Об организации отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в летний период 2004 года Қолданыста
Басқа 0
2004 жылғы жазғы кезеңде балалар
мен жасөспірімдердің демалысын,
сауықтырылуын және жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148 Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрлігінің 2003 жылғы 22 сәуірдегі «2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №70-ө өкіміне сәйкес және балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық дамуын ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың, бақылаусыз қалуының, құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында:
Тармақ 1
1. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссия қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) Жазғы маусымға уақытында әзірленуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
Тармақша 3
3) Балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын жергілікті бюджеттерде көзделген, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қаржылар шегінде ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 4
4) Бірінші кезекте жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүмкіндігі шектелген балалардың, аз қамтамасыз етілген, көп балалы, толық емес отбасылары балаларының демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (А.К.Молотовник) облыстық білім беру мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалардың қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылуын қаржылардыруды 2004 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген қаржылар есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев), облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) жазғы кезеңде барлық қосымша білім беру ұйымдарының, спорт ұйымдары мен ғимараттарының балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е.Әбілаев) еңбек заңнамасына сәйкес каникул кезеңінде жасөспірімдер үшін уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық туризм және спорт (В.Л.Громов) жазғы каникул кезеңінде балалар және жеткіншектер туризмін дамыту үшін жағдайлар жасасын.
Тармақ 7
7. Ішкі саясат департаменті (Б.Қ.Жұмабеков) жастар ұйымдарының балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын өткізуге қатысуына көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (С.Т.Сәтеков) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына тексеріс ұйымдастырсын, олардың орналасқан жеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайына, тамақтандыруды ұйымдастыруына қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасында бақылаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
Тармақ 10
10. Балансында қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері бар кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына:
Тармақша 1
1) Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен, сапалы тамақтануды қамтамасыз ететін азық-түлікпен, өрт қауіпсіздігі құралдарымен, спорттық және мәдени бұйымдармен қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Кәсіподақ комитеттерінің және еңбек ұжымдарының келісімен аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың балаларына арналған ақысыз жолдамалар мен құны жартылай төленетін жолдамалар санын анықтауға;
Тармақша 3
3) Облыстық білім беру департаментімен (Е.Н.Иманғалиев), облыстық денсаулық сақтау басқармасымен (Қ.Қ.ермекбаев), облыстық мәдениет департаментімен (Р.К.Омарбекова) бірлесе отырып қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін келісім-шарт негізінде білікті мамандармен жасақтауға назар аудару ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде балалар өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін:
Тармақша 1
1) Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.Қ.Ермекбаев) балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетуге, олардың сауықтырылуын ұйымдастыруға бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) спорт, ойын алаңдарының, туристік жорықтар, экскурсиялар, серуендер бағыттарының қауіпсіздігін тексеруді мезгілінде жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің бас басқармасы (В.М.Козлов-келісім бойынша) жазғы каникул басталғанға дейін балаларды демалту, сауықтыру және жұмыспен қамту ұйымдарының өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізсін және олардың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Облыстық судан құтқару қызметі (К.К.балмұханов) суға түсетін орындардың қауіпсіздігіне бақылау орнатсын;
Тармақша 5
5) Ішкі істер бас басқармасы (А.В.Кулинич – келісім бойынша) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балаларды сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етсін, жазғы каникул кезеңінде жолдар мен көшелерде балалар жарақаттануын азайту жөнінде алдын алу шараларын қабылдасын.
Тармақша 6
6) Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Б.Р.Аманов – келісім бойынша), кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қала сыртындағы лагерьлердің телефон байланысын және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясы (Ә.Ә.Әбдәкімов), «Индустриальная Караганда» (С.М.Кемелбаев), «Орталық Қазақстан» (М.С.Сембай) облыстық газеттерінің редакциялары бұқараралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысына, сауақтырылуына және жұмыспен қамтылуына әзірлік және оны өткізу барысын ұдайы жария етсін.
Тармақ 13
13. Облыс әкімінің 2003 жылғы 20 мамырдағы «2003 жылдың жазғы маусымында балалар мен жеткіншектердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №24 шешімінің күші жойылған деп танылсын (тіркелу № 1211 2003 жылғы 5 маусым 2003 жылғы 27 маусымдағы «Индустриальная Караганда» №71 (19847).
Тармақ 14
14. Аталмыш шешімнің орындау барысы туралы ақпарат 2004 жылғы 10 қыркүйек қарсаңында тапсырылсын.
Тармақ 15
15. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 29. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауықтырылуын
және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді
бақылау жөніндегі облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
2004 жылғы 26 мамыр
«2004 жылдың жазғы кезеңде
балалар мен жасөспірімдердің
демалысын, сауықтырылуын және
жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру туралы» №45 шешіміне
қосымша
Балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауықтырылуын
және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді
бақылау жөніндегі облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Тоғжанов -облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Ералы Лұқпанұлы
Тармақ 2
2. Иманғалиев -облыстық білім беру департаментінің бастығы,
Есенғазы Нұртөлеуұлы бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Бекшенова -облыстық «Қарағанды» қоғамдық балалар
Бағдат Мұхамедәліқызы қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Ермекбаев -облыстық денсаулық сақтау басқармасының
Қанат Қәртайұлы бастығы
Тармақ 5
5. Кулагина -облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала
Татьяна Петровна бөлімінің бас маманы
Тармақ 6
6. Сәтеков -мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
Серікбай Түгелбайұлы қадағалау департаментінің директоры
Тармақ 7
7. Самойлюк - білім беру және ғылым қызметкерлерінің
Татьяна Филипповна облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы
(келісім бойынша)