Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 2004 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "2003-2005 жылдардың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын жоне жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 70-ө өкімін орындау және 2004 жылғы жазғы каникул кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылығы мен қылмыс жасауының алдын алу, балалардың денсаулығын, қауіпсіздігін нығайту және шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27- бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері, «Облыстық білім басқармасы» ММ (Н. Мұхлисов):
Тармақша 1
1) жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдер демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын жергілікті бюджеттерде балалар мен мәдени іс-шаралар өткізуге көзделген қаражат есебінен ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) бірінші кезектегі тәртіппен жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар, көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар балаларының, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, мүгедек және даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың демалысы меи сауықтыруларын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс ұйымдар жанындағы күндізгі уақыттағы лагерьлерді, еңбек жоне демалыс лагерьлерін, мектеп орманшылығын көркейту және көгалдандыру жөніндегі жасақтарды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. 2004 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қоса беріліп отырған облыстық комиссия құрамы бекітілсін (№ 1 қосымшаға сәйкес).
Тармақ 3
3. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ (А. Ж. Аманбаев) балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін облыстық мемлекеттік білім беру саласының мекемелері мен кәсіпорындарына № 2 қосымшаға сәйкес 5775,0 мың. теңге бөлсін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға № 2 қосымшаға сәйкес 6225,0 мың теңгедсн құралған қаржыны жергілікті бюджеттен бөлуді қарастырсын.
Тармақ 5
5. «Облыстық мәдеңиет басқармасы» ММ (Е. Қалиев) балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын өткізуде мәдениет ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы» ММ (М. Нүкенов):
Тармақша 1
1) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балалардың сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жазғы каникул кезеңдерінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын азайтатын алдын алу шараларын қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Облыстық денсаулық сақтау» басқармасы ММ (Н. Шомбалов): сауықтыру лагерьлерін медицина қызметкерлерімен жасақтасын.
Тармақ 8
8. «Облыстық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы» ММ (Қ. А. Әлжанова)
Тармақша 1
1) жазғы лагерьлердің санитарлық-гигиениялық жай-күйін тұрақты бақылау жүзеге асырылсын, олар орналасқан жерлердегі санитарлық- эпидемиологиялық қолайлылықты қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетудің, оларды тамақтандыру мен сауықтырудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Облыстық туризм және спорт басқармасы» ММ (М. Скендиров):
Тармақша 1
1) жазғы кезеңде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге спорт ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдер үшін спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс- шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. «Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы» ММ (С. Құлымбетов): бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысына, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына дайындық пен оларды өткізу барысының жариялануын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 11
11. «Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы» ММ (Н. Әділов):
Тармақша 1
1) балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру орындарының ортке қарсы жай-күйін тексеруді жүргізсін;
Тармақша 2
2) өрт кауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар әзірленсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімініц бірінші орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 24
№ 1- қосымша Облыс әкімиятының 2004 ж. «18» маусымдағы № 147 қаулысымен бекітілген 2004 жылғы жазғы кезенде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстык комиссия құрамы Аманкелді Қабашұлы Есіркепов - облыс Әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Күлпаршын Алпысбайқызы Айдарханова - облыстық «Ақтөбе» қорының төрайымы (келісім бойынша) Жолдымүрат Ермұханұлы Аманбаев - «Облыстық қаржы басқармасы» ММ бастығы Нұраш Ақниязұлы Әділов - «Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы» ММ бастығы Құралай Әнуарқызы Әлжанова - «Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» ММ бастығы Еркеш Әдиетұлы Қалиев - «Облыстық мәдениет басқармасы» ММ бастығы Сексенбай Құлымбетұлы Құлымбетов - «Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы» ММ бастығы (келісім бойынша) Диас Қалауұлы Құлшаров - облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Нұрлан Көшкінбайұлы Мұхлисов - "Облыстық білім басқармасы" ММ бастығы Маратқали Ордабайұлы Нүкенов - "Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы" ММ бастығы (келісім бойынша) Бекбол Ғүбайдуллаұлы Сағын - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Мұратбек Нүрмаганбетұлы Скендіров - "Облыстық туризм және спорт басқармасы» ММ бастығы Нұржан Махмұтұлы Шомбалов - "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығы
Басқа 25
Облыс әкімиятының 2004 ж.«18» маусымдағы № 147 қаулысына 2- қосымша Балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша қаржы бөлу № қ/с Ұйымдардың атауы Бағдарлама Сомасы мың. теңге "Облыстық білім басқармасы" ММ 1 Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты 4-101 740,0 - "Тамды қосалқы мектеп-интернаты" ММ 370,0 - "ЖайсаңДМШ балалар үшін мектел-интернаты'' ММ 370,0 2 Мектеп-интернаттар 4-103 4210,0 - "Алға жетім балалар үшін мектеп-интернаты" ММ 4210,0 3 "Мемлекеттік мекемелер кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау" МК ("Дарын" бөлімі) 13-0 325,0 4 Мектептен тыс мекемелер. 8-101 500,0 -"Облыстық жас туристер стансасы" МК 500,0 Барлығы 5775,0
Басқа 26
Облыс әкімиятының 2004 ж. «18» маусымдағы № 147 қаулысына 3- қосымша Балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттер бойынша қаржы бөлу № қ/с Ұйымдардың атауы Бағдарлама Сомасы мың. теңге Аудандық білім бөлімдері Мектептен тыс ұйымдар 8-101 1 Ақтөбе қаласы 1895,0 2 Әйтеке би 280,0 3 Алға 380,0 4 Байғанин 330,0 5 Ырғыз 330,0 6 Қарғалы 230,0 7 Қобда - 230,0 8 Мәртөк 230,0 - Яйсанская ПШ №13 11-100 260,0 9 Мүғалжар 8-101 430,0 10 Ойыл 290,0 11 Темір 430,0 12 Хромтау 430,0 13 Шалқар 480,0 Барлығы 6225,0