О проведении смотра готовности крестьянских хозяйств и сельхозформирований к работе с ядохимикатами в летний период 2004 года Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылғы жазғы кезеңде улыхимикаттармен жұмысқа
шаруа қожалықтар мен ауыл шаруашылық құрылымдарының
дайындығына тексеру жұргізу туралы
"Зырян ауданында улыхимикаттарды сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайы туралы" "Зырян ауданы - Зырян қаласының МСІҚБ" ММ бастығының ақпаратын тыңдап, әкімият улыхимикаттарды жұмыстарында 78 шаруа қожалығы және ауыл шаруашылық құрылымы қолданады деп белгілейді. Тек 2003 жылы 29 мың гектар алаңында дәнді дақылдарды химикалық тазартуда 32 760 литр гербицид қолданған болатын. 2002-2003 жылдардың егін егу алдын алу науқанында 400 тонна бидай улыхимикаттармен уланған. МСІҚБ ММ улыхимикаттармен жұмыс қауіпсіздігі жөнінде тексеру жұзеге асырылған, оның барысында "Соловьевское" ӨК, "Дмитриев" ШҚ және "Березка" ШҚ санитарлық нормаларды және ережелерді бұзу анықталған болатын. 20 ауыл шаруашылық кәсіпорында арнайы қоймалардың жоқ болуымен улыхимикаттарды сақтау, бұл мақсатқа бейімделмеген ғимараттарда жұзеге асырылады. Шаруа қожалықтардың жартысы бұған арнайы рұқсаттары болмаса да, улыхимикаттарды сатып алады.
Зырян ауданы - Зырян қаласының ауыл шаруашылық құрылымдарында өсімдіктерді қорғау химиялық заттарды сатып алуға, сақтау және қолдануға, тасымалдауға есеп жұргізу жөнінде бақылауды тәртіпке салу, улыхимикаттармен жұмыс істеу ұшін тартылған тұлғалардың улыхимикаттармен улануының алдын алу, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабымен жетекшілік етіп, суға, топыраққа пестицидтердің қалдық мөлшерінің әсер етуінен айналадағы ортаны қорғау жөнінде шаралар кешенін орындау мақсатпен әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы жазғы кезеңде улыхимикаттармен жұмысқа шаруа қожалықтар мен ауыл шаруашылық құрылымдардың дайындығына тексеру жұргізсін.
Тармақ 2
2. 2004 жылғы жазғы кезеңде улыхимикаттармен жұмысқа шаруа қожалықтар мен ауыл шаруашылық құрылымдардың дайындығына тексеру жұргізу туралы Ереже бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 3
3. Зырян ауданы - Зырян қаласының МСІҚБ ММ (Садықов Қ.Ұ) ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасымен (Раймбеков Е.К.) бірлесіп, 2004 жылғы жазғы кезеңде улыхимикаттармен жұмысқа шаруа қожалықтар мен ауыл шаруашылық құрылымдарға тексеру жұргізу Ережеге сәйкес дайындығына тексеру жұргізу жөнінде ұйымдастыру шаралар жұргізсін.
Тармақ 4
4. Зырян ауданы - Зырян қаласының МСІҚБ ММ (Садықов Қ.Ұ) ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасымен (Раймбеков Е.К.) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен 1999 жылғы 15 ақпанда N 6.01.003.99 бекітілген, өсімдіктерді қорғау химиялық заттарды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнінде санитарлық ережелердің және нормалардың талаптарын орындамайтын лауазымдық тұлғалар мен азаматтарға әкімшілік әсер ету шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. МСІҚБ бастығы Қ.Ұ. Садықовқа - осы қаулыны орындау жөнінде тексеруді өткізу қорытындылары туралы ақпаратты Зырян ауданы - Зырян қаласының әкім аппаратына 2004 жылғы 15 шілдеге дейін жіберсін.
Тармақ 6
6. Қаулыны орындауға бақылау жұргізу Зырян ауданы - Зырян қаласының әкім орынбасары М.Ғ. Оспановқа ж ктелсін.
Келісілді
ҚР АШМ Аудандандық аумақтық
Басқармасының бастығы Раимбеков Е.К.
Басқа 7. 2004 жылғы жазғы кезеңде улыхимикаттармен жұмысқа
шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарының
дайындығына тексеру жұргізу туралы
Зырян ауданы - Зырян қаласының
Әкімият қаулысына қосымша
2004 жылғы 8 маусымдағы N 770
2004 жылғы жазғы кезеңде улыхимикаттармен жұмысқа
шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарының
дайындығына тексеру жұргізу туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы ереже Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен 1999 жылғы 15 ақпанда N 6.01.003.99 бекітілген, өсімдіктерді қорғау химиялық заттарды сақтау, тасымалдау және қолдану жөнінде Санитарлық ережелер мен нормалардың негізінде әзірленген.
Шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарында дайындықты тексеру кезеңінде айналадағы ортаға және жұмыс барысында (сақтау, тасымалдау, қолдану) онымен байланыста болған тұлғалардың денсаулығына зиянды әсер етуге жол бермеу мақсатпен өсімдіктерді қорғау химиялық заттармен жұмыс жағдайына тексеру жұргізіледі.
2004 жылғы жазғы кезеңде улыхимикаттармен жұмысқа шаруа қожалықтардың дайындығын тексеру Зырян ауданы - Зырян қаласының мемлекеттік санитарлық - індеттік қадағалау басқармасымен Ауыл шаруашылық аудандық аумақтық басқармасымен бірлесіп жұргізіледі.
Тарау 2. 2. Дайындығын тексеру объектілерге қойылатын талаптар
2. Дайындығын тексеру объектілерге қойылатын талаптар
2. 1 Улыхимикаттарды сақтау ұшін ғимараттың (қойманың) және оған санитарлық төлқұжаттың болуы.
2. 2 Зырян ауданы - Зырян қаласының мемлекеттік санитарлық - індеттік қадағалау басқармасымен келісілген улыхимикаттармен жұмысқа болжамды тізбектің болуы.
2. 3 Жеке қорғау заттардың болуы: көз әйнек, резеңке етік, алшалғыштар, жеңдіктер, улыхимикаттармен жұмыс істеуге арналған арнаулы киім.
2. 4 Улыхимикаттармен жұмысқа рұқсаттың медициналық қорытындысының болуы.
2. 5 Улыхимикаттармен жұмыс туралы халықты хабарландыру ұшін аншлагттың болуы.
2. 6 Улыхимикаттарды тасымалдауды жұзеге асыратын көлікке санитарлық төлқұжаттың болуы.
2. 7 Зырян ауданы - Зырян қаласының мемлекеттік санитарлық - індеттік қадағалау басқармасымен келісілген улыхимикаттарды қолдану бойынша технологиялық жоспардың болуы.
2. 8 Улыхимикаттармен жұмыс істейтін тұлғаларды гигиеналық оқытуды жұргізуді растайтын құжаттардың болуы.
Тарау 3. 3. Дайындықты тексеруді жұргізу мерзімі
3. Дайындықты тексеруді жұргізу мерзімі
Шаруа қожалықтар мен ауыл шаруашылық құрылымдардың дайындығын тексеру 2004 жылғы 10 маусымнан 15 шілдеге дейін жұргізіледі.