О ставках платы за использование сенокосных угодий на землях государственного лесного фонда на 2004 год Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылға арналған мемлекеттік орман қоры аймақтарында пішен оруға жарамды жерлерді пайдалану үшін төлемдер мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі (Салық Кодексі) мен Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің нормаларын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орман қоры аймағындағы пішен оруға жарамды жерлерді пайдалану үшін төлем мөлшері бекітілсін (калькуляциясы қоса берілген).
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың "Орманды пайдаланғаны үшін 2002 жылға арналған төлемақылар туралы" 22 желтоқсан 2001 жылғы N 17-5 (тіркеу N 1291 12 ақпан 2002 жыл) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде пішен органы үшін ақы төлеуден Ұлы Отан соғысының ардагерлері, орман иелері және барлық санаттағы мүгедектер босатылсын.
Тармақ 4
4. Қалалық және аудандық мәслихаттарға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы N 1021 "Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың ережесін бекіту туралы" қаулысын пайдалану ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-2 Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес орманды пайдаланғаны үшін түскен қаражаттар жергілікті бюджетке жолдансын.
Тармақ 6
6. Oсы шешім 2004 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енсін.
Басқа 7. 1 га пішен оруға жарамды жерлерінің калькуляциясы
2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-22 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша 1 га пішен оруға жарамды жерлерінің калькуляциясы Мақалалардың атауы Сомасы, теңге 1 Пішен оруға жарамды жерлерді күзету 4-65 2 100 м немесе 500 ш/м = 0,05 ұзындық көлеміндегі өткен арсы іс-шараларымен байланысты пішен оруға жарамды жерлерді буландыру - дизельдік жылу 0,05 га х 18,5 л х 40 теңге 37 - дизельдік май 0,05 га х 0,55 х 100 2-75 3 Культивация: - дизельдік жылу 0,05 х 9,25 х 40 теңге 18-50 - дизельдік май 0,05 га х 27 х 100 теңге 1-35 4 5 та/см нормасы бойынша 4 разрядтағы трактористтің жалақысы 0-41 40 % осымша жалақысы 0-16 3 разрядтағы тіркемешінің жалақысы 0-40 5 3 сағаттың жолмен жұмыс орнына тракторды айдау 30-80 40 % осымша жалақы 12-32 6 Жалақыдан 18,8 % аудару 8-10 7 Жүк құжат шығымдары 19-90 8 орытындысы: 136-50 9 Пайда 13-50 10 орытындысы: 150 олмен ору аймақтарындағы пішен оруға жарамды жерлерді пайдалану бойынша төлемақылар 25 % төмендеген оруға жарамсыз аймақтарды тиімді пайдалану және өрт қаупінен сақтау үшін коэффициенттер қолданылсын: 10 км жоғары - 0,7 % төлем мөлшерлемесімен бекітілген; 15 км жоғары - 0,5 % төлем мөлшерлемесімен бекітілген; 20 км жоғары - 0.