтiлген
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк
төлемдерiн тағайындау
ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылдың 26 наурыздағы "2003 - 2005 жылдарға арналған облыста кедейлiктi төмендету жөнiндегi бағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2004 жылға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес 2004 жылғы 24 ақпандағы 4/1 Май аудандық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген "Жергiлiктi уәкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк көмектi тағайындау" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлiк өнiмдерi түрiнде бiр реттiк көмек ұйымдастыру және кейбiр әлеуметтiк сұрақтарын шешетiн жағдайларға ақшадай қаржы бөлудi ұйымдастырады.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдер алуға құқықтары бар азаматтар:
Тармақша 1
1) аудан аумағындағы тұрмысы төмен атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасыларына трансферттер түрiнде қаржы бөлiп, оған картоп тұқымдарын сатып әперу;
Тармақша 2
2) аудан аумағында аз қамтылған, атаулы әлеуметтiк көмек алатын азаматтарға трансферттер түрiнде қаржы бөлiп, оған iрi қара мал, ұсақ мал қой сатып алу;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне 9 мамыр мерекесiне берiлетiн материалдық көмек ретiнде қаржылай бөлу;
Тармақша 4
4) Кеңес үкiметiнiң әскерiн Ауғанстаннан шығарғанына 15 жыл толуына орай, ауған соғысына қатысқан және мүгедектерге бiр жолғы әлеуметтiк материалдық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) Ақсай санаториясында емдеуден өту үшiн Көктөбе - Павлодар - Алматы және Алматы - Павлодар - Көктөбе бағытындағы жол шығындарын және аз қамтылған отбасылардың балалары және мүгедек балаларға, аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң жолдауы бойынша республика көлемiнде санаторияларға емделу үшiн жiберiлгендерге барып қайту жол ақыларын өтеу;
Тармақша 6
6) аудандағы тұрғындарды әлеуметтiк қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерiне қарттар күнiне бiр жолғы материалдық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) 6000 мың теңгеге дейiн зейнетақы алатын жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге және ең ауыр науқас мүгедек балалардың отбасыларына (3 адам) 2 тоннадан көмiр және 1 куб ағаштан алып беру;
Тармақша 8
8) көлiк шығындарын қайтару үшiн жыл iшiнде екi рет тұрғын орнынан аудан орталығына дейiн барып қайту қоғамдық көлiк құнын 100% туберкулезбен ауыратындарға өтеп беру түрiнде материалдық көмек көрсету;
Тармақша 9
9) аудандық жұмыспен қамту бөлiмiнде тiркеуде тұрған азаматтар кенеттен қайтыс болған жағдайда, олардың жерлеу рәсiмдерiн жасау үшiн бiр жолғы материалдық көмек жасалады;
Тармақша 10
10) тың игерудiң 50 жылдығына орай тың игеру кезiнде жұмыс жасап, қазiргi уақытта зейнетақы алатындарға бiр жолғы материалдық көмек көрсету;
Тармақша 11
11) аз қамтылған жалғыз басты азаматтарға және 6 одан көп 18 жасқа толған балалары бар жанұяларға ай сайын жарық жүйелерiнiң шығынын өтеп беру айына 50 квт;
Тармақша 12
12) 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға мүгедектер күнi қарсаңында бiр жолғы материалдық көмек ретiнде көмек көрсету және оларға мерекелiк шаралар ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) аудан бойынша соғыс ардагерлерiне ай сайын жарық жүйелерiнiң шығынын өтеп беру, айына 50 квт;
Тармақша 14
14) аудан бойынша соғыс ардагерлерiне абонент төлемдерiнiң 50% ай сайын өтеп беру үшiн қаржы бөлу.
Тарау 3. 3. Тағайындау тәртiбi
3. Тағайындау тәртiбi
Тармақ 3
3. Аудан аумағында тұратын тұрмысы төмен және атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылар өздерiнiң тұрғылықты жерлерiндегi ауыл әкiмдерiне iрi ұсақ қара мал немесе көкөнiс тұқымдарын қағиданың 1 қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.
Тармақ 4
4. Ауыл әкiмi жергiлiктi жердегi учаскелiк комиссиямен бiрiгiп, қағиданың 2 қосымшасына сәйкес өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексередi.
Тармақ 5
5. Тұрмысы нашар отбасыларының тұрмыс тiршiлiгiн тексерiп, тексерiс актiсiнде толық баяндап, әлеуметтiк көмек қажет ететiн азаматтардың тiзiмiн тексерiс актiсiне және салық төлеушiнiң нөмiрiн қосып, аудандық әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi комиссияның қарауына сәйкес жiбередi.
Бөлім 6
6. Бөлiм комиссиямен барлық құжаттарды қарастырып барып, әлеуметтiк төлемдердi тағайындайтын болады. Жергiлiктi жерлердегi ауыл әкiмдерi мен учаскелiк комиссия азаматтардың жеке шоттарына трансферттер түрiнде бөлiнген қаржыны дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалайды және арнайы комиссияға еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне толық ақпарат бередi.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмектiң түрi, яғни, iрi немесе ұсақ малмен көмек жасалған азаматтар, атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың қатарынан шығатын болады.
Тармақ 8
8. Аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң тапсырысы бойынша санаторияға демалысқа барып қайтқан аз қамтылған жанұялар балаларының жол шығындарының төленуi тiзiм арқылы және жол билеттерiнiң сомасы негiзiнде жасалады.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан бойынша халықты әлеуметтiк қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерiне - қарттар күнi қарсаңында бiр жолғы өтем-сыйақылар 1000 мың теңге көлемiнде берiлетiн болады.
Тармақ 10
10. Аудандағы туберкулезбен ауыратын адамдарға жылына екi рет тұрғылықты жерлерiнен аудан орталығына барып қайту үшiн еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне жол шығындарын растайтын және аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң тiзiмi бойынша науқастығына байланысты құжатты табыс ету арқылы жасалады.
Тармақ 11
11. Төменгi зейнетақы алатын зейнеткерлер мен ең ауыр науқас мүгедек балалардың жанұяларына берiлетiн көмек, жергiлiктi жерлердегi учаскелiк комиссияның берген қорытындысы негiзiнде және аудандық комиссияның шешiмi бойынша берiледi.
Тармақ 12
12. Зейнеткерлер мен мүгедектердiң тiзiмдерi мен қоса олардың салық төлеу нөмiрi қоса тiркеледi.
Тармақ 13
13. Аудан аумағында тұратын тұрмысы нашар отбасылары, егер олардың отбасыларының кiрiсi кедейшiлiк сызығынан аспаса, Қазақстан Республикасының азаматтары және белгiлi бiр кезеңге дейiн Қазақстан Республикасының азаматтығын алмағандардың да азаматтық алу процедурасын өтеушiлер көмек алуға құқығы бар. Осындай көмек алуға 18 жасқа дейiнгi балалармен тұратын, төмен зейнетақы алатын жалғыз басты азаматтардың да құқығы бар. әлеуметтiк жәрдемақы алуға тiлек бiлдiрушiлер учаскелiк комиссия төрағасы болып табылатын ауыл әкiмiнiң атына өтiнiш бередi. Ауыл әкiмi учаскелiк комиссиямен жәрдемақы алуға мұқтаж адамдардың материалдық жағдайын анықтап, аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар өтiнiш берушiлер мен учаскелiк комиссия құжаттарының дұрыстығына және жалған ақпарат болмауына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық жауап бередi.
Тармақ 14
14. Осы Қағиданың 2 бабы 1 тармағының 10,12 тармақшаларында көрсетiлген азаматтардың тiзiмi аудандық зейнетақымен қамту орталығымен салыстырма жасалып аудандық арнайы комиссия бекiтедi.
Тармақ 15
15. Әрбiр азаматтың салық төлеу және жеке шотының нөмiрi алынып бiр жылғы жәрдемақылар аударылатын болады.
Тармақ 16
16. Осы Қағиданың 2 бабы 1 тармағы 11, 13, 14 тармақшаларында көрсетiлген азаматтардың тiзiмдерi әрбiр селолық округтердегi учаскелiк комиссияның берген мәлiметтерi бойынша арнайы комиссия бекiтедi азаматтардың салық төлеу және жеке шот нөмiрлерi көрсетiлген тiзiмi негiзiнде ай сайын өтемақылар жасалады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк төлемдер нормативi
4. Әлеуметтiк төлемдер нормативi
Тармақ 17
17. Әлеуметтiк көмектi қажет етушiлерге, аз қамтамасыз етiлген отбасыларының мүшелерiне ауыл әкiмiмен келiсiм бойынша жеке тұлғаларға трансферттер түрiнде қаржы қаралады.
Тарау 5. 5. Тұрмысы нашар өте мұқтаж
отбасыларына төлемi тәртiбi
5. Тұрмысы нашар өте мұқтаж
отбасыларына төлемi тәртiбi
Тармақ 18
18. Трансферттер түрiнде жеке тұлғаларға бөлiнген қаржы "Казпочта" аудандық бөлiмi арқылы шоттарға аударылады.
Тарау 6. 6. Есеп және есеп беру
6. Есеп және есеп беру
Тармақ 19
19. Тұрмысы нашар отбасыларына әлеуметтiк бiр мезгiлдiк төлемдердi, атап айтқанда, осы Ереженiң пункттерiнде көрсетiлген тағайындау, есеп және есеп берудi жүргiзудi аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмi жүргiзедi. Жағдайды анықтау, алғашқы құжаттарды жинау және тiркеу, құжаттардың дұрыстығын тексеру жұмыстарын селолық округтер жанындағы мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң берiлуiн қарайтын және тағайындайтын учаскелiк комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Селолық округ жанындағы учаскелiк комиссия тұжырымына сәйкес барлық бiрiншi құжаттар аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне берiледi, есеп беру бөлiмi аудандық бюджеттен бөлiнген қаржы туралы есептi жүргiзедi және бағдарламаның орындалғаны туралы жоғары органдар алдында есеп бередi. Сондай-ақ қаржының толық игерiлгенi және дұрыс жұмсалғаны туралы жауап бередi.