О правилах кредитования по солидарному финансированию по бюджетной программе "Кредитование для развития малого предпринимательства на местном уровне на 2004 год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2004 жылға арналған жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасын ниеттес қаржыландыру бойынша кредит беру ережелері туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған "2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасын ниеттес қаржыландыру бойынша кредит беру ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсiн.
Басқа 3. 2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасын ниеттес қаржыландыру бойынша кредит беру ҚАҒИДАЛАРЫ
Аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 20 мамырдағы "2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасын ниеттес қаржыландыру бойынша кредит беру ережелерi туралы"№ 157/5 қаулысымен бекiтiлген 2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасын ниеттес қаржыландыру бойынша кредит беру ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аталған қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 2002 жылғы 25 шiлдедегi "Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн ниеттес қаржыландыру негiзiнде несиелендiру үшiн заемшы банктердi анықтау мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Конкурс қорытындысы бойынша жеңiмпаздарға (екiншi деңгейдегi банктер) аудан әкiмдiгiмен әлеуеттi заемшыларды несиелендiру туралы (кредиттiк) келiсiм жасау құқы берiледi.
Тармақ 3
3. Конкурс ұсынған талаптарға сәйкес келетiн бiрнеше заемшы банк жеңiмпаз болуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Кредит ауыл шаруашылығынан басқа шағын кәсiпкерлiк пен басқа да әлеуметтiк маңызды салаларға 24 ай мерзiмге берiледi.
Тарау 2. 2. Әлеуеттi конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
2. Әлеуеттi конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Тармақ 5
5. Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бұрын алынған несие бойынша қарызының болмауы.
Тармақ 6
6. Конкурс өткiзу алдындағы соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң пруденциалды нормативтерiнiң сақталуы.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекiткен ең төменгi жарғылық және жеке меншiк капитал мөлшерi лимитiнiң сақталуы.
Тармақ 8
8. Аудан бюджетiне кредит ресурсын өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету мүмкiндiгi.
Тармақ 9
9. Бюджет қаражатымен 50/50 пайыз көлемiнде бiрлесiп қаржыландыру негiзiнде кредит беруге мiндеттi түрде қатысу.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздерi және төлем шарты
3. Қаржыландыру көздерi және төлем шарты
Тармақ 10
10. Қаржыландыру көзi аудандық бюджет болып табылады.
Тармақ 11
11. Орта мерзiмдi несие бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiне заемшы банктермен төмендегi шарттар бойынша берiледi:
Тармақша 1
1) қайтару;
Тармақша 2
2) төлем ақы;
Тармақша 3
3) жеделдiгi;
Тармақша 4
4) қамтамасыз етiлуi.
Тармақ 12
12. Тұрғындардың жеке ауласын несиелендiру бiрлесiп қаржыландыру шарты негiзiнде заемшы банктің жалпы сомасы 50% кем емес жеке меншiк қаражатының қатысуымен iске асырылады.
Тарау 4. 4. Әлеуеттi заемшылар мен заемшы банктерге кредит беру шарты
4. Әлеуеттi заемшылар мен заемшы банктерге кредит беру шарты
Тармақ 13
13. Шағын бизнес кәсiпкерлерiн несиелендiру "2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасына сәйкес, ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң, бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiнiң жазбаша ұсынымы бойынша iске асырылады (Экономика және кәсiпкерлiктi дамыту бөлiмi).
Тармақ 14
14. Аудандық бюджет қаражаты Заемшы - Банкке ставка сыйақысы бойынша ақылы негiзде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес берiледi.
Тармақ 15
15. Заемшы-банк сыйақының орташа ставкасы бойынша несиенi жеке меншiк және банктің заемды қаражатынан ұлттық валютамен (теңге) төмендегi ставка бойынша бередi: жылдық орта сыйақы ставкасы бойынша 12% артық емес орта мерзiмдi кредит, соның iшiнде: жылдық сыйақы 5,78% ставкасы бойынша бюджеттiк қаражат; банктiң заемдық қаражаты 18% жылдықтан артық емес.
Тармақ 16
16. Заемшы-банк несиелiк ұсынымға сараптама жасайды, заемшiге берiлетiн несиенiң көлемiнен 1,2-1,3 есе кем емес кепiл құнын анықтайды.
Тармақ 17
17. Заемшiге берiлетiн кредит активтермен, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған мiндеттеменiң орындалу нысанымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Тармақ 18
18. Бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiне әрбiр заемшi бойынша қаражат бөлуге өтiнiм жiбередi, өтiнiммен шарт көшiрмесi мен заемдi қайтару кестесi қоса берiледi.
Тармақ 19
19. Заемшы кредиттi мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда заемшы банктегi бюджеттiк несие де қайтарылады.
Тармақ 20
20. Заемшы банк бизнес жоспарды бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiнiң сараптама ұйғарымы болғанда қарайды.
Тармақ 21
21. Заемшы банктің бизнес жоспарды және несиелендiруге арналған басқа да құжаттарды қарау мерзiмi заемшiден құжаттар түскен күннен бастап 7 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Тармақ 22
22. Жоба сараптамасының қорытындысы қаралып және оны несиелендiру туралы шешiм қабылданған соң заемшы банк бағдарлама әкiмгерiне бюджет қаражаттың бөлiнуiне өтiнiм жiбередi.
Тармақ 23
23. Заемшы банк орта мерзiмдi несиенi 24 айға дейiн қайтару шартымен бередi.
Тармақ 24
24. Заемшы ай сайын есептелген пайыз бойынша соманы қайтарады, негiзгi қарыз тоқсан сайын тең бөлiнiп қайтарылады.
Тармақ 25
25. Кредит беру бюджеттiк бағдарлама әкiмгерi ұсынған және аудан әкiмдiгi бекiткен аудандық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Кредит берiлетiн валюта
5. Кредит берiлетiн валюта
Тармақ 26
26. Кредиттер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен берiледi.
Тарау 6. 6. Кредит беру мерзiмi
6. Кредит беру мерзiмi
Тармақ 27
27. Кредит бюджет қаражатының заемшы-банк есебiне аударылған сәттен бастап 24 айға дейiнгi мерзiмге берiледi.
Тарау 7. 7. Кредиттi қайтаруды қамтамасыз ету
7. Кредиттi қайтаруды қамтамасыз ету
Тармақ 28
28. Заемшы банктің қаражатты аудандық бюджетке қайтаруы әр айдың 5-де қарызды қайтарудың бекiтiлген кестесiне сәйкес iске асырылады (Агенттiк келiсiмге қосымша).
Тармақ 29
29. Заемшы банктің қаражатты аудандық бюджетке қайтарып бiтуi әрбiр заемшiге несие беру мерзiмi аяқталған соң заемшының қайтару қабiлетiне қарамай iске асырылады.
Тармақ 30
30. Берiлген кредит әлдебiр себептермен игерiлмеген жағдайда заемшi банк осы фактi анықталған сәттен бастап 5 күн iшiнде бағдарлама әкiмгерiн хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 31
31. Заемшi банктiң кiнәсінен мiндеттеменi орындау мерзiмi бұзылғанда бюджеттiк бағдарлама әкiмгерi заемшi банктің корреспонденттiк есебiнен бөлiнген қаражаттың сомасынан уақыты өткен әр күнiне 0,1% көлемiнде сөзсiз айыппұл алады.
Тармақ 32
32. Заемшi банк кредит беру тәртiбiнiң орындалмауына және ақшалай қаражаттың қайтарылуына өз активiмен материалдық жауапкершiлiк бередi.