О создании областной комиссии по содействию в организации работы по проведению единого национального тестирования в 2004 году Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ету жөніндегі облыстық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы "Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізу туралы" № 317  қаулысының  5 тармағына сәйкес облыс Әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. 2004 жылы Бірыңғай Ұлттық тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ету жөніндегі облыстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ және оның құрамы бекітілсін (№1, №2 қосымшалар).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 4
Алматы облысы Әкімдігінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына №1 қосымша Ұлттық бірыңғай тестілеуді даярлау мен өткізуге ықпал ету жөніндегі облыстық (қалалық, аудандық) комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді даярлау мен өткізуге ықпал ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) облыс (қала, аудан) Әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесуші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 13-наурызындағы "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" №317  қаулысын , басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері мен өкілеттігі
2. Негізгі міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 3
3.   Комиссияның негізгі міндеттері: - осы облыста (қала, ауданда) Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізу жұмысын бақылау; - ҰБТ-ді ұйымдастыру мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру.
Тармақ 4
4.   Комиссия: - ҰБТ өткізу орталықтарына санитарлық нормалар мен ережелерге (СНИТ) сәйкес үй-жай бөлуді ұйымдастыруға; - мектеп бітірушілерді тестілеу пункттеріне дейін және кері қарай МАИ инспекторларының бақылауымен жеткізуді қамтамасыз етуге; - ҰБТ өтетін қалаларда, аудан орталықтарында мектеп бітірушілерді санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетін үй-жайларға орналастыруға; - мектеп бітірушілер тұратын үй-жайды қажетті жұмсақ және қатты жићаздармен безендіруге; - ҰБТ өтетін пункттерде және мектеп бітірушілер тұратын үй-жайларда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін ҚІІБ, АудІІБ қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешеді.
Тармақ 5
5. Комиссия: - мектеп бітірушілердің тамақтануын ұйымдастыруға; - ҰБТ өтетін пункттерде және мектеп бітірушілер тұратын үй-жайларда медициналық қызметтің ұйымдастырылуына; - ҰБТ өтетін пункттерде және мектеп бітірушілер тұратын аумақта санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың сақталуына; - ҰБТ өтетін пункттерге барарда және кері қайтарда балалар қауіпсіздігінің сақталуына; - балаларды тасымалдауға бөлінген автобустардың техникалық жағынан дұрыс болуына бақылауды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Комиссия органдары
3. Комиссия органдары
Тармақ 6
6. Облыс (қала, аудан) Әкімінің орынбасары комиссия төрағасы, облыстық білім басқармасының (Департаментінің) бастығы (қалалық, аудандық ББ меңгерушісі) оның орынбасары болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссия, төраға бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Комиссия құрамына: - облыстық (қалалық, аудандық) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы; - облыстық (қалалық, аудандық) ішкі істер басқармасының басшысы; - облыстың (қалалық, аудандық) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері; - облыстық (қалалық, аудандық) денсаулық сақтау басқармасының басшысы; - облыстық (қалалық, аудандық) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау станциясының басшысы; - облыстық (қалалық, аудандық) көлік және коммуникациялар департаментінің басшысы кіреді. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмай қалған жағдайда оның функциясын төрағаның орынбасары атқарады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 8
8. Өзінің міндеттеріне сәйкес комиссия: - өзінің өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша облыс Әкіміне кепілдемелер жазып беруге және ұсыныстар енгізуге; - мемлекеттік және басқа ұйымдардан заңда белгіленген тәртіппен комиссия міндеттерін жүзеге асыруға қажетті материалдарды сұратып алуға; - өз өкілеттігіне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметін тоқтату
5. Комиссия қызметін тоқтату ҰБТ-ді ұйымдастыру мен өткізу қорытындылары туралы есеп облыс (қала, аудан) Әкіміне тапсырылғаннан кейін комиссия өкілеттігінің мерзімі аяқталады.
Басқа 18
Алматы облысы Әкімдігінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына № 2 қосымша 2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ету жөніндегі облыстық комиссияның құрамы: Долженков В.А. - облыс Әкімінің бірінші орынбасары, төраға Мұқанов С.М. - облыс Әкімінің кеңесшісі, төраға орынбасары Естенов Т.Е. - облыстық білім департаментінің директоры, төраға орынбасары Комиссия мүшелері: Бекмұхамбетов Н.Н. - Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы Қасымов К.К. - облыстың ІІББ бастығы Идигов А.С. - облыс Әкімі баспасөз қызметінің бастығы Дүйсекеев А.Д. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Дүрімбетов Е.Е. - облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Көпбаев Т.К. - Көлік департаментінің бас директоры міндетін атқарушы Мейрамбаев Ж.А. -   облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры